«Жұлдызды сағат»

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
№16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Мақсат Айнагүл

Мақсаты:оқушылардың білімін тереңдете түсу,логикалық ойлауды,тапқырлықты,математикалық қырағылықты дамыту,қызығушылықтарын арттыру,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сайыс сабақ   Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест түрінде.
Сабақтың көрнекілігі:
Сандық,жұлдызшалар, ою-өрнек, тест жұмыстары, сыйлықтар, кестелер.

   Сабақтың барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар,құрбылар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Сұрақ-жауап,жұмбақ шешу басталар .

2-жүргізуші:

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріңе.

Ал,келіңдер,келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер

Білімдеріңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

Ойынға қатысатын 10 оқушы ортаға шығады.

1.Айтайын ойлар тұнықтым

Сөзіне ісі сай дәйім,

Біздің екі сыныптың

Татулығын айтайын.

2.Білімсіз ойы толмасын,

Біледі өршіл ұл ғана

Есімі Есімбек болғасын,

Алмастай өткір бұл бала.

3.Қалаға күнде қонса да

Кетпейді ойдан ауыл бақ

Есімі Бүрлен болса да

Мінезі тұйық ауырлау.

4.Қазақ қой көз қысықтау,

Нұрислам білер баянын

Көрінсе жұрттан пысықтау,

Тереңде жатыр ойы оның.

5.Жарасар нәзік гүл десем

Дарынға бәрін балаймыз,

Сымбатты бойшаң кім десем?

Динаны бірден атаймыз.

6.Бақ болар бәлкім қазаққа,

Жанында жалын бар алау.

Біздің осы сыныпта

Қарлығаштың орны даралау.

7.Әкеден ұлы ұғыпты

Әкелген әздеп қуаныш,

Аманкелдідей ұяң,ұқыпты,

Білімді ұлдар мақтаныш.

8.Аруақ дәйім қолдасын

Қабылдап халқы мақұл деп.

Кім десең алғыр?

Диана жасаған ісін ақылмен.

9Жалғанда жылап қайғырма,

Басыңа бақыт қонсын тек.

Тілейміз нәзік Айымға,

Ұзақ өмір сүрсін деп.

10.Ойы күмбір күй сынды,

Барша сыныпқа ұнайды.

Ақмарал біздің сүйкімді,

Томпиған тойған қозыдай.  

       І-кезең

1.Математикадан сұрақтар.

1)Математикалық амал таңбалар.

2)Кез-келген фигураның ауданын

қалай табады?

3)Көбейтудің ауыстырымдылық

заңын айтып бер.

4)Кесінді деп қандай сызықты ай-

ды?

5)Шаршы дегеніміз қандай

фигура?

2.Қазақ тілден сұрақтар.

1)Сөйлем дегеніміз не?

2)Жалаң сөйлем дегеніміз не?

3)Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

дегеніміз не?

4)Реттік сан есім деп қандай сан

есімді айтамыз?

5)Күрделі етістік деп қандай

етістікті айтамыз?

4.Дүниетанудан тест сұрақтар.

1)Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

2)Кен пайдалы қазбаларды ата?

3)Адамның тыныс алу мүшелерін

ата?

4)Мұнайдың ең көп шығатын жері?

5)Атақты күріш егуші кім?

Осы кезең біткенде жұлдызшаны ең аз жинаған 2 оқушы ойыннын шығады да.

     ІІ-кезең.

Әріптерден мамематикалық термин,

ұғым құрастыру керек. А,Қ,О,Д,Ж,М,Ғ,Ш,Ұ,З,С,Н,Ы,Л,Т,Р. Мысалы:қатыс,жоғары, ұзын т.с.с.

Бұл кезеңде де аз жұлдызша жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

ІІІ-кезең:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін құрбыларға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Соларды енді жарыстырып көрелік.

1.Суреттегі дана адамдардың аттарын

табу.

2.Суреттегі оюлардың аттарын табу.

3.Ойын есептер шығару. «Сөз құрас-

тыру» ойыны ойналады

Осы кезеңнің соңында да аз жұлдызша жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

     ІҮкезең:

Өлеңді жалғастыру.

Бұнда бір өлең оқылса оқушылар жалғастырады.

1.Ақ киімді, денелі,ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

………………………………………………

……………………………………………..

 

2.Сұр бұлт түсі суық,қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

…………………………………………………….

……………………………………………………..

 

3.Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған…

…………………………..

……………………………

4.Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

……………………………………

……………………………………

 

5.Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

………………………………….

………………………………….

Бұл кезеңнен соң да жұлдызшаны ең аз жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

         Ү-кезең:

Жұлдызшаға таласып,

Дұрыс тауып жауабын,

Саудаласып көріңдер,

Соңғы екі ойыншы.

1.ЖҰЛДЫЗДАР сөзінің әріптерінен сөздер құрастыру керек.

2.Бір сөзді алып сөйлем құрау.

3.Бір сөзге дыбыстық талдау жасау.

Ойынға қатысқан барлық оқушыларға сыйлық үлестіріліп,жеңімпаз оқушыға мақтау қағазы тапсырылады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше