Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
Нұрғалиева Айгүл Қуанышқызы
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№5 Абай атындағы орта мектептің І-санатты математика пәнінің мұғалімі.
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
1. Анықтама: ах4 + вх2 + с = 0 мұндағы а ≠ 0 түрінде берілген теңдеу биквадрат теңдеу деп аталады.
2. Тану
2.1 Жазылуы: ах4 + вх2 + с = 0 мұндағы а ≠ 0
І-ші коэффициент а, ІІ-ші коэффициент в, бос мүше с.
2.2 Оқылуы: биквадрат теңдеуді солдан оңға қарай оқимыз.
2.3 Мағынасы: ах4 + вх2 + с = 0 мұндағы а ≠ 0 түрінде болғанда ғана биквадрат теңдеу бола алады.
-
-
Шығу тарихы: ах4 + вх2 + с = 0 мұндағы а ≠ 0 биквадрат
-
теңдеуді квадрат теңдеуге келтіріп шешімін табамыз. Ал квадрат теңдеуді шешудің әдістері Орта Азияның белгілі математигі Әл-Хорезмидің (ІХ-ғасырда) еңбегінде толық жазылған. Оның еңбектерінің бірі «Хибас ал-джебр вал-мукабала» деп аталады.
3. Түрге айыру.
3.1 1.толық биквадрат теңдеудің жалпы түрі ах4 + вх2 + с = 0
мұндағы а ≠ 0
2. келтірілген түрі х4 + рх2 + q = 0
3.2 толымсыз биквадрат теңдеу:
1. ах4 = 0 а ≠ 0, в = с = 0
2. ах4 + вх2 = 0 а ≠ 0, в – тұрақты, с = 0
3. ах4 + с = 0 а ≠ 0, в = 0, с- тұрақты
4. Теңдеудің түбірлері:
Биквадрат теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айныма-лының мәнін теңдеудің түбірі деп атайды.
5. Теңдеуді шешу тәсілдері: ах4 + вх2 + с = 0 теңдеінен х2= у деп белгілеп қосымша айнымалы енгіземіз. Сонда
ау2 + ву + с = 0 квадрат теңдеуіне келтіреміз. D = в2 – 4ас табамыз D > 0 болса у1 , у2 тауып сәйкесінше х1,2 х3,4 табамыз.
D = 0 болса у1 , тауып сәйкесінше х1,2 табамыз.
D < 0 болса у = Ø сәйкесінше х = Ø
6. Қолданылуы: Биквадрат теңдеу ұғымы квадрат теңдеуге келтірілетін басқа да теңдеулер түрімен қолдануға, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешуді үйрету.
7. Пайдалану:
Мысалы: х4 + 8х2 – 9 = 0 теңдеуін шешейік
х2 =у деп белгілейміз сонда у2+ 8у – 9 = 0 теңдеуін шешеміз
D = 100 = 102 > 0 у1=1 , у2 = – 9 сәйкесінше х1,2 = ± 1 х2 ≠ – 9
Жауабы: ± 1
