Зат есім
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қ.Пірімов атындағы №103 мектеп
Кушикбаева Динара
Сыныбы: 2 «в»
Тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы түсінік беру.
Білімділік: Зат есім заттың атын білдіретін білдіретінін, оның кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап беретінін ұғындыру.
Дамытушылық міндет: Оқушыларға зат есім туралы білім бере отырып, сөйлемнің, мпқалдың, жаңылтпаш, жұмбақтардың ішінен зат есімдерді таба білуге, зат есімдерді қатыстырып сөйлем, әңгіме құрай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік міндет: Адам, құс, жануар, зат атауларын ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекілігі: Зат есімге байланысты суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
– Саламатсыздар ма, балалар!
– Саламатсыз ба!
– Көңіл-күйлеріңіз қалай?
– Жақсы
– Отырыңыздар, қазір қазақ тілі сабағы, керекті құралдарымызды шығарамыз.
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Зат есім». Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын, сендер ойланып жауабын тауып көріңдер.
Он көзі бар өзінде
Он цифр бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың
Жырақтап хабар аласың.
Телефон.
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Яғни бұл сөзге «не» деген сұрақ қоямыз.
Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көріңдерші.
Бір аллаға сыйынып,
Кел, балалар,оқылық.
Оқығанда көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Балалар, бұл өлең шумағының авторы кім?
Ыбырай Алтынсарин.
Дұрыс, балалар, яғни бұл «кім» деген сұраққа жауап береді екен.
Сонымен «зат есім» дегеніміз не? Заттың атын білдіретін сөзді «зат есім» дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? Не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: адам, адамдар, ағаш, ағаштар.
Адамға кім? кімдер?, ал жануарларға, заттарға не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Енді, балалар, осы зат есімге байланысты жаттығулар орындаймыз.
304-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Оларға сұрақ қой.
Ұсталар, зергер, жазушы, тәрбиеші, дәрігерлер, ұстаз, саяшылар.
Ұшақ, қой, қарға, арыстандар,астық, белдіктер, аюлар.
Кім? кімдер? Деген сұрақ қойылатын сөздерді не? нелер? деген сұрақтар қойылатын сөздермен салыстыр. Айырмашылығы неде?
305-жаттығу. Жаңылтпашты оқы.
Тау бар, тау бар,
Тауда бау бар.
Тауда ара бар,
Ара барда, бал бар.
Жейсіңдер балалар.
Қайда кетер бар бал.
Зат есімдерді тауып, көшіріп жаз. Олар қандай сұраққа жауап береді?
306-жаттығу. Алдымен мал аттарын, содан соң құс аттарын көшіріп жаз. Оларға сұрақ қой.
Ешкі, тауық, қаз,қой, үйрек, түйе, жылқы, аққу,тырна, сиыр.
Қарамен жазылған зат есімге –шы, -ші жұрнағын жалға. Сонда ол қандай сұраққа жауап береді?
Осы сөздерді қатыстырып 2-3 сөйлем жаз.
307-жаттығу.Мақалды жатқа жаз.
Аға әдепті болса, іні әдепті
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
Зат есімнің амтын сыз. Бұлардың мағынасын түсіндір. Туыстықты білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? Оларды жазып сұрақ қойыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Қане, балалар, жазып болсақ, қаламдарымызды қойып, назарымызды тақтаға аударамыз. Мына сөзжұмбақты бәріміз шешіп көрейікші. (суреттер арқылы сөзжұмбақты шешу)
Сонымен, балалар, зат есім дегеніміз не?
Заттың атын білдіретін сөз.
Қандай сұрақтар қойылады?
Кім? кімдер? не? нелер?
Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Балаларға кеспе қағаздар үлестіру арқылы тапсырма беремін.
ІҮ. Үйге тапсырма.
Балалар, бәріңде 122-беттегі 308-жаттығуға қараңдар. Бұл жаттығуда бірнеше сөз берілген, үйден осы сөздерге сұрақ қойып жазасыңдар және бұл сөздерге –шы,-ші жұрнағын жалғап жазып келіңдер.
Ү. Бағалау.
Сабаққа белсене араласқан балаларды жұлдызша мен жалауша арқылы бағалау.
