Еркін түсу. Еркін түсу үдеуі

Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика математикалық мектеп интернаты
физика пәнінің мұғалімі
Доскеева Ақгүл Мұстафақызы

9 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Еркін түсу. Еркін түсу үдеуі.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Дененің еркін құлауын және оның заңдылықтарымен танысу. Вертикаль төмен немесе жоғары лақтырылған денелердің қозғалысын қарастыру. Еркін түскен денелер үшін негізгі формулаларды қорыту. Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, еркін түсу үдеуін Xplorer GLX құрылғысымен тексеру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздерін ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.

Тәрбиелік мақсаты: топпен, жұмыспен жұмыс жасай отырып сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін арттыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру және ұштай білу, топтарда, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Көрнекіліктер: бағалау парағы, доп, бор, Xplorer GLX, PASPORT, қозғалыс сенсоры, тұрғы, өлшегіш лента, қос қысқыш.

Сабақтың әдісі: зерттеу жұмысы, сұрақ жауап. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы (қызығушылықты ояту, ой толғаныс, мағынаны ажырату );

.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (топқа бөлу, сергіту сәтін өткізу)

ІІ. Қар үйіндісі (Ситуациялық, логикалық сұрақтар , суретке қарап болжау)

IV. Автор орындығы

V. Өз ойыңды жалғастыр

VI. Соңғы сөзді мен айтайын

VII. Қорытындылау

 

ІІ. Қар үйіндісі: Логикалық сұрақтар

  1. Саған мынадай құралдар берілсін: сағат, қағаз, қалам,тас. Осы құралдар арқылы Мостының биіктігін анықтау мүмкін бе?

2. Тік жоғары лақтырылған дененің көтерілу биіктігі 4 есе артуы үшін, бастапқы жылдамдықты неше есе арттыру керек?

3. Допты тік жоғары лақтырғанда ұл бала қыз балаға қарағанда допқа 1,5 есе артық жылдамдық береді. Ұл бала лақтырған доп неше есе артық биігірек көтеріледі?

  1. Суреттер сыры (суретке қарап болжау )

  1. 2)

3) 4)

  1. Қызықты сұрақтар:

  • Галилей Пиза мұнарасындағы тәжірибесін неге екі рет қайталады

  • Турист АҚШ тағы Найлс қаласында Пиза мұнарасының жанында суретке түсті. Бұл шындыққа жанаса ма?

  • Пиза мұнарасының 9 қабатында тұрып Галилей тәжірибесін қайталағанда неге тәжірибе орындалмайды

  • Пиза мұнарасында қанша баспалдақтар бар

  • Еркін түсу үдеулері ендіктерге байланысты қалай өзгереді?

  • Еркін түсу үдеуі ауасыз кеңістікте бірдей уақытта түсетінін тәжірибе жүзінде анықтаған ғалым кім?

ІІІ. Автор орындығы (Эксперимент жасау )

Бұл кезеңде әр топ дененің еркін түсу үдеуін анықтау керек. Дененің графигін көрсету керек. Қай топ бірінші болып еркін түсу үдеуінің мәнін есептеп болады, сол топ оқушылары орындыққа барып отырады.

Шолу: Жерге түсіп ұшқандағы доптың қозғалысын зерттеу үшін қозғалыс сенсорын қолданыңыз. Доптың жылдамдығын, орын ауыстыру сараптамасын және көру қозғалыстарын жазу үшін Xplorer GLX қолданыңыз. Доптың үдеуін табу үшін жылдамдықтың уақытқа тәуелді сызбасын пайдаланыңыз.

Xplorer GLX 3) Экспериментті орындау тәртібі GLX орнату
1. GLX ( ) қосыңыз және еркін түсу тақырыпты GLX орнату файлын ашыңыз (осы жаттығудың соңындағы қосымшаны тексеріңіз).
• Сызба экраны орын ауыстырудың (м) уақытқа (с) тәуелді сызбасын ашады. Орнату файлы 40 Гц-қа ретке келтірілген (40 1 секундтағы өзгергені).
• GLX жоғарғы жағындағы орындардың біреуімен қозғалыс сенсорын жалғаңыз. Жоғары бөліктегі қозғалыс сенсорын «алыс» (адам) позициясына диапазон ауыстырғышымен жылжытыңыз.

