Без рубрики

Абайдың қара сөздері. С.Торайғыров «Оқып жүрген жастарға»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қ.Пірімов атындағы №103 мектеп
Кушикбаева Динара

Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 4 «б»
Тақырыбы: Абайдың қара сөздері. С.Торайғыров «Оқып   жүрген жастарға»
Сабақтың мақсаты: С.Торайғыров туралы шағын мағлұмат беру. «Оқып жүрген жастарға» өлеңімен таныстыру.
Білімділік: С.Торайғыров туралы білім беру. С.Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға» өлеңі арқылы кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиет сөзін оқушыларға ұғындыру.
Дамытушылық: Білім бере отырып, оқушыларды мәтінді, өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсінікті етіп оқуға және мазмұнын аша білу дағдысын қалыптастыру.

   Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, еңбекқорлыққа, мейірімділікке, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

   Сабақтың түрі: Аралас сабақ

   Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

   Сабақтың әдісі: Түсіндіру

   Сабақтың көрнекілігі: Абайдың қара сөзі жазылған плакат, Абайдың, Сұлтанмахмұттың суреті.

  

   Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

   Балалармен сәлемдесіп, назарларын өзіме аудару, сабаққа дайындау.

 

                    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтып жібереді?
  • Ғафу Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқуға берілді.

    ( 2-3 оқушыдан автордың өмірін сұрап, өлеңді мәнерлеп оқытамын)

 

                  ІІІ. Жаңа  сабақ.

  • Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға» өлеңі. Тақырыпты бастамас бұрын Абайдың мына қара сөзіне назар аударайықшы.

   Күллі адам баласын қор қылатын 3 нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық деп білеміз.

   Надандық- білім, ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

   Білімсіздік – хайуандық болады.

   Еріншектік – күллі дүниедегі өмірдің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

   Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.

   (мәтіннің астындағы сұрақтар бойынша жұмыс жүргіземін)

  1. Надандық, еріншектік, залымдық жайлы оқушылардың пікірі.
  2.  Мәтіндегі Абай атаған жат қылықтарды санамалап айтып бер.

(мәтінді дәптерлеріне көшіртемін)

(дәптермен жұмыс)

Сөздік жұмыс: Хисабына – бұл жерде: қатарына, есебіне деген мағынада

  Енді балалар, негізгі тақырыбымызға көшейік. Сұлтанмахмұт Торайғыров – 1893 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген («Шәкірт ойы», «Неге жасаймын», т.б. өлеңдердің «Қамар сұлу», т.б. көркем шығармалардың авторы. Мен қазір мына өлеңді оқимын, сіздер мұқият тыңдап отырыңыздар.

   «Оқып жүрген жастарға».

  (өлеңді оқып, жалпы мазмұнын түсіндіремін, өлеңнің астындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша оқушылармен жұмыс жүргіземін)

  1. Өлеңді дауыстап, дұрыс және түсініп оқы.
  2. Өлеңдегі сұрақ қойылған жолдарды теріп оқы және мағынасын түсіндір.
  3. Ақынның жастарға артқан үміті айтылған жолдарды тауып оқы.

 

                 ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

   Ақын жастарға қандай өсиет қалдырғанын өз түсінгендеріңше пікірлеріңді айтып көріңдерші

   (4-5 оқушыдан сұраймын)

   Сонымен С.Торайғыров кім екен? Ақын жастарға қандай үміт артқан?

 

    С.Торайғыров
 
 
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
 
 
      педагог
 
 
  жазушы
 
 
    ақын
 
 
    С.Торайғыров
 
 
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
 
 
      педагог
 
 
  жазушы
 
 
    ақын
 
 

 

    С.Торайғыров
 
 
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі
 
 
      педагог
 
 
  жазушы
 
 
    ақын
 
 

      Ү. Үйге тапсырма.

Өлеңді жаттап келу.

 

    ҮІ. Бағалау.

Сабаққа белсене араласқан балаларды бағалаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.