Без рубрики

Жануарлар әлемін қорғау

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы
«Амангелді орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сурашева Динара Сайкеновна

Сабақ жоспары : Дүниетану
Сабақтың тақырыбы : Жануарлар әлемін қорғау.
Сабақтың мақсаты :

БІЛІМДІЛІК : Оқушылардың жануарлар жөнінде алған түсініктерін кеңейту. жануарлардың табиғатқа және адамға келтіретін пайдасын ескере отырып жануарлар әлемін қорғау бүкіл адамзаттың парызы екенін түсіндіру.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ : Жануарлар , олардың тіршілігі мекен ортасы пайдасы туралы танымдық қабілеттерін , ой-өрістерін , дүниетанымдық көзқарастарын дамыту.

ТӘРБИЕЛІК : Табиғатты, қоршаған ортаны , жан-жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрден тыс.

Әдіс -тәсілдері : Интер белсенді

Стратегиялары : Ой қозғау, эссе жазу, пікірталас, шығу парағы, бағалау .

Көрнекіліктері : Суреттср, сызбалар , шағын мәтіндер, кестелер, конц карта

Пәнаралық байланыс : Ана тілі

Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау:

  1. Жылы лебіз білдіру.

  2. «Қарлы кесек» ойыны.

3. Топқа бөлу : ( сурет бойынша атау )

4. Үй тапсырмасын тексеру : «Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі»

  1. Түсінгендері бойынша мазмұндату.

  2. Суреттегі жануарлардың пайдасы мен мекен ортасы туралы әңгімелеу.

4.Өтілген материалдарды пысықтау :

Сызбамен жұмыс : Сызбадағы топтар бойынша жануарларды атау, Мекен ортасы мен пайдасы туралы айту :

түрлері

1-ТОП: СҮТҚОРЕКТІЛЕР мекен ортасы

пайдасы

түрлері

2-ТОП: ҚҰСТАР мекен ортасы

пайдасы

түрлері

3- ТОП : БАЛЫҚТАР мекен ортасы

пайдасы

түрлері

4- топ : БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР—— мекен ортасы

пайдасы

 

 

5.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі :

а ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ә ) Мағынаны таныту.

  1. ЭССЕ жазу: 4 топтағы оқушылардың әрқайсысы : 1. Жануарларды қалай қорғауға болады ? 2.Оларды қорғау үшін кандай шаралар қолдануға болады ?
    З.Жан-жануарларға қалай қамқорлық жасауға болады ? — деген сауалдар төңірегінде өз ойларын эссе түрінде жеткізеді .

  2. Эссені тыңдау , талдау.

З. Мұғалімнің қызметі: а ) Оқулықпен жұмыс :

  • Мәтінді оқып , таныстыру.

  • Мазмұнын түсіндіру, мағынасын ашу.

  • «Қызыл кітап» туралы кең, ауқымды түсінік беру. (Айнұр )

ә ) Дәптермен жұмыс :

Қорықтардың аттарын жаздыру : Алматы, Ақсу- Жабағылы , Барсакелмес , Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл.

Жануарлар : Барыс, арқар, елік, марал, сілеусін, Түркімен құланы. Құстар : Тарғақ , бірқазан, дуадақ , кұмай, лашын , бүркіт, кекілік. Балықтар : Ақмарқа , Түркістан қаязы, пілмай, көкбас немесе осман.

6. Жаңа сабақта түсінгендерін тексеру :

Танымдық тапсырма : Мәтінмен жұмыс :

4 топқа түрлі қағазға жазылған шағын мәтіндер таратылады . Жүргізілетін жұмыс түрлері : — Әр топ мәтінді өз ішінде оқу, талдау.

-Концептуалды картаны толтыру.

-Ортаға мәтінді карта бойынша түсіндіру, талдау.1- топ : Қорықтар : «Ақсу-Жабағылы» , «Алматы». Концептуалды картаның үлгісі :

Қорықтардың аты:

Ашылу мақсаты:

Мекендейтін құстар

Жануарлар

 

 

 

 

 

 

 

 

2- топ : Құстар : «Қызғылт бірқазан», «Тарғақ», «Жорға дуадақ». Концсптуалды картаның үлгісі :

Құстардың аты:

Мекен ортасы:

Кему себебі :

Пайдасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

3- топ: Жануарлар : «Карақал». «Түркістан сілеусіні», « Барыс». Кепцептуалды картаның үлгісі:

Жануардың аты:

Мекен ортасы

Кему себептері:

Қорғау шаралары:

 

 

 

 

_4- топ : Балықтар : «Кит», «Камбала».

Балықтың аты:

Немен қоректенеді ?

Пайдасы:

Ерекшелігі :

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Сабақты бекіту : І.Ой қозғау ! «Жануарлар әлемін шарлау»

Әр топтың табиғатқа, жан-жануарларға, кұстарға байланысты білетіндері:

1- топ : Халықтың салт-дәстүрлері: . Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы арыстан.

 

Көлге келіп қонады. Көлдің көркі болады.

Аңшы бірақ атпайды.

Аққудың бар обалы.

Үйге кірген жыланның басына ақ кұйып шығарып салған. Қарлығаш үй іргесіне ұя салса үясын бұзбаған. Төбеден түсіп келе жатқан өрмекшіні құтты конақ келеді деп өлтірмеген.

2- топ. Мақал- мәтелдер. Шағала келмей -жаз болмас.

Аққу-кұс төресі.

Бақа көлінде патша, Балық суында патша, Жігіт елінде патша.

3- топ : Жумбақтар. Орманда жоғары

Ағашқа конады.

Тұмсығын балға етіп,

Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

Үлкен балық суда жүзген, Таба алмас тұрақ жерден.

Аузы бар , тілі жоқ, терісі бар. жүні жоқ.

 

Жүрегі бар ізі жоқ,
Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды. (Балық)

4- топ : Тыйымдары: Аққуды атуға болмайды.

 

Малды кендірмен байлама,

Жыңғылмен айдама.

Малды басынап теппе.

 

Киікті атқанды киесі ұрады,

Елікті атқанды егесі ұрады.

 

2.Шығу парағын толтыру:

Білемін

Білгім келеді….

 

 

 

8. Үйге тапсырма: 1.Мәтінді оқу, мазмұндау.

2.Альбом жасау

3.Қосымша материалдар жинақтау

Бағалау: Бағалау парағы бойынша оқушылар білімдерін өздері бағалайды.

 

Топ оқушыларының аттары :

1.Үй тапсырмасы:

2.Эссе жазу

3.Танымдық

тапсырма

4.Ой қозғау!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.