Без рубрики

Санға 2-ні қосу және азайту

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы
«Амангелді орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сурашева Динара Сайкеновна

Сабақтың тақырыбы: Санға 2-ні қосу және азайту
Сабақтың мақсаты
:

1, 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен оқушыларды таныстыру.

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу арқылы білім деңгейін дамыту.

3. Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: математикалық домино, үлестірмелі материалдар.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау.

 

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Себебі, бізге көп қонақ келіп отыр. Біз өзіміздің не үйренгенімізді,білімімізді көрсетуіміз керек.

 

ІІ.Өткен сабақты еске түсіру.

Сыныпқа жат бір қонақ келіп отыр.Ол қонақ кім екенін білу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

1 тапсырма. Сандар құрамы

 

 

Тақтамен жұмыс

Ал партада отырған оқушылар ауызша «Кім жылдам