Арифметикалық прогрессия
Нұрғалиева Айгүл Қуанышқызы
Атырау облысы Жылыой ауданы
№5 Абай атындағы орта мектептің
І-санатты математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия
Сабақтың мақсаттары:
білімділік: арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің деңгейі мен тиянақтылығын тексеру және бағалау.
тәрбиелік: ұжымдастыққа, жүйелі математикалық сауатты сөйлей алуға, бірізділікке, сыйластыққа тәрбиелеу
дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеті мен дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: білім мен дағдыны жүйелеу
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: арифметикалық прогрессия бойынша презентация,тапсырмалар жинағы
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын қайталау
арифметикалық прогрессия бойынша
анықтама: екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі әрбір мүшесіне
қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін
арифметикалық прогрессия деп атаймыз
тану: мүшелері а1, а2, а3, … , ап, …
оқылуы: а1– бірінші мүше
а2– екінші мүше
ап– п – ші мүше
мағынасы: қосылатын тұрақты сан кез-келген көршілес екі
мүшесінің айырымы болады,ол сан арифметикалық прогрессия-
ның айырымы деп аталады d әрпімен белгіленеді.
d= а2– а1=…= ап+1– ап
белгіленуі: ( ап) , d
берілуі: ( ап)-арифметикалық прогрессияның а1– бірінші мүшесін
және d айырымы берісе жеткілікті
түрге бөлінуі: d >0 болғанда өседі,
d <0 болғанда кемиді
түйін:1. а2 = а1+ d
а3 = а2 + d = ( а1 + d) + d = а1+ 2d
а4 = а3 + d = ( а1 + 2d) + d = а1+ 3d
… … … …
ап = ап-1 + d = а1 + (п- 2) d + d = а1+(п- 1)d
п-ші мүшесінің формуласы
2. арифметикалық прогрессияның екінші мүшесінен
бастап әрбір мүшесі көршілес екі мүшенің
арифметикалық ортасына тең. ап+1+ап
ап+1 = ————
2
-
ап = а1+(п- 1)d
-
п(а1+ап)
Sп= ————-
2
Қолданылуы (есептер шығару )
Б) үйге берілген №193 есеп ауызша тексерілді
ІІ. Сынып жұмысы
ІІ. Сынақ жұмысының тапсырмалары (әрбір дұрыс жауап 1 ұпай)
І топқа берілетін тапсырма
1) (аn)-арифметикалық прогрессия
а1= -3 және d =11, а11 мүшесін есептеңдер
а)100; ә)107; в)103; с)105
2) (аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия
а11 = 15, а3= 20 болғандағы d мен а1 ді есептеңдер
а) 5; 10; ә) 5; 5; в) 5; -10; с) -5; 10
3)Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар
а15 = 219, d = 14
а) -23; ә) 24; в) 23; с) -24
4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар
0,2; 1;
а) 6,6; ә) 5; в) 5,6; с) 6
5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең
а4 = 3; а6= 7
а) 5; ә) 6; в) 4; с) 5,5
6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын есептеңдер 10; 8;
а) 190; ә) -190; в) 10; с) 1; е) -10
ІІ топқа берілетін тапсырма
1) (аn)-арифметикалық прогрессия
а1= 0,8 және d =-0,2 ; а11 мүшесін табыңдар
а) 1,2; ә) -1,2; в)1,3; с) 1,5
2) (аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия
а3 = -17; а4= 10,5 болғандағы d мен а1 ді табыңдар
а) 6,5; 4; ә) -27,5;72; в) 27,5; -72; с) -6,5;-4
3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар
а99=989 ; d = -100
а) 10089; ә) -10089; в) -1089; с) 1089
4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар
1; -1; …
а) 15; ә) -15; в) 10; с) -10
5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең?
а8= -2 және а9= 12
а)-5; ә) -6; в) 5; с) 6
6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар а1= -10; d= 2;
а) -28; ә) -70; в) 70; с) -30; е) 39
ІІІ топқа берілетін тапсырма
1) (аn)-арифметикалық прогрессия
а1= 11 және d = 7 ; а5 мүшесін табыңдар
а) 27; ә) 25; в) 20; с) 28;
2) (аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия
а6= 230; а7= 184,5 болғандағы d мен а1 –ді табыңдар
а) 45,5; -457,5; ә) -45,5; 457,5; в) -45,5; -457,5; с) 45,5; 457,5
3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар
а20=25; d= 0,5
а) 1,5; ә) -1,5; в) 10,5; с) -10,5
4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар
-23; -19; …
а) 9; ә) 4; в) -9; с) -4;
5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең?
а4= -2 және а6= 8
а) 6; ә) 3; в) 5; с) -5
6) Егер Хn= 2n+1 болса, онда { Хn } тізбегінің алғашқы жүз мүшесінің қосындысын табыңдар
а) 20400; ә) 1200; в) 102; с) 1020; с) 102000
ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар
І топ
А-деңгейі 5 ұпай
1) 3; 10; … арифметикалық прогрессиясына 143; 256; 551 сандары мүше бола ма?
2) а1= -100; а2 = -70 болатын арифметикалық прогрессияның а3 және а8 мүше-сін табыңдар
В-деңгейі 10 ұпай
1) -3,8; -3,62; … арифметикалық прогрессияның бірінші бір таңбалы мүшесін табыңдар.
2) -5; -4,8; … арифметикалық прогрессияның қандай номерлі мүшесі 100-ге тең
С-деңгейі 15 ұпай
1) Арифметикалық прогрессияның а5 = 2, оның айырымының қандай мәнін-де а4+а7+а8 қосындысы нөлге тең болады?
2) а1,а2, … арифметикалық прогрессия берілген а1+а29=а3+а7 теңдігі орындала-тынын дәләлде
ІІ топ
А- деңгейі 5 ұпай
1) а1=7; 35 саны соңғы мүшесі болатындай 8 мүшеден тұратын арифметика-лық прогрессияны жазыңдар
2) а1= 30; а3 = 36; а5 = 42 болатын арифметикалық прогрессияның а7 мүшесін табыңдар
В-деңгейі 10 ұпай
1) 17; 16; 15; … арифметикалық прогрессияның бірінші теріс таңбалы мүше-сін табыңдар.
2) 3; 2; …. арифметикалық прогрессияның нешінші мүшесі -100 ге тең бола-ды.
С- деңгейі 15 ұпай
1) Арифметикалық прогрессияның а7 =3 болса, онда оның айырымының қандай мәнінде а4 • а9 көбейтіндісі ең үлкен болады
2) а1; а2; а3; …аn … арифметикалық прогрессиясы берілген а10+а15 = а1+а24 тең-дігі орындалатындығын дәлелдеңдер
ІІІ топ
А-деңгейі 5 ұпай
1) а11 = 43 тең арифметикалық прогрессияның а30 және а32 мүшелерінің қо-сындысын табыңдар.
2) а1 = 2; 20 саны соңғы мүшесі болатындай 10 мүшеден тұратын арифмети-калық прогрессияны табыңдар
В- деңгейі 10 ұпай
1) 3; 2; … арифметикалық прогрессияның нешінші мүшесі -10000-ға тең бо-лады
2) 4; 7; 10; … және 5; 9; 13; … арифметикалық прогрессиясының алғашқы 20 мүшесінің ішінде өзара тең неше мүшесі бар?
С- деңгейі 15 ұпай
1) Арифметикалық прогрессияның а10+а12 =8; а13 =11, d айырымын табыңдар
2) а1; а2; а3; …аn … арифметикалық прогрессиясы берілген а7+а10 = а5+а12 тең-дігінің орындалмайтындығын дәлелдеңдер
Деңгейлік тапсырмалар тақтада орындалады.
ІІІ. Үйге тапсырма §11, №216,№234 есептер
ІV. Оқушыларды мадақтай отырып бағалау.
V. Сабақты қорытындылау.
