«Талаптыға нұр жауар»

Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Кенжалина Райхан Жадігерқызы

Сабақтың тақырыбы: «Талаптыға нұр жауар»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру мақсатында, өз бетімен және топ болып жұмыс   атқаруға баулу. Алған білімдерін  нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіру. Оқушыларды тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:                Сайыс сабақ

Көрнекілігі: Плакат, Раіnt және Word Pad  редакторларының Құрал саймандары,

сөзжұмбақ, маус, ақ қағаз, су, сабын, мақта, спирт, құрғақ  мата.

 

Саламатсыздар, ма құрметті ұстаздар, оқушылар!

 

Информатика пәнінің апталығына байланысты ұйымдастырылған «Талаптыға нұр жауар» атты сайыс өз жанкүйерлерімен талапты жастарын шақырады. Ұшқырдан-ұшқыр, ойлыдан-ойлы, шапшаңнан-шапшаң, жүйріктен-жүйрік болу керек. Тыңдармандарды өздеріне қаратып, артына ергізер сөзуар шешен болуы да тиіс. Яғни оңды-солды сайма-сай жас тек өзіне сенімді талапты ғана шыға алады.

 

Сайысқа баға беретін қазылар алқасы:

1.

2.

3.

Сайысқа қатысқан командалар:

1. Джойстик” командасы қатысушылары:

1.

2.

3.

4.

5.

2. Монитор” командасының  қатысушылары:

1.

2.

3.

4.

5.

Сайыстың шарттары:

  1. Төс белгімен таныстыру
  2. Бәйге

(сайыскерлерге 10 сұрақ беріледі)

  1. Ойлан, тап.

(Paint және Wordpad саймандарын ажырату)

  1. Жанды сұрақ

(қазылар алқасы сұрақ қояды)

  1. Сөз жұмбақ
  2. «Бұл не?»

(сайыскерлерге маустың ішін шаригін тазарту тапсырмасы беріледі)

Мұғалім сөзі:

 

Сан түрлі тақырыпта,

Мазмұны мақсатта,

Іздесең өнерліні.

Сайыпқыран – сайыста,

Талаптылар – жарыста.

 

  1. 1. шарт  Төс белгімен  таныстыру

Екі топ өздерінің командаларының атымен таныстырып өтеді.

 

2. шарт   бәйге  (10 сұрақ)

1.  Пернетақта дегеніміз не?

  1. Ақпарат дегеніміз не?

Жауабы: (қоршаған ортамен онда болып жатқан процестер туралы құбылыстармен мәлімет алмасу)

  1. Экран бетінде жыпылықтап тұратын тік сызықша не деп аталады?

Жауабы: (курсор)

  1. Бума дегеніміз не?

Жауабы: (жиналған объект)

  1. Компьютер жанына қойылатын өсімдік?

Жауабы: (кактус)

  1. Ақпараттық процестер дегеніміз не?

Жауабы: (жмнау, сақтау, өңдеу, беру, тарату)

  1. Пернетақта неше бөлікке бөлінеді, және қандай бөліктер?

Жауабы: (4 бөлікке, символдық, функционалдық, цифрлық, нұсқаушы)

  1. Компьютердің атасы деп кімді атаған?

Жауабы: (Чарлз  Бэббидж)

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы?

Жауабы: (Принтер)

10.  Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

Жауабы: (бит)

 

  1. 3. шарт  Ойлан, тап

Оқушылар Paint және Wordpad саймандарын екі тақтаға ажыратып іледі.

 

4. шарт   Жанды   сұрақ (қазылар сұрақ қояды)

1.  Компьютер  дегеніміз не?

Жауабы: (ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы)

  1. Есептеуіш техниканың даму жолдары?

Жауабы: (есепшот, калькулятор, компьютер)

  1. Компьютердің негізгі бөліктері?

Жауабы:  (клавиатура, жүйелік блок, монитор, маус)

  1. 8 бит неше байт болады не?

Жауабы: (1 байт болады)

  1. Файл дегеніміз не?

Жауабы: (аты бар байттар тізбегі)

  1. Paint қандай редактор?

Жауабы: (графикалық редактор)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. шарт   Сөз   жұмбақ

        Д И С К Е Т      
      Б И Т              
  М А У С                
  К О М П Ь Ю Т Е Р      
    К А Л Ь К У Л Я Т О Р
П Р О Ц Е С С О Р        
    Ф А Й Л              

 

 

1.  Ақпаратты тасымалдайтын құрал?

Жауабы: (дискет)

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

Жауабы: (бит)

  1. Компьютердің бір бөлігі?

Жауабы:  (маус)

  1. Ақпаратты өңдеуге арналған құрал?

Жауабы: (компьютер)

  1. Есептеулерді жеңілдететін құрал?

Жауабы: (калбкулятор)

  1. Компьютердің миы?

Жауабы: (процессор)

  1. Аты бар байттар тізбегі?

Жауабы: (файл)

 

6. шарт   «Бұл не?»

 

Тышқанның шаригі кірленіп, жүрмей қалғанда не істер едің?

Ол  үшін сіздерге 7 зат берілген:

  1. Табақтағы су; 2. Сабын; 3. Орамал; 4. Ақ бет; 5. Спирт, 6. Мақта;  7. Тышқан.

Жауабы:  алдымен тышқанның шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жуып, орамалға сүртіп, ақ беттің бетіне қоямыз, тышқанның ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз. Содан кейін тышқанның ішіне шаригін салып, қолданамыз.

Сайыстың соңында білімімен, ұтымды жауабымен, шапшаңдығымен жеңіп шыққан топ мадақталады.

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Бұл сайыста тартымды аяқталар

Ғажап сырын өнердің оятты олар,

Біз тілейік қашанда сәтті қадам

өнерлерің өмірге қанат қағар.

 

Ал енді оқушылар сайысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, талаптарыңа нұр жаусын.

Ал қазы мүшелері сіздерге де сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше