Без рубрики

Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың қоршаған ортаға әсері

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп
Баяндама
Тақырыбы:

«Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың қоршаған ортаға әсері»

Дайындаған:

биология пәнінің мұғалімі Сейтжанова Гүлжазира Нағиқызы

2011-2012 оқу жылы

 

«Қазіргі кездегі экологиялық проблемалардың қоршаған ортаға әсері»

Ғасырлар бойы халқымыздың құт мекені, берекелі болған аяулы жеріміздің тыныштығының бұзылуы, табиғатқа аяусыздықпен қастандықтың жасалуы, ядролық қарудың сыналу, өзен – көлдердің суалуы адамзат үшін қауіпті. Жер анамыз тартқан қасірет кімді болса да ойландырары сөзсіз.

Табиғаттаың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын.

Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей , адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың.

Ол анаң ғой, ал сен — кенже ұлысың! – деп ақын ағаларымыз жырлағандай , «Табиғат – Ана» деген ұғымға әрбір адамзат ойлана қарағаны жөн. Бөл бір ауыз сөзде қанша мағына, қанша мұң жатыр.

Соңғы жылдары экология ғылымына ерекше көңіл бөлінуде. Оның көптеген жаңа салалары өмірге келіп жатыр. «Адам – Табиғат – Қоғам» арасындағы байланыс экологиялық проблемалардың негізгі ошағы болып отыр. Экология — негізінен тірі табиғат пен өлі табиғаттың арасындағы тығыз қарым – қатынасты, байланысты зерттейтін ғылым саласы болып есептеледі. Ал пробелеманың неізгі көзі осы «Адам – Табиғат – Қоғам» арсындағы тепе – теңдіктің қатаң сақталмауынан болып отыр. Сондықтан теңдік сақталмағасын экологияның қоршаған ортаға тигізіп отырған жағымсыз әсері өте жоғары болып отырғаны бәрімізге мәлім.

Табиғат пен қарым – қатынасты қалыптастыру, адам экологиясы мәдениетін дамытға қатысты екенін рухани қазынамызды жасаушылар қашанда дабыл көтеріп, араша түсіп, тәлім – тәрбие іс – шараларына жол салып келеді. Табиғат – адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалу үшін табиғаттың атқарар қызметі бол. Табиғат бөлшектері – жан жануарлар дүниесі, өсімдітер әлемі, өзен – көл, биік таулар, сағым тербеген сары дала – ададардың бойына сана, дәтке қуат, бойына күш, өнеріне шабыт, қадамына қанат беретін қайнарлар. Себебі, адам мен табиғат кіндігі бір –« Жер Ана» перзенттері.

Осындай берері мол табиғатқа дақ салып, еңсесін төмен тісіріп отырған адамзаттың зияны өте көп. Бұл проблемаларды болдырмау үшін, адамзаттың күнделікті тыныс тіршілігімен, өмір сүру деңгейімен де тікелей байланысты. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы да экологиялық проблемалардың бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда бұл проблемаларды болдырмау үшін күрестер де жүргізіліп жатыр, дегенмен де бұл күрестер әлсіз. Себебі, биологиялық , физикалық және химиялық ластанулар өмір бойы экологиялық ластануға әкеп соқтырады.

Ғылыми тұрғыдан алғанда экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулермен биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар, экожүйелердің өзгерәсә, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге әкелсе, «Адам-Қоғам-Табиғат» арасындағы қарым-қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз. 
Экология – организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы. 
Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдалану.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
-тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасыболып есептеледі;
— биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерді;
— табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;
— биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;
— биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.

Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады деп есептеледі.

Адам табиғатқа , «Жер Анаға» мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Экология және ғылым. Журнал

  2. Валеология және салауаттылық

  3. Биология.журнал

  4. Биология және салауаттыл негізі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.