Без рубрики

Температура. Температураны өлшеу. Абсолют температура

Асанова Сағира Ахметжанқызы
Индерауданы, Ынтымақ ауылы, Гребенщик орта мектебі

Физика Х сынып

Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу. Абсолют температура.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға температураның дененің ішкі күйін сипаттайтын шама екендігін түсіндіру.

2. оқушыларды салыстыра білуге, оқу материалдарының ең негізгілерін таба білуге үйрету. Молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын сипаттайтын шамалардың арасындағы байланыстарды меңгеруге және жүйелей білуге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: тақта, дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, топтық және жеке жұмыстар.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту.

5. Деңгейлік тапсырмалар.

6.Үйге тапсырма

I Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтары:

1.Газ молекулалары сансыз соқтғысты бастан кешіре отырып, үздіксіз әрі алуан түрлі қозғалыста болатыны белгілі. Молекулалардың осы ерекшеліктерінің негізінде газ қасиеттерін зерттейтін теорияны молекулалы-кинетикалық теория деп атайды.

2.Газды сипаттайтын және тікелей тәжірибеде өлшеуге болатын негізгі макропараметрлерді: қысым, температураны, көлемді қарастырамыз.

3. Газ туралы бұрыннан білетіндерімізді еске түсірейік.

 

  1. Молекулалар арасындағы тартылыс пен тебу күштері есепке алынбайтын, олар тек серпімді соқтығысқанда ғана өзара әрекеттеседі деп саналатын, ал молекулалардың өздері көлемі жоқ серпімді шар немесе материялық нүкте ретінде қабылданатын газ моделін идеал газ деп атайды.

  2. р=1/3nm0 ύ2 Бұл өрнек газдардың млекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі немесе осы өрнекті қорытып шығарған ғалымның құрметіне Клаузиус теңдеуі деп аталады.

  3. р= 2/3nEk Идеал газ қысымы көлем бірлігі ішіндегі барлық молекулалардың ілгерлемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының 2/3 бөлігіне тең.

  4. р=1/3ρυ2 Идеал газ қысымы газ тығыздығына және газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының орташа жылдамдығының квадратына тура пропорционал.

  5. Микроскопиялық параметрлерге жататындар: молекула массасы, көлем бірлігіндегі молекулалар саны, орташа жылдамдықтың квадраты, молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының орташа мәні т.б.

 

II.Оқулықпен жұмыс. 19- жаттығу (4)

 

Газ

Р, Па

n, м2

υ2 , м22

m0 , кг.

СО2

?

2,7*102

9*104

7,3*10-26

О2

5*10-21

1024

?

5,3*10-26

Н2

4*10-21

?

2,5*105

3,3*10-27

 

Шешуі: р=1/3n m0 υ2

1. р=2,7*102* 7,3*10-26*9*104/3=0.59*10-20 Па

2. υ2 =3р/n m0 υ2=2,83*10-19м22

3. n= 3р/ m0 υ2 n=14,5 м3

 

III.Жаңа тақырыпты баяндау

  1. Температура дененің ішкі күйін сипаттайтын шама.

  2. Тым жоғары қыздырылған дене шамалы қыздырылған денемен түйіскенде, энергияның берілу процесі және бірқатар физикалық параметрлер өзгерісінің оған ілесе жүруі жылу берілу деп аталады.

  3. Температураны өлшейтін құрал термометр деп аталады. Дене мен термометр арасында жылу берілу процесі жүзеге асырылады.

  4. Күнделікті тұрмыста кең қолданылатын сұйық термометрлерде біз 1742ж. Швед физигі Цельсийдің енгізген шкаласын пайдаланамыз. Оның тірек нүктелеріндегі 0 және 100 сандары үшін судың қату және қайнау температурасы алынады.

  5. Температураны сұйық термометрлермен өлшеу үшін жұмыстық дене ретінде сынап (-350 С-тан 7500 С-қа дейін), спирт (-800 С-тан 700 С-қа), пентан (-2000 С-тан 350 С-қа дейін), глицерин (-500 С-тан 1000 С-қа дейін) пайдаланылады.

  6. Физикада теориялық зерттеулер үшін температуралардың термодинамикалық шкаласы немесе абсолют температуралық шкала деп аталатын шкала пайдаланылады. Алғаш рет мұндай шкаланы 1848 ж. Ағылшын физигі У.Томсон (лорд Кельвин) ұсынды, бұл шкала оның атымен Кельвин шкаласы деп аталады.

  7. Абсолют температуралық шкалада екінші нүкте үшін судың бір мезгілде үш күйде(қатты, сұйық және газ тәрізді) болатын температурасы қабылданады. Мұндай күй үштік нүкте деп аталады және ол Цельсий шкаласы бойынша t =0,010 С температураға сәйкес келеді.

  8. Термодинамикалық шкала бойынша судың үштік нүктедегі температурасы 273,16 бірлікке тең деп қабылданды.

  9. Абсолют температура бірлігіне мөлшері Цельсий шкаласындағы бір градусқа тең бір кельвинді (1К) қабылдау шартты түрде келісілді: 1К=10 С

  10. Олай болсатемпературалар арасындағы шкалалар айырымы: Т-t = 273,150 -ке тең болады.

Т= ( t + 273,15 ) К t = ( T – 273,15 )0 С

Абсолют шкала бойынша нөл ( абсолют нөл) мынаған тең: 0 К = — 273,150 С

IV.Қосымша деректер: Термометрдің жасалу тарихы. Оқушылардың қысқаша деректері тыңдалады.

V.Сабақты бекіту. ( Тест)

1-нұсқа.

1. Ыдыста гелийдің екі молі бар. Ыдыста шамамен гелийдің қанша атомы бар?

Ж: Әрбір мольде Авогадро тұрақтысына тең атомдар болады десек,

екі моль үшін: 2*6*1023 =12*1023 атомдар бар.

2. Тығыз жабылған ыдыста су және су буы бар. Ыдысты қыздырған кезде су буы молекулаларының консентрациясы қалай өзгереді?

Ж: Су буланып, бу молекулаларының саны арта түседі, яғни бу молекулалары концентрациясы артады.

3. Температураны арттырған кезде сұйықтың кебу процесі қалай өзгереді?

Ж: Артады.

4. Су тұрақты 00 С температура кезінде мұзға айналады. Осы кезде энергия жұтыла ма, әлде шығарыла ма?

Ж: Энергия шығарылады.

5. 430 С температура Кельвиннің шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес келеді?

Ж: Т= 273+43=316 К

2-нұсқа.

1.Судың мольдік массасы неге тең?

Ж: Н2 О→ 18*10-3 кг/моль

2. 267 К температура Цельсий шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес келеді?

Ж: t = (267-273) 0 С= -60 С

3. Мольдік масса дегеніміз не?

Ж: М= m0NA молекула массасын NA Авогадро тұрақтысына көбейткенге тең.

4. Броундық қозғалыс дегеніміз…

Ж: ұсақ бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

5. Идеал газдың ыдыстың қабырғасына түсіретін қысымы дегеніміз..

Ж. Молекулалардың бірлік ауданға түсірген орташа күші.

 

3-нұсқа.

1. Авогадро тұрақтысы дегеніміз …

Ж: Заттың бір моліндегі молекулалар саны: 6*1023 моль-1

2.Қалыпты жағдайдағы қысым мен температура неге тең?

Ж: р=105 Па , Т= 273 К

3. Су буы конденсацияланды. Осы кезде энергия жұтыла ма, әлде шығарыла ма?

Ж: Конденсаця кезінде энергия шығарылады.

4. Газдың қысымы газдың қозғалысын сипаттайтын қандай шамаларға тікелей тәуелді?

Ж: Молекулалардың кинетикалық энергиясына.

5. Температура дегеніміз не?

Ж: Дененің ішкі күйін сипаттайтын шама.

 

4-нұсқа

1.Екі дене жылулық тепе-теңдікте болмау үшін олардың қандай физикалық параметрлері міндетті түрде әртүрлі болу керек?

Ж: Температура.

2. Қыздырғыштың температурасы 2270 С, суытқышының температурасы 270 С болатын жылу машинасының ПӘК-ін бағалау керек.

Ж: ПӘК=Т1 –Т21 = 0,8 немесе 80 %

3.Жылулық тепе-теңдікте болатын кез келген екі физикалық дененің қандай физикалық параметрлері бірдей болады?

Ж: Температура.

Үйге тапсырма: 27,28 476,476 (Р)

Қорытындылау, бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.