Құрылғыны орнату
1. Еденнің жазық екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Егер жазық болмаса, онда еденге қатты жазықтық қойыңыз, оның шеттері түзу болу үшін қағаздың бөліктерін қойыңыз.
2. Сенсор еденнен 1,5 м болатындай етіп өзекшедегі қозғалыс сенсорының позициясын ретке келтіріңіз. Сенсорды еденге бағыттаңыз.
3. Допты қозғалыс сенсорынан төмен лақтыру үшін дайын болыңыз. Допты бағыттаушы және үлкен саусақтармен ұстаңыз, бірақ қозғалыс сенсорына дейінгі арақашықтығы 15 см-ден аспауы керек..
4. Берілгендер жиынын бастау үшін Стартты басыңыз. Допты тастаңыз. Доп еденнен бірнеше рет секірсін.
• Ескерту.: Допты лақтырғаннан кейін қолыңызды алыңыз.
5. Еденнен бірнеше рет секіргеннен кейін берілгендер жиынын жазу үшін басыңыз.
4) Сараптама: Сызба экраны жазық жерде секірген доптың “айналы көрінісін” көрсетеді.
1. Жылдамдық сызбасын көрсету үшін сызба экранын өзгертіңіз. Сызба экранында көлденең ось үшін жазуларды белсендіру мәзірінен басу. Мәзір ашылу үшін басыңыз. ‘Көбірек’ таңдаңыз, ‘Жылдамдық’ таңдап оның ашу үшін басыңыз. Сіздің таңдауыңызды белсендіру үшін басыңыз.
2. Жылдамдық сызбасынан бір уақытта доптың жылдамдығы оң (абсцисса осінен жоғары) ал келесіде теріс(абсцисса осінен төмен) екенін байқауға болады. Қозғалыс сенсоры өзіне дейінгі қозғалысты теріс деп, ал өзіне қарсы күшті оң деп түсінді.
3. Сызбадағы секірудің басы болатын нүктесіне тышқанды апару үшін оңға-солға бағыттауышын қолданыңыз.
4. ‘Құрал-саймандар’ мәзірін ашу үшін F3 басыңыз, ‘Сызықтық аппроксимация’ таңдаңыз және белсендіру үшін басыңыз. Сызбада тек бір секіруге сәйкес келетіндей етіп түзу сызықты аппроксимацияның аралығын ретке келтіру керек. (‘Құрал-саймандар’ мәзірінен ‘Курсорды ауыстыру’ таңдап, басыңыз.)
• Түзу сызықты аппроксимацияның еңісі – бұл ауадағы доптың үдеуі.
Сонымен, берілген эксперименттік тәжірибеден жылдамдықтың уақытқа тәуелді графигін көре алдық, соған қоса үдеудің де шамасын таба аламыз.

Өз ойыңды жалғастыр

  1. Еркін түсу үдеуін………әрпімен белгілейміз

  2. Дене вертикаль жоғары көтерілу үшін оған белгілі бір ………. жылдамдық беру керек

  3. Дененің еркін түсу үдеуін италян ғалымы ………. зерттеген.

  4. Дененің бастапқы жылдамдығы ʋ0 =0 болғанда биіктігі ……….

  5. Дененің көтерілу уақытын t=……. Мына формуласымен табуға болады.

  6. Дененің биіктігін анықтау үшін ……. Мына формуланы қолданамыз.

Есептер шығару қажет :

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Тас құдықтың түбіне 6 сек-та жетсе, онда оның тереңдігі неге тең?

 

  • 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілу биіктігі қандай?

 

  • 25 м биіктіктен дене еркін құлап түсті. Дененің жерге түсу уақыты қандай?

 

 

VI. Соңғы сөзді мен айтайын…….

Оқушылар сабақ соңында әрбір бағытты толтыру қажет. Соңғы сөзді айтып қорытындылау керек.

VII. Қорытындылау . Бағалау.

Бағалау парағы

 

Топтың аты

Қар үйіндісі

1 ұпай

Ыстық орындық

1 ұпай

Өз ойыңды жалғастыр

1 ұпай

Автор орындығы

5 ұпай

Соңғы сөзді мен айтайын

1 ұпай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше