Без рубрики

Редакторлық кеңес шешімі

25.10.2012 жылы Республикалық 45minut.kz басылымының редакторлық кеңесі болып өтті. Редакторлық кеңесте басылымның алдағы жоспарлары туралы кеңінен сараптамалық талқылау негіз алды. Редакция қызметкерлерінің және тілшілердің жұмысы және 2013 жылға арналған жұмыс жоспары жасақталды. Редакциялық кеңес шешімі бойынша алдағы уақытта төмендегі тақырыптарды негізге ала отырып, жұмыс жоспары бойынша қызмет атқарады.

1. Басылым жұмысы туралы. Басылым жұмысында шығармашылық жобаларды қолдау, газет санының уақытыл шығуын, жеткізілуін оңтайластыру, тілшілермен белсенді жұмыс жасау маңыздылығы туралы айтылды. Тілшілерден білім мекемелері жаңалықтар, сабақтар, газетке материалдар қабылданады және үздіксіз жарияланып отырады.

2013 жылға арналған газетке жазылу акциясы басталды. Акция-2013 туралы: http://45minut.kz/?page_id=40624   Казпочта АҚ арқылы жазылғандар акцияға қатыса алмайды.

2. 2013 жылға арналған тілшілер жұмысы туралы. 2012 жылы басылымға тілшілер қабылдау шектеусіз және талап білдірушілердің барлығы қабылданды. Осы арқылы ұстаздар тілшілік жұмыстың маңызы мен мағынасын, жауапкершілігін жете түсінуге мүмкіндік алды. Шығармашыл бағытта жұмыс атқарып жүрген көптеген ұстаздармен таныстық. Мұғалімдердің жинақ кітапшаларын шығарылды. 2012 жылы БАҚ өкілі-Тілші болып белсенді әрі бірлесе қызмет атқарған барлық Ұстаздарға алғыс білдіреміз.

2013 жылы тілшілермен жұмыс тәртібі өзгерді. Республикалық басылымға БАҚ өкілі Тілші болғысы келген талапкер үшін:

1. Түйіндеме. Фотосурет. Тілші қызметі туралы өзіндік ой пікірі.

2.  "Мектептегі бір мезет" интернет конкурсына қатысу, білім мекемесі туралы шығармашылық, фото, видео ақпарат.

3. Тілші қызмет көрсететін оқырмандарды жасақтау. Яғни, әрбір тілшінің өзі жұмыс жасайтын шығармашылық ұжымын қалыптастырады. Ұжымдағы ұстаздардың сабақ жариялау, сертификат алу, газет оқырманы болу барлық сұраныстарына көмектеседі, өз ұжымын үлгілі шығармашыл ұжым ретінде қалыптастыру үшін жұмыс жасайды. Сонымен қатар өзінің мектебі үшін де БАҚ байланыс жасайтын тілші болып қалыптасады. Білім мекемесіндегі жаңалықтар, оқушылардың еңбектері, іс шаралар туралы ақпараттарды БАҚ жариялауға мүмкіндік алады. Әрбір іс-шараны фото, видеоға түсіріп, сол туралы ақпараттық мақала жазып отырады.  Тілші шығармашылық ұжымын жасақтау үшін Акция-2013 бойынша газетке жаздыру ұйымдастырады. Редакциямен тұрақты байланыста болып ұстаздардың сабақтары, іс тәжірибелерінің жарияланып отыруы қадағалай алады.

3. "Мектептегі бір мезет" интернет конкурс туралы.  Республика көлемінде білім мекемелерінің қызметін таныту, білім мекемесі беделін, ұстаздар ұжымын, оқушылардың шығармашылығын таныту мақсатында "Мектептегі бір мезет" интернет конкурсы ұйымдастырылады. Интернет конкурс уақыты шектеусіз. Интернет конкурсқа қатысушы білім мекемелері арасында тұрақты түрде апталық, айлық үздіктер анықталып отырады. Жеңімпаз білім мекемесі туралы Республикалық 45minut.kz басылымында танытымдық материал тегін  жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін: Білім мекемесі туралы мақала, фотосуреттер, видео материалдар http://www.45minut.kz сайтында тиісті бөлімде жариялануы керек. Материалдардың берілу формасы және жарнамасына шектеу болмайды.

4. "Арманы асқақ оқушы" әлеуметтік жобасы туралы.  "Арманы асқақ оқушы" әлеуметтік жобасы жұмысы басталғаны туралы хабарлаймыз.

Әлеуметтік жобаның мақсаты:  Білім мекемесіндегі Ұстаз және Оқушы байланысының жарқын мысалын көрсету.  Ұстаздың оқушының болашағы туралы арманына жол көрсетер ақылшы болатындығын насихаттау. Оқушының үлгі тұтар тұлғасы мен оқушы арасында байланыс орнату.

Әлеуметтік жобаға қатысу шарттары:

1. Ұстаз өзі таңдаған оқушымен бірге болашақ туралы, кім болғысы келетіні туралы сұхбат өткізеді.

2. Таңдалған мамандық, қызмет саласы бойынша үлгі болатын тұлғаларды анықтайды, өмірбаянымен танысады.

3. Ұстаз бен оқушы бірлесе отырып болашақ мамандық туралы, үлгі тұтатын тұлға туралы, мамандық таңдаудағы Ұстаздың ақыл-кеңесі және психологиялық сараптамасы туралы, мақсатқа жету үшін жасалатын, жасалып жатқан қадамдары туралы шығармаша жазылады. Шығармада Ұстаз бен оқушының суреті міндетті түрде болуы керек.

4. Республикалық басылым өз тарапынан шығармадағы үлгілі тұтатын тұлғамен байланыс орнатып, шығарма бойынша тұлғаның пікірін, ұсынысын жариялайды. Мүмкіндікке байланысты оқушыға естелік сыйлық та берілуіне ұсыныс білдіреді. Алдағы уақытта өзара байланыс орнатуына себепкер болады.

 

Редакторлық кеңес шешімі: 2 комментария

  1. Осындай  іс шаралардың  көбейгені  ұстаздарды жігердендіріп тастайды екен….

  2. Осындай  іс-  шаралардың  көбейгені  ұстаздарды жігерлендіріп тастайды екен…. Сіздерге  шығармашылық  табыс тілеймін. Ұстаздардың  қажырлы еңбегін  елеуде   үлкен жұмыс атқарып отырсыздар  және  мұндай  жүмыстар  мұғалімдер үшінде  тиімді   болмақ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.