Оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттырудағы ақпараттық технологияның ықпалы
Оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттырудағы ақпараттық технологияның ықпалы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: “Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек” – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады.
Электрондық оқулықтар дайындау Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық білімді ақпараттандыру ғылыми — әдістемелік орталығының негізгі қызметі болып табылады.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар
Ø Жан- жақтылығы;
Ø Ізгіліктілік, онда кез-келген орындаушы өзіне қажетті білімді ала алады;
Ø Бейімділігі. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшін бір мәнді болуы керек, бірақ оқу материалы әр түрлі формада берілуі мүмкін;
Ø Модульдік. Кез-келген электрондық оқулықты дәстүрлі оқулықтар негізінде құрылымын жасақтау.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулықты пайдаланғаннан кейінгі күтілетін нәтиже
Ø Оқушының ойлауы арқылы және бағдарламалар құрып, оқушымен дербес жұмыс жасау.
Ø Компьютермен жұмыс істеу — компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады.
Ø Компьютер алдында оқушы еркін жұмыс істейді.
Ø Оқытуды компьютерлендіру қазіргі дидактика мен нақты әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады.
Ø Әлемді компьютер жайлаған бүгінгі күнде компьютерді тиімді де нәтижелі пайдалану үшін мұғалімнің білімділік және кәсіби сауаттылығын көтереді.
Ø Оқытудың негізгі мәселені – оқушыға іргелі де терең, тиянақты жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, оның әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызады.
Сабақты жоспарлау кезеңінің 5 типі бойынша электрондық
оқулықты пайдалану жолдары
Ø Жаңа тақырыпты түсіндіру;
Ø Білімді іскерлікті, дағдыны қалыптастыру;
Ø Аралас сабақ;
Ø Жинақтау жүйелеу сабағы;
Ø Қайталау сабағы.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
• Ұйымдастыру кезеңі;
• Жаңа білімді түсіндіру (электрондық оқулық);
• Жаңа білімді бекіту (электрондық оқулықтың тапсырмалары);
• Қорытындылау, бағалау (электрондық оқулықтағы тест);
• Үй тапсырмасы.
Электрондық оқулықтар жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерінде:

Модульдік оқыту тәсілі туралы