Санды 5-ке көбейту және бөлу. (үзінді)

Оразгалиева Жанат
Сабақтың тақырыбы : Санды 5-ке көбейту және бөлу. (үзінді)

Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Санды 5-ке көбейту және бөлу меңгерту . Өрнекті  санмен салыстыруды қайталау . Сан аттай отырып сан- дарды өсу және кему ретімен санауды қайталау . Өзбеттерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру .
Дамытушылық : Оқушылардың ой -өрісін ,ақыл –ойын дамыту. Дүниетанымын кеңейту. Пәнге деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру .
Тәрбиелік : Тапқырлыққа , ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа баулу .

Еңбексүйгіштікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа материалды игерту .

Сабақтың типі : саяхат сабақ .

Әдіс –тәсілдері : ойландыру ,түсіндіру ,ойын ,сұрақ –жауап,талдау-

жинақтау , көрнекілік.

 

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану .

Көрнекіліктер : “Математика әлемі “ суретті плакат ,үлестірмелі парақ- шалар , үнтаспа .

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

І .Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.

Бағалау санамағы.

“1”-дегенім нашар баға ,

Інішегім нашарлама .

“2”-дегенім жаман баға ,

Алады оны жаман бала .

“3”-дегенім орта баға ,

Сапасы да орта ғана ,

“4”-дегенім жақсы баға ,

Алады оны жақсы бала .

“5”-дегенім үздік баға ,

Оқитын бол үздік қана .

ІІ.Көркем жазу сәті .

Өзіміз айтқан үздік бағаны әдемі етіп жазайық.

5 санын бір тор көз тастап жазу.

 

ІІІ.“Ой шақыру .

Берілген сандарды өсу ретімен қосу арқылы суреттен не бейнеленгенін табу. Қоян суреті.

Қоянның бүгінгі сабаққа қонаққа келгенін хабарлап, білімдерін ортаға салуға шақыру .

1.Қоянның тапсырмасы. Үлестірмелі парақшадағы берілген тапсырмаларды орындату .

1.а Көбейту кестесі бойынша тапсырмалар ұсыну.

2*3 3*4 4*4 2*4 5*2 6*2 7*2 8*3 9*3 8*4 7*4

1.ә Ойлан тап. Өрнектерді салыстыруға берілген тапсырмалар.

2*3 * 7 8* 5*3 15+5 * 5*4

1.б Берілген тізбек дұрыс жалғасу үшін тиісті амал таңбасын қою.

5

10

40

 

 

 

 

Жасалған жұмыстарды өзін – өзі тексеру.

Балаларға қоянның өзімен бірге “Математика әлеміне “ шақырғанын хабарлап, қоянмен бірге саяхатқа шығу .

Орнымыздан тұрып, көзімізді жұмып, сиқырлы сөзді қайталап айтамыз:

“1, 2, 3,

Математика әлеміне ұш!”

ІҮ .Жаңа сабақ.

-Біз “Математика әлеміне келдік .”

-“Математика әлемінің “қамалы құлыптаулы тұр .Қақпаны ашу үшін мына жердегі тиісті кілтті тауып алайық.

1.Қақпа ашылады .“Математика әлемінде “ Біздің еліміздегідей үйлер бар екен .Ол үйлердің тұрғындары сандар екен .Көрші сандар адасып кеткен . Бұл үйдің шатырында өздерің көріп тұрсыңдар * 5.

5-ке көбейтуді түсіндіру. Жаңа материалды көрші сандар ойыны арқылы бекіту.

2.Үнтаспадан музыка тыңдау .

Сұрақ –жауап арқылы құстардың даусын, судың сылдырын тыңдағандарын айтқызып қай жерге келгендерін белгілеу.

Көл жағасында жүрген қысқа назарларын аудартып, құсты өрнектердің мәнін табу арқылы бояту.

 

ІІІ.Математикалық диктант

 

Үнтаспадан тыңдау. 2-ке бірінші айтылған санды көбейту арқылы, көбейтіндінің мәнін өсу ретімен жазу.

2,4, …, …,

Үнтаспа бойынша тексеру. 2,4,8,16

ХІ.Бекіту.

Ауызша есептеу арқылы өрнектердің мәнін табу .

ХІІ.Қорытынды .

Мадақтау.

 

 

 

«Менің Қазақстаным» – мереке күніне арналған тәрбие сағатының

әдеби монтажы

Сабақтың бағдарламалық мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтумен бірге Қазақстан азаматы болуы керектігін түсіндіру, әрі Қазақстан азаматын басқа республика азаматтарынан ажырата білуге үйрету. Ел азаматы атағына лайықты, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

 

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады

 

1. Халықтың енді міне, жетілгені,

Құрыштың білінбейді, кетілгені.

Аталып, Қазақстан ел боп туып,

Үй тігіп, ірге қалап бекілгені.

2. Қазақстан – жеңісті дана күндер,

Қазақстан – толқынды лала гүлдер.

Қазақстан әлемді елеңдетіп,

Байқоңырдан зулаған корабльдер.

3. Алқа – қотан той – думан,

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу, маржан шашайық.

4. Аялап ару Ананы,

Өсірген еркін баланы,

Бесігім болып тербеткен

Отаным – Қазақстаным!

5. Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата мекенім –

Отаным – Қазақстаным.

Ән «Қазақстан»

Ақырын басып келе жатқан, аяқтың дыбыс естіледі.

Класқа Тыңшы кіреді. Жерге жатып, құлағымен бірдеңе тындағандай болады.

Тыңшы: Е, өзім де бір нәрсені сезгендей едім. Той болып жатыр екен ғой. Қуаныштың дәл үстінен түсіппін.

Жүргізуші: Балалар, бұл кім? Таныдыңдар ма?

Балалар: Тыңшы.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ол қандай ертегінің кейіпкері?

Балалар: «Жеті алып» деген ертегідегі Тыңшы.

Тыңшы: Құлағым жер мен көкке сүйретілген,

Құлақ емес зор қанат иретілген.

Үн тартар жеті қабат жер астынан,

Алты әлемнің жұмбағы тыңдағаным.

Менде бір ағаларың тілді алғыш,

Кәдімгі жарғақ құлақ жер тыңдағыш.

Тықыр түгіл сыбдырды жібермеймін,

Мен – тыңшы, өтірікті біліп алғыш.

Жүргізуші: Естідіңдер ме, балалар? Өтірік, сыбдырдың бәрін естимін дейді. Сондықтан өтірік айтпаңдар, бір – біріңді мазақтамаңдар, жаман сөзді ауыздарыңа алмаңдар. Жарай ма?

Осы кезде қолын маңдайына ұстап Көреген келеді.

Көреген: Бала едім бүлдіршіндей зерек, білгіш,

Күндізді, қараңғыны артық көргіш.

Алты айшылық алыспен тілдесемін,

Жолбасшы, қасиеті хабар бергіш.

 

Жүргізуші: Ой, керемет! Сонда сіз де біздің мереке өтіп жатқанын көріп келдіңіз бе?

Көреген: Иә, көріп келдім. Анау Алатаудың басынан төмен қарай сөз жіберіп тұрсам, ұлан – асыр той болып жатыр екен. Алдымда жеткен Тыңшыны көрдім. Е, бәрін де естіп бара жатыр екен ғой деп, менің де соңынан ілесіп шыққан бетім.

Жүргізуші: Сонда қалай, біздің балалардың не істеп жатқанын көріп қалдыңыз ба?

Көреген: Әрине, керек десең балалардың алысып – жұлысып немесе ағаштың жапырағын жұлып жатқанын көріп қаламын.

Жүргізуші: Жоқ, Көреген, біздің балалар алыспайды, ағаш жапырағын да жұлмайды. Көшеде жүрген өзге баламен шатастырып тұрғансыз ғой (балаларға қарап): – Солай ғой балалар. Біздің балалар шетінен өнерлі, тәртіпті, көресіз бе?

«Домбыралармен би»

Осы кезде асығыс аяғына қазан тас байлап Желаяқ келеді. Жүгіре басып, ішті бір айналып өтеді. Көреген мен Тыңшы екуі қолынан ұстап зорға тоқтатады.

Жүргізуші: Балалар, бұл кім еді?

Балалар: Желаяқ.

Жүргізуші: Ой, жарайсыңдар, балалар. Желаяқты жазбай таныдыңдар.

Желаяқ: Аяғымның жүгіргісі келеді де тұрады. Бір жерде тұра алмаған соң аяғыма қазандай тас байлап едім, сонда да алып – ұшып осында жеткізді.

Жүргізуші: Онда әлемнің талай жерін жүгіріп өткен шығарсыз? Жол жөнекей не көрдіңіз?

Желаяқ: Арал маңынан өткенімде кеуіп жатқан теңіздің табанын көрдім. Семейге жеткенде атом әсерінен ауруға шалдықан бейкүнә сәбилерді көрдім, дала кезген босқындарды көрдім, ұясынан безген құстарды көрдім. Содан жеткен жерім осы.

Жүргізуші: Желаяқ, қамықпаңыз, ел аман болса, бәрі түзелер. Еңсеңізді көтеріңіз мерекеге келдіңіз. Көрмейсіз бе, біздің балаларымызды, жүздері жарқын. Дініміз бен тіліміз қайта оралып, кеудені қуаныш кернейді. Онан да сәл аяғыңызды суытып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Желаяқ: Олай болса ойын ойнайық. Мен қараймын балалар отырып қалған сияқты.

 

Ұлттық ойындар 1.«Тақия тастамақ»

2. «Теңге алу»

3. «Арқан тарту»

Бала: Біз тілейміз бар бөбек,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін,

Сусынымыз қанады.

Өнер білім нәрімен

Әлемдегі баланың

Дос баламыз бәрімен.

Ән «Достық» муз. И. Нүсіпбаевтікі.

Көреген: Иә, балалардың өнерлері үстем болсын. Біздер көңілімізді көтеріп қалдық.

Тыңшы: Ал, біздер жол жүрейік. Ертегімізге қайтайық. Балалар, сіздер бізді тағыда күтесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Тыңшы, Көреген, Желаяқ: Сау болыңыздар! Бізге тағыда қонаққа келіңіздер.

Тыңшы, Көреген, Желаяқ кластан шығып кетеді.

Класқа Ару ана қыздарымен кіреді.

«Ақ жаулық» биі

Ару ана: балалармен амандасып, Желтоқсанның оқиғасын айтып береді.

Соңынан батасын береді:

Уа, құдайым оңдасын!

Жаманшылық болмасын.

Аруақ біткен жар болып,

Ару ана қолдасын.

Бостандықтың ордасын,

Періштелер қорғасын.

Тіккен туы қазақтың

Күнге сәлем жолдасын.

 

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Бәле – жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Ел аман, жұрт тыныш болып, ашық аспан, тату шаңырақ астында, от басының қасында, Алла жар болып, шат-шадыман ғұмыр кешейік. Әумин.

Жүргізуші: Ару ана ақ батаңыз қабыл болсын!

Ару ана: Қазақтың тағамы бауырсақтан ауыз тиіңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еңбек – бәрін жеңбек» атты тәрбие сағатының жоспары

Сабақтың бағдарламалық мақсаты: Балаларды еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететінін зерек, ұқыпты, білімді болу әркімнің өзіне байланысты екенін ұғындыру. Еңбекте адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы маңызын түсіндіру.

 

Мұғалім: Балалар, орманға барып, саяхат жасап, табиғатты тамашалап, әдемі ағаштарды көріп, құстардың неше түрлі үніне зер сала тыңдайық – деп, балалардың назарын күйтабақтан құйқылжыған құс үніне көңіл аудартып: Мына ән салып тұрған қандай құс? – деп сұрайды.

Балалар: Бұлбұл.

Мұғалім: Кім бұлбұл туралы тақпақ біледі?

Бала: Бұлбұл әсем жырлайды,

Ел-жұрт елтіп тыңдайды.

Мұғалім: Талдан талға секіріп, шиқылдаған қандай құс?

Бала: Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсын.

Мұғалім: Күндіз ағаштың қуысына тығылып алған түнде ұшатын қандай құс?

Бала: Түнде ұшады жапалақ,

Қызыл қанға қаталап.

Мұғалім: Ал суда жүрген қандай құс?

Бала: Үйрегім-ай, үйрегім,

Келіп жүр ме билегің?

 

 

Жүзгіштігің керемет.

Суда жарыс болса егер,

Бас бәйгені берер-ек.

Мұғалім: Ала қанат, қара ала құс қалай аталады?

Бала: Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Құртты шоқып тауысқан,

Санитар – бұл сауысқан.

Мұғалім: Ал мына құсты кім атайды?

Бала: Кекілік-ау, кекілік!

Ойнақшисың секіріп,

Бір орнында тұрақтап,

Отырмайсың бекініп,

Шәкірт болсаң, алар ең

Тәртібіңе «екілік».

Мұғалім: Бәрің құстарды жақсы біледі екенсіңдер. Ал құстардың балалары қалай аталады?

Балалар: Балапан.

Мұғалім: Құстар балапандарын немен тамақтандырады?

Балалар: Жем, шөп, түрлі құрттар.

Мұғалім: Халықта «Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ» деген мақал бар. Бұл құста сүт болмайды деген ұғымнан туған.Бірақ бір ғана құста сүт болады. Ол балапандарын сүтімен асырап өсіреді. Оны біліп қойыңдар, кәдімгі көгершін. Балалар қараңдаршы менің қолымда өзі аппақ, дөңгелек зат тұр. Мұның не екенін білісіңдер ме?

Балалар: Жұмыртқа. (осы кезде оның ішінен балапан шығады).

Балапан: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Менің анамды көрмедіңдер ме?

Мұғалім: Балалар, балапанның енесі келгенше көңілін көтере тұрайық. Кәне, біріміз бірігіп «Шөже, шөжелер» әнін орындап берейік:

Балалар: Шөп, шөп, шөжелерім,

Мамық жүнді шөжелерім,

Нәзік үнді шөжелерім

Кең шалғында жайылым бар,

Кел, тұрмаңдар, жайылыңдар.

Кең шалғында жайылым бар,

Кел, тұрмаңдар жайылыңдар.

Ай, менің шөжелерім,

Ай менің шөжелерім енді әсем қимылмен, билеп қалай әдемі айтасыңдар. Маған да үйретесіңдер ме?

Мұғалім: Егер еңбекті сүйсең, жалқау болмай, айтқан тілді алсаң, көп оқысыаң, білімді, зерек болсақ бәрін үйренуге болады ғой, балалар. Мен сендерге «Жалқау балапан» әңгімесін айтып беремін. Оның аянышты халіне кім кінәлі екенін соныңда айтасыңдар. Ал, ыңғайлап отырып, тыңдаңдар.

– Бір торғайдың балапанын енесі жылы ұясына мәпелеп өсіреді. Балапанның жүні жетіліп, қауырсыны қатайған соң, енесі ұшуға баулиды. Бір күні ол балапанға:

– Үлкейдің, ұшуды үйрендің, енді өз күніңді, өзің көр – дейді.

Балапан біраз ұшып, қанаты талып ұшудың оңай емес екенін сезеді.

– Мен ұшпай –ақ ұямда жата берейін, – дейді балапан.

– Неге? – дейді енесі.

– Әлі жаспын. Егер қате төнсе мен өзімді қалай қорғаймын, – дейді балапан.

– Сенің қорғанышың – қанатың. Қауіп төнсе, ұшып кет,- дейді енесі.

Балапан ұясына келіп жатып алады. Жем таситын анасы жоқ, қарыны ашып кетеді. Таң атысымен басқа торғайлар тіршілік жасайды.Балапан енесін тосып жата береді. Арада бір күн өтеді. Қарыны әбден ашып амалсыздан ұясынан ұшып шығады. Тамақтанбаған ол әлсіреп қалған екен ұша алмай жерге құлап түседі.

Біраз уақыттан кейін, жанынан енесінің ұшып бара жатқанын көреді. Енесі дереу жанына ұшып келіп:

– Саған не болды, жараланып қалдың ба?

– Жаспын, күн көре алмаймын десем, болмадың. Міне, енді аштан өлгелі жатырмын, – дейді балапан.

Ана байғұс жаны қалмай тамақтандырып жүреді. Ал балапан ұшып өз тамақ табуды да ойламай ұяда жата береді.

Күз өтіп суық келеді. Қыс келеді. Ана торғайға өзі үшін, әрі жалқау балапаны үшін тамақ табу қиынға түседі.

Бір күні торғай астық қоймасына кіріп, жем ала бастайды. Әлде кімдер есік, терезені жауып кетіпті. Қайта шыға алмай қалады.

Арада бірнеше күн өтеді. Енесі оралмайды.Балапан тамақ іздеп сыртқа өзі шығады. Бірақ әлі жоқ. Қарыны аш көп ұшалмайды, бір бұтаққа әзер қонып отырады. Күн суық, аяз. Ол қорек табудан әбден күдер үзеді, сол бұтақта бұрысып отыра береді. Бойын суық алған балапан, есі ауып, құлап түседі….

Мұғалім: Әңгіме сендерге ұнады ма? Не жайлы айтылған? Балапан неге ұшалмай қалды? Анасы қандай жанашырлық көрсетті? Балапанның осындай халге дұшар болғанына кім кінәлі деп ойлайсыңдар? Балапан сен осындай болдың ба?

Балапан: Жоқ, мен балалар сияқты еңбекқор, көп білетін білімді, анамның тілін алатын тіл алғыш, тәрбиелі балапан боламын.

Сыртта шиқылдаған дауыс шығады.

Балапан: Менің анам келді, мен кеттім. Сау болыңдар, балалар! Апайларыңмен, ата-анларыңның тілін алып, еңбек сүйіп өсіңдер (шығып кетеді).

Мұғалім: Халқымызда «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбекпен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақалдар бар. Сол сияқты ерінбей, жалқауланбай еңбек еткеннің қарыны тоқ, көйлегі көп болатының сендер білесіңдер. Ал енді барлығымыз еңбек туралы жаттаған тақпағымызды айтайық:

Гүл өсірсең, терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең, зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең – еңбек.

Ек қана жеңбек – деген тақпақты айтумен сабақ аяқталады

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше