Без рубрики

Тәуелсіздіктің 20 шыңы — 20 жұлдызды күн

Атырау облысы,Исатай ауданы
Құлыншақ балабақшасы
«Тәуелсіздіктің 20 шыңы — 20 жұлдызды күн»

Мақсаты: Үлкендер мен балалар арсындағы қарым – қатынасты нығайту. Денсаулық негізгі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Жүру барысы: Құрметті балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлері және сайысты тамашалаушы балабақша тәрбиеленушілері!

«Тәуелсіздіктің 20 шыңы — 20 жұлдызды күн» тақырыбы аясында Құлыншақ балабақшасының тәрбиешілері мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған эстафеталық сайысымызды бастаймыз. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы, дені сау ұрпақ өсіру жолындағы тәрбие ісінде «Құлыншақ» балабақшасы ұжымы аянбай еңбек етіп келеді.

Міне, бүгін балабақшамызда айтулы мереке «Ұлттық ойын ой мен бой сергітеді» атты көңілді эстафета ұйымдастырылып отыр.

 

Осы сайысымыздың әділ бағасын беру үшін әділқазыларды сайлап алайық.

1.Балабақша меңгерушісі : Балғаным апай

2.Балабақша әдіскері: Алма апай.

3.Балабақша есепшісі: Зияда апай

4.Балабақша Емшібикесі: Гүлнар апай

 

Ортаға сайысқа қатынасушы «Бәйтерек» және «Күншуақ» балабақша ұжымының құрама командаларын шақырамыз.

Екі топты ортаға шақыру. Сәлемдесу , топтарын таныстыру.

1.«Бәйтерек» құрама командасы:

Топтың аты: «Бәйтерек»

Топтың ұраны: Бүгінгі мынау додаға,

Бәйтерек боп келіппіз

Тамырын жайған тереңге,

Бізде сондай алыппыз.

Топ мүшелері:

1.МАД- 6 жас тобының тәрбиешісі: Есенгенжина Ғалия.

 

2.МАД- 6 жас тобының тәрбиешісі: Аюпова Адина

 

3.МАД- 5 жас тобының тәрбиешісі: Сағындықова Жарқын.

 

4.МАД- 6 жас тобының тәрбиешісі: Сыралиева Динара.

 

5.МАД- 6 жас тобының к/тәрбиешісі: Табылдиева Лариса.

 

6.Ортаңғы топ тәрбиешісі: Абілбашарова Нұрсауле.

 

7.Ортаңғы топ тәрбиешісі: Галидуллина Тұрсынай.

 

8.Ортаңғы топ к/тәрбиешісі: Нысанбаева Жаңыл.

 

9.Психолог маман: Хойрошева Айгул.

 

10.Аула тазалаушы : Мұқашава Күнсулу.

Топтың әні: «Гүл жазира -Қазақстан»

2.«Күншуақ» құрама командасы:

 

Топтың аты: «Күншуақ»

 

Топтың ұраны: Тәуелсіздік жиырма жыл шапағында

Қосылдық дамыған ел қатарына

Жігерлілер күн шуақ тобымыз біз,

Жалынды сәлем дейміз баршаңызға.

 

Топ мүшелері:

 

1.Ерте жас тобы тәрбиешісі: Гилимова Света.

 

2.Ерте жас тобы тәрбиешісі: Сейтқазиева Алтынай

 

3.Ерте жас тобы к/тәрбиешісі:Қайырова Алма

 

4.І кіші топ тәрбиешісі: Закарина Гүлмаржан

 

5.І кіші топ к/тәрбиешісі: Шамгулова Ақжай

 

6.ІІ кіші топ тәрбиешісі: Нұрашева Гүлмира

 

7.ІІ кіші топ тәрбиешісі: Зайтова Сәнім

 

8.Аспазшы : Бисенова Тілекші.

 

9.Кір жуушы: Шеруенова Замзам

 

10.Шаруашылық меңгерушісі: Қажиденова Жаңылсын.

Топтың әні: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Эстафеталық сайыстың шарттары:

1 ойын: Жарыс ойыны.Қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге».

Шарты: Әр топтың алдына 3-4 м қашықтықта межелер белгіленеді.Екі топтың қатынасушылары сап түзеп тұрады.Бұл ойында әр қатынасушы ағаш атқа мініп,қолдарына қамшы ұстап , жарысады.

 

2 ойын: Көкпар.

Шарты: Қатынасушылар үлкен шарлар үстіне секіре жүріп, межедегі дорбашаны тез барып алу керек. Орнына тез барып, келесі ойыншыға жолдайды.Ойын осылай қайталанады.Қай топ көп сый дорбаша жинаса сол жеңіске жетеді.

 

 

3 ойын: «Арқан тарту»-қазақтың ұлттық ойыны.

Шарты: Алаңдағы сызықтың қасына қарама-қарсы келіп тұрады.Топ бастаушылары арқанның қызыл жіп байланған белгісін,қалған балалар бастаушының артынан қатар тұрып арқанды ұстайды.

 

4 ойын: «Мақал-сөздің мәйегі» Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдердің екінші бөлігін тауып айту.

Ата- дәстүр абырой көтергенге

О,киелі сөз сүйектен өтер демде.

Тоқталамыз енді біз көңіл бөліп,

Қанатты сөз –мақал мен мәтелге.

5.ойын: «Қаражорға» би жарысы

Шарты: Қаражорға биін нақышына келтіріп орындау.

 

Қорытынды:

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Ж-ші:Міне,бүгін еліміздің тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Құрметті балабақша апайлары , балалар еш уақытта қиындық көрмеңдер.Ел тыныш,халқымыз аман болсын,бейбіт күніміз жарқын болсын. Әрқашан аспанымызда күн сөнбесін. Тәуелсіз көк байрағы желбіресін !

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.