Без рубрики

Гүлдер Т.Молдағалиев

Оразгалиева Жанат
Сабақтың тақырыбы: Гүлдер Т.Молдағалиев

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәнерлеп тұтас оқуын қалыптастыру.
Сабақтың барысы

І.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, құралдарының реттілігін тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

Үйге берілген тапсырманы 5-6 оқушыдан сұрау, тақырыпқа байланысты жинаған мақал-мәтелдерін тексеру.

ІІІ.Жаңа материалды игеруге дайындық.

А)Шығармашылық жұмыс қиялдау арқылы сурет салу.

“Гүлдер” тақырыбына өз ерікімен қиялдатып сурет салу. Салған суретін әңгімелету. Тапсырманы орындауға 5-8 минут уақыт беріледі.

Тапсырманы орындап болғасын қорытындылау.

ә)Гүлдердің көптүрлілігі туралы әңгіме жүргізіп төмендегі кестені толтырғызу

 

Гүлдердің пайдасы

Гүлдердің қасиеті

Өсетін орталығы

 

 

 

Оқушылар кестені өз беттерінше толтырады, нәтижесі талданады.

ІҮ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Т.Молдағалиев туралы мәлімет үнтаспадан тыңдалады.

Өлең мәнерлеп оқылады, мазмұнын талданады.

Оқушылар іштей оқып болған соң түсініксіз сөздердің мағынасын талдайды.

5-6 оқушыға өлең дауыстап, мәнерлеп оқытылады.

Өлең соңында берілген тапсырмалар оқушыларға орындатылады.

Оқушылардың өз бетінше ізденіп, білімін толықтыруға арналған тапсырма беру

1. Т.Молдағалиев туралы қысқаша мағлұмат жинақтау.

а) Т.Молдағалиевтің өмірінен қысқаша мағлұмат жинау.

ә) Т.Молдағалиевтің табиғат туралы қандай өлеңдері бар, қандай шығармалары бар, қандай еңбектері бар екендігі туралы мәлімет жинастыру.

б) Т.Молдағалиевтің бір өлеңін жазып әкелу.

Ү. Сабақты бекіту, қорытындылау.

Өлең мазмұнына байланысты бекіту сұрақтары қойылады.

Дәптерге 8-кестені толтырылу ұсынылады.

8-кесте

Бұрынна білетінім

Бүгінгі сабақта үйренгенім

Не білгім келеді?

 

 

 

Оқушылар кестені толтырып болған соң мазмұнын талқылап оқушының білгісі келетіні бойынша үйге қосымша тапсырма беріледі.

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.