Сарамандық жұмыс. Жұқалаң бутербродты дайындап үйрену

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің
cызу,технология мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна

5 «а» сыныбы.  Сабақтың тақырыбы: Сарамандық  жұмыс
Сабақтың мақсаты: Жұқалаң бутербродты дайындап үйрену
Сабақтың міндеттері: Білімділік:  Оқушыларға жұқалаң бутербродты дайындап үйрету үшін білім беру
Дамытушылық:  оқушы алған білімін өз бетінше қолдана білу қабілеттерін дамыту және  нәзік  икемділікпен, ептілікке бейімдеу
Тәрбиелік:   оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
сарамандық жұмыс
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
түсіндіру, сарамандық жұмыс, ой-қиялға үңілу, ынтымақтастықта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:
   тақтай, пышақ, шай қасық тірек –сызбалар, сурет-сызбалар, журналдар, үлгі беттері, таратпа материалдар, бояу түрлері, сызба аспаптары т.б    Пәнаралық байланыс: сурет, сызу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Дайындық бөлім:

Сәлемдесу,түгендеу,сабаққа даярлығын тексеру

 

II. Өткенді қайталау

Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі

III.Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесін сақтаймыз

Көзбен көру,ойды бөлу,меңгеру .

Асханалық ыдыстар мен құралдарды орналастыру Азық түліктер:қара нан-100г,пісірілген картоп-1 түйір,қызылша,шикі сәбіз-1 түйірден,консервіленген бұршақ-1 ас қасық,қаймақ немесе майонез-1-1,5 ас қасық,көк пияз -30г,майлы қоспа-35 г.

Дайындалу тәртібі.

1.Майлы қоспаны дайында.Ол үшін 100 г сары майды жұмсартып,50 г ұсақтап туралған аскөк,жас пияз,петрушканы қосып араластыр.Татымына қарай тұз,лимон қышқылын салуға болады.

2.Картоп пен қызылшанаы майда текшелеп тура.

3.Сәбізді ірі көзді үккіштен өткіз.

4.Көк пиязды ұсақтап тура.

5.Бір тілім нанға майлы қоспа жақ.

6.Оның бетіне рет-ретімен дайындалған көкөністерді сал.

7.Дайын бутербродты кішкене төртбұрышты,үшбұрышты кесектерге турап,тәрелкеген сал.Дастарқанға қой.

8.Жұмыс орнынды жина.

 

IV. Сабақты қорытындылау.

.

Рефлексия(оқушыларды бағалау)

Оқушылар өзара тәжірибе алмасу,пысықтау бөлімінде оқушының іс-әрекетін бағалаймыз,жинақтаймыз,оқушы ойланады,табады,салыстырады,талдайды,байланыстырады,жауап береді

Асханалық ыдыстар мен құралдар

1.Сулықтар не үшін қажет?2.Сулықтардың түрлері.3. Сабақтағы бүктеу тәсілдері

V Бекіту кезеңі.Оқушылармен сұрақ-жауап,ой-толғаныс айту,тосын сұрақтарға жауап алу,оқушыларды бақылау,бағалау,мадақтау,ескерту жасау,әділ бағалау

Үйге тапсырма беру

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше