Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Қорғантұз орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі Оразаева Раушан Ердіғалиқызы
Сабақ тақырыбы: Жыл балдырғаны
Мақсаты:
Жан- жақты білім дәрежелерін ортаға салатын оқушылардың таным көкжиегін кеңейту.
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту
Ұйымдастыру бөлімі
Ойын-толқын , айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
І тур: «Бәйге» сайысы
1.Төмендегілерді көлемі бойынша кішісінен бастап қайта жаз?
1)қауын 3)шие
4)алма 2) қара өрік
2.Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы?
A)Жүйелі блок C) Дисковод
B)Пернетақта D) Принтер
3.Музыкалық нотаның басы қай нотадан басталады?
A) соль C) ми
B) ля D)до
4. Как называется жилище волка?
А)берлога С)логово
В) нора Д) гнездо
- …көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
… көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
…көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба!
Шешуі қандай?
6.Астана қай өзеннің жағасында орын тепкен?
А) Жайық С) Іле
В) Есіл Д) Каспий
7.Бауырсаққа не болды?
суға батты C)ағашқа ілінді
B)түлкі жеді D)қасқыр жеді
Келесі турға «Жорғаға» 6 оқушы ғана өтеді.
ІІ тур:“Жорға”сайысы
Ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
1… – компьютердің ақыл-ойы тәріздес.
2. Ең үлкен үш таңбалы сан?
3. Мен он жастамын. Қай жақта айтылған?
4. Менің атым ….Ағылшын тілінде айт?
5. 2-ге бөлінбейтін сандар.
- Қазақстанның бірінші президенті кім?
- ҚР мемлекеті қандай мемлекет?
- Мен жетідемін. Ағылшын тілінде айт?
- Гүлім сөзін көпте?
- Бір-бірімен қиылыспайтын түзүлер?
1.Компьютер қасына қойылатын өсімдік?
2.Әнұранның әнін жазған кім?
- Сен нешедесің? Ағылшын тілінде айт?
4.Бас әріптер режимін іске қосатын перне?
5.ҚР- ның мемлекеттік туының авторы кім?
- Гүл сөзіне сөйлем құра?
- Кемпірқосақ неше түстен тұрады?
-
Paint қандай редактор?
4.Винни Пух ертегісінде Иа деген есек нені жоғалтып алады?
- Білгенің бір тоғыз,…
- Менің анам…. Ағылшын тіліне аудар?
Судың үш күйі?
Байғазы деген қандай дәстүр?
Санды 1- ге бөлуге бола ма?
Биылғы Жолдау қалай аталды
1.1-10-ға дейін сана? Ағылшын тілінде
- Дәрігер сөзін жікте ?
Бұрыштың түрлерін ата?
4.Жеті жұрттың тілін біл,…
5.Ғаламторға қосылу үшін қажетті құрылғы?
ІІІ тур «Ғажайып алаң» сайысы
1.Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
2.Ағасы 12 жаста,ал қарындасының жасы 2 есе кіші.Қарындасы неше жаста?
3.Шеңбердің диаметріне анықтама бер?
4.Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
5.“Абай жолы”туындысының авторы кім?
6. Абай күлместен мысқылдап қарайды. Әжесіне жабысып отырып:
-Қалай, құлағың ашылды ма?-деді.
-Е, жақсы болып қалды. Өркенің өссін, балам! -деп әжесі алғыс айтты.
Мына үзінді қай романнан алынған?
7.Жұрнақ дегеніміз не?
8.Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады?
9.Қазақстанның географиялық орналасуы туралы не айтасың?
10.Өрмекшітәріз-ділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді?
Осы турдан кейін ұпайы аз 2 оқушы қатыспайды.
ІV тур: Полиглот
1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында?
2.Бала тілі-
3.Жазу жазып жалықпаған, жаза — жаза арықтаған
4.Қабат — қабат қаттама,
Ақылың болса аттама
5….көрген оқ жонар
Ұпайы аз 2 оқушы келесі турға қатыспайды . Яғни соңғы турда 2 оқушы ғана сөйлейтін болады.
Сұрақ- жауап
1.Оян қазақ» кімнің шығармасы?
2. Жалғаудың неше түрі бар?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
5. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
7. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
8. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан?
9. Қазақстан жерінен өткен жол?
10. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Жүз жасаған ақын?
4. «Шаһар» сөзінің синонимі?
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
7. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
9. Абайдың қанша қарасөзі бар?
10. Ата Заң күні қашан?
V тур: Пікірталас
Бұл турда ұпай деңгейлес екі оқушыға «Қазақстан- 2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы берілді.
Жеңімпаз оқушыға «Жыл балдырғаны атағы», келесі оқушыларға ұпай санына байланысты ІІ, ІІІ орындар беріліп, марапатталады.