Без рубрики

Еңбек қорлары

Ақтөбе обл. темір ауд. Қопа селосы
Қопа орта мектебінде Қаржы пәнінің мұғалімі
Барсаев Жамбыл Дүйсенбіұлы

Күні: __________
Сыныбы:
7 сынып

Сабақтың тақрыбы: «Еңбек қорлары ».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Еңбек қорларына не жататынын, жалпы адам өмірі үшін еңбектің қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушыларға еңбектің қоғамға пайдалы екенін, рухани құндылықтар әкелетін қажеттілігі екенін сезіндіру.
Тәрбиелік: Әр адамның өзіне мамандық таңдай білуі, сол кәсібіне сәйкес, мүмкіндігіне орай еңбек қорын толықтыра алатын белсенді мүшесі болатындығын жете түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.(жарыс, жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру,бірлескен ұжымдық әрекет.

Сабақтың көрнекілігі: Таблицалар, слайттар6 есептер, суреттері, схемалар баспасөз материалдары.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет,география, математика, .

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

I тур. Аттаныс.

Екі топка 5 сұрақтан сұрақ қою.

1 топ. 1.

1. Елдің айналымдағы ақша бірлігі.

 

2. ҚР-ның ұлттық валютасы.

 

3. Инфляция.

 

4. Өндіруші.

 

5. Экспорт.

 

 

2 топ.

1. Ревальвация.

2. Банкнот.

3. Девалваци.

4. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.

5.Импорт.

 

Екі топқа ортақ сұрақ.

Садақ ату кезеңі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2012 жылы 7 қаңтарда қандай ұлы қайраткердің туғанына 100 жыл толуына байланысты 50 теңге мен 500 теңгелік ескерткіш монеталарды айналысқа шығарды

Жауабы. Д. Конаев

 

 

II тур. Беталыс.

Бұл турда ұлы тұлғалардың еліміздің қай ақша бірліктерінде суреттері белгіленгенін табуы керек.

III тур. Жол сапар. Кірістер мен шығыстарды ажырата

білесіңбе.

Экономикалық мағыналы сөзді тауып, жазып ал және түсіндір

 

IV тур. Жаңа сабақ: «Еңбек қорлары».

Адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір

сезім қайратының арқасында ғылым, білім,

өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің

қожасы болып отыр.

Ж. Аймауытов.

Еңбек – адамның екінші анасы”,
“Еңбек ер атандырады”,
“Еңбексіз өмір – сөнген көмір”,
“Байлықтың атасы – еңбек, анасы — жер” мақалдары бәрімізге таныс.

Сол сияқты еңбек ету құқығы, жұмысқа жауапкершілік деген сөздерді

жие естиміз. Яғни «еңбек» ұғымымен жиі кездесеміз.

 

Біз «еңбек», «жұмыс» деген создерді естігенте, айтқанда адамның белгілі бір әрекетті жасау үшін өз энергиясын жұмсайтынын түсінеміз. Осылайша еңбек қоғамға пайда: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім әкелуі тиіс.адам өмірі үшін нақты осындай еңбек қажет. Сондықтан экономикалық ғылымның бір бөлігі «еңбек экономикасы» деп аталады.

Кез келген еңбек адамның биологиялық:

  • бұлшық ет

  • қол

  • аяқ

  • дене

  • ми күшіне байланысты болып келеді.

Адамның еңбекке деген ақыл-ой, дене, рухани қабілеттері «жұмыс» күші деп аталады. Сонымен еңбек қорлары – ел тұрғындарының өз жасына, денсаулығына, біліміне, кәсіби дайындығына және жинақтаған дағды тәжірибесіне сәйкес еңбек етуге қабілетті бөлігі.

 

Әр адам өзіне мамандық таңдай алады.

Кез келген зауыт, фабрика, кәсіпорын өз бетімен жұмыс істей алмайды. Өндірі оған еңбек қорлары, яғни адамдар келгенде ғана жандана түседі. Зауыттар мен фабрикаларда әр түрлі мамандық иелері жұмыс жасайды. Кәсіпорын ірі болған сайын, оның персоналдарыда ауқымды болады.

 

Еңбек қорларының персоналдары 4 топқа бөлінеді.

 

 

  1. Өндірістік персонал.

 

  1. Қызмет етуші персонал.

 

  1. Қызметкерлер.

 

4. Басқарушылар

 

Халықаралық менеджмент тәжірибесінде
басқарушыларға арналған 10 алтын ереже бар.

 

1. Істің еңбастысын бөліп, орындалатын міндеттердің

маңыздылығын, ретін,кезеңін анықтай білу.

  1. Келешегі сол істің шешіміне байланысты болатын ең маңызды және елеулі мәселелерді басқаларға тапсырмау. Оны өзі шешу.

  1. Өзіне және қарауындағы адамдарға талап қоя білу.

  1. Қажетті жағдайларда жылдам және кесімді әрекет жасау.

  2. Басшы жетік білуге тиіс мәселеле жөнінде толық хабардар болу.

  3. Ұсақ және маңызды істермен айналыспау.

  4. Нақты іс шеңберінде әрекет жасап, алаяқтық әрекеттерден аулақ болу.

  5. Амалсыз жағдайларда жол беріп, жеңіле де білу.

  6. Өз ісіне әділ, адал, берік және жауапты болу.

  7. Өз ісіненен қанағат алып, оны құрметтеп сүйе білу.

IV.Сабақты бекіту:

  1. Менеджер деген кім?

  1. Адам неліктен жұмыс іздейді.

  1. Сен қалай ойлайсың, өзіңді еңбек қорларына жатқызуға бол ма?

  1. Сен болашақта менеджер бола аласың ба және ол үшін не қажет?

V. Үйге тапсырма.

VI. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.