Без рубрики

72-73 жаттығу Қазақстан Республикам-менің

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қ.Пірімов атындағы №103 мектеп.
Кушикбаева Динара

Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 1"б"
Сабақтың тақырыбы: 72-73 жаттығу  Қазақстан Республикам-менің.

Мақсаты: а) білімділігі: оқушыларға өткен сабағымызға байланысты жаттығу жұмыстарын жасата отырып білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру.

   ә)дамытушылығы: оқушылардың белсенді ойлау қабілетін жандырып, сауатты жазу, оқу дағдысын жетілдіру.

   б)тәрбиелілігі: оқушылардың еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту, намысшылдыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

   Сабақтың типі: аралас

   Сабақтың түрі: дамытушылық

   Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндірмелі

   Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының астанасы, президенті, рәміздері, торғай, балапан, қоян, қораз суреттері, кесте.

   Сабақтың жүру барысы:

   І.Ұйымдастыру

   1. Оқушылармен сәлемдесіп, құралдарын түгелдеу.

   2. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сонымен оқушылар үйге берілген «Отан» өлеңін жаттап келдік пе?

Оқушылардан жаттауды сұрап бағалаймын.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары

  1. Буын дегеніміз не?

       Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  1. «Балапан» сөзін буынға бөліңдер.

Ба-ла-пан

  1. Тасымал дегеніміз не?

 ІV.Кітаппен жұмыс.

  • Балалар, ал енді оқулығымызда Д.Әбілов ағамыздың «Қазақстан Республикам менің» деген өлең жолдары берілген екен. Балалар ең алдымен «Қазақстан Республикам менің» дегенде біздердің ойымызға не түседі?
  • Н.Ә.Назарбаев, елтаңба, ту, Астана, бәйтерек.
  • Н.Ә.Назарбаев ол кім?
  • Қазақстан Республикасының алғашқы президенті
  • Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Ал енді ту, елтаңба, әнұран бұлар нелер?
  • Қазақстан Республикасының рәміздері.
  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
  • Астана қаласы
  • Дұрыс айтасыңдар, олай болса, оқулығымыздағы осы өлең жолдарымен танысайық. Оқушыларға өлеңді оқып түсіндіремін.

Ал, енді балалар кәне осы өлеңдң кім бізге оқып береді.

(Үш оқушыға тізбектетіп оқытамын)

   V. Қорытындылау

Сөздер берілген.Буын.Тасымал

Ой-ын-шық

Дәп-тер

   Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң жарты сызықша қойылады.

Қораз, балық сөздерін тасымалдаңдар. Қо-раз, ба-лық

   VІ. Жаңа сабақ

   Ауызша жаттығу жұмысы. 72 жаттығу

Сөздердің буын санын анықтаңдар

Сөздерді буынға бөліп, үлгі бойынша тасымалдап жазыңдар

Құрылысшылар, теміржолшылар, кітаптарымыз, дәптерлеріміз.

Үлгі: Құ-ры-лыс-шы-лыр

1. Құры-лыс-шы-лыр

2. Құ-ры-лыс-шы-лар

3. Құрылыс-шы-лар

4. Құрылысшы-лар

   Сергіту сәті:

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

   Дәптермен жұмыс.

73-жаттығу.

1) Сөздерді оқып, буынға бөліп «ң» әрпінен басталған буынды атаңдар.

2) Сөз бөлігін «ң» әрпінен бастап тасымалдаңдар. Жаңалық, теңізші, қоңырау, жаңылтпаш;

Үлгі: Жа-ңа-лық (буын)

Жа-ңалық (тасымал)

Му-зыка

Ал-ма

Қо-ян

Те-ле-ди-дар

                 ҮІІ. Үйге тапсырма беру

«Қазақстан Республикам менің» жаттау

Қазақстан Республикасының суретін салу

VІІІ.Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.