Без рубрики

Оразаева Раушан Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қорғантұз орта мектебі Бастауыш класс мұғалімі

Тақырыбы: Гүлден ,менің, туған өлкем! Р.Е.Оразаева. Қорғантұз орта мектебі
Мақсаты:
Тәрбиелік. Жеке тұлғаны қалыптастыру,сынып ынтымастығын көрсету,топтық және жұптық жұмыстарға тарту,оқушы ойын сабақ арқылы ауыл мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.
Елін,жерін,тілін,әдеп-ғұрпын құрметтейтін,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру
Дамытушылық. СТО арқылы шешен сөйлеуге баулу, танымдық мүмкіндігін анықтау,талдау, бакылау,сыни ойлауға жағдай жасау.
Білімділік. Оқушыларға туған өлке тарихын зерделеуге,таным түсінігін кеңейтуге көмектесу.
Рухани құндылыққа толы қасиетті,киелі өлке туралы білгендерін ортаға салғызу.
Болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру.
Сабақтын адісі: Тірек ұғымдар,ДЖИКСО-І, сиқырлы таяқша, сұрақ-жауап, болжау,талдау,галереяға саяхат.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка, еңбек
Көрнекілік: интербелсенді тақта,шарлар, «ауыл болашағы» макеті, буклеттер

Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
ІІ.Қызығушылықты ояту.
Тақтада «Байқадам» әні ойнап тұрады.
Мұғалім: Өлең не туралы?
-Авторы кім? Орындаушы кім?
-Ендеше ,балалар,бүгін тәрбие сағатымыз осы ауылға арналады.
Дәптерімізге «Гүлден менің, туған өлкем» тақырыбын жазып қояйық.
ІІІ. Мағынаны тану. Аудан картасы көрсетіледі (аумағы)Ауылдың географиялық
Анықтамасы айтылады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Туған жер-әр адамның етжүрегі.Өлең сөздерінен аңғарылғандай, туған жерге деген сағыныш- адамзаттың оған ән- жыр арнауынан – ақ көрініс береді. Туған жер сенің- тұрағың, туып- өскен мекенің. Туған жерге мектебіміздің ұстазы Амантаева Гүлнар апай төмендегідей жыр жолдарын арнады:
(Қазтуған жырау ізімен)
Жылт- жылт еткен анау көп бұлақ,
Ежелден бабам қонған жер
Салуалы ордам- Сарбұлақ,
Құтты мекен болған жер.
Милыбұлақ мәуелі,
Ақтылы қой өрген жер.
Сулыбұлақ сүбелі,
Сұлулар шашын өрген жер.
Шолақжиде шұрайлы,
Сусаған шөлін басқан жер.
Берекелі Байқадам,
Тең келмес оған басқа жер
Қарабұлақ киелі,
Атам терін төккен жер.
Сансыз бұлақ- ғашықтар,
Бірін- бірі өпкен жер.
Борсық бойы- береке,
Жараса жағалай қонған жер,
Шағылқұдық, Ұштаған,
Құмы малға толған жер.
Күнгей, Күркей арасы,
Бабама қыстау болған жер.
Әр төбесі, әр белі
Ерлік күйін шерткен ел.
Байқадам ауылы- Ақтөбе облысы, Шалқар ауданына қарасты елді мекен.Ұлы Борсық құмының бойында орналасқан.
ДЖИКСО-1 әдісі. «Туған жер атаулары сөйлейді». Оқушылар берілген тақырыпшалар арқылы білгендерін ортаға салады. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
ІV. Шығармашылық жұмысІ топ «Ақындар» тобы; (ауыл, туған жер туралы шығармашылық жұмыстары) «Ұстаз» газетіне шыққан «Ауылыма жетпейді-ау» шығармасы — Әйтжанова ДианаАуылыма жетпейді ау..Туған жер- алтын бесік.Осы жолдардан –ақ туған жер — тұғырың, құт- мекенің, туып- өскен алтын ұяң екені белгілі.Туған жердің күні де, түні де ыстық. Әрбір адамзат өзі туып- өскен өлкесін қадірлеп, алыста жүрсе- тілеуін тілеп, оның мақсат- мүддесі үшін аянбай еңбек етеді,жырға қосады.Менің туған жерім- Шалқар ауданының Байқадам ауылы. Облыс көлемінде әншілер шырқата әнге қосып жүрген Байқадам — қазіргі уақытта жанданып, жасарып келеді. Олай дейтінім- ауыл үшін қол жетпес арман болған газ, темір жол құбырлары келеді деп жоспарлануда. «Дипломмен ауылға» жобасымен жас ағай — апайлар келіп, ауыл көңілді шаһарға айналып келеді. Тағы бір қуанарлық жаңалық- «Жезқазған- Бейнеу» темір жол желісінің жобасы бойынша Бейнеу- Шалқар маршруты таңдалып алынған. Болашақта ауылым — «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деген сөздің айқын дәлелі болмақ.«Өз үйін ұнатпаған адам өзі өскен жұртын ұнатпайды. Ал өзі өскен жұртын ұнатпаған адам-өз елін, өскен жұртын,өз халқын сүйіп жарытпайды. Ал онсыз адамзатқа деген сүйіспеншіліктің болуы мүмкін емес»,- деген ұлағатты сөз бар.Қорыта келгенде, ауыл- біздің тербетілген бесігіміз, біздің болашағымыз екенін туған жердің әрбір перзенті жете түсініп, оның Қазақстан үшін өрелі, мәдениетті, халқы салауатты , сауатты болуына ат салысып, гүлденген шаһарға айналуына үлесін қосса деймін. Қыстаубайқызы Ұлболсынның өлеңі
Ауыл көркі – далада,
Қала көркі – мегада,
Ауылым менің көрікті,
Көз тоймайды қараса.
Ауылым менің көрікті,
Жақсы көрем өзіңді,
Ардақтаймывн мәңгілік,
Сен секілді ауылды.
ІІ топ «Жасыл ел» тобы; (ауыл және мектеп маңына егілетін ағаштар, флорасы мен фаунасы туралы Байқадам- 2030 буклетін дайындайды)
ІІІ топ «Сәулетшілер» тобы; (ауылдың болашақ спорт орталығы «Қызғалдақ» жайлы макет даярлайды) Макет мазмұнында- ауыл символы ретінде қызғалдақ неліктен таңдап алынғаны айтылады.Мұғалімнің қорытынды сөзі.
V. «Сиқырлы таяқша» әдісі. Оқушылар жауабы
Бейнеу – Шалқар газ құбыры, Волоком интернет желісі, көгілдір отын, 12 жылдық білім беру үрдісіне арнайы салынатын интернат
Ендеше ауылдың болашақтағы бет — бейнесін қане, өзіміз құрастырып көрейік. (Тақтада оқушылар суреттерді магнит көмегімен құрастырады)
VІІ. Ой толғаныс
— Ауылды көркейту үшін не істер едің? Кім қандай ұсыныс айтар екен?
— Оқушылар өз жауаптарын айтады
Біз класс болып Елбасы Жолдауындағы басым бағыттар бойынша болашақта ауылымызға төмендегідей жаңалықтарды енгізуді жоспарлап қойдық.
1.Спорттың ғимараттарды қолжетімді ету керек,- деген болатын Елбасы. Сондықтан ауыл адамдарының салауатты өмір салтын ұстану үшін спортзал салуды көздейміз. 2. Елбасы тұтастай ел бойынша туризм өсімін қолға алу қажеттілігін айтып өтті.Сондықтан 2030 жылына қарай аулымызға туризм орталығын ашуды көздеп, класс болып макетін жасап қойдық .
3. Экологиялық ұйымдар мен қоғамдар негізінен туған өлке табиғатын, тарихын сүйіп өсуге, оны қорғауға, патриотизмді қалыптастыруға, адамдардың экологиялық білімі мен таным деңгейін көтеруге бағыт ұстануда. Сондықтан біз де 4- класты бітірерде ауыл маңына , көшелерге ағаш егуді қолға алмақпыз.
VІ. Қорытынды. Тренинг . Ортадағы гүл құтысына оқушылар ауыл туралы өз жүрекжарды тілектерін айтып, шардан жасалған гүлдестелерін салады .
Мыс: Ауылымыз жасыл желекке айналсын!
Ауыл халқы салауатты өмір сүрсін!
Ауылда кәсіпкерлік жолға қойылсын!
Ауыл халқы ауызбіршілікте болсын!
Ауыл өмірі жандансын! т.б
Бәрі қосылып : Гүлден менің, туған өлкем,
Аялай біл, жас өркен! – деп қорытындылайды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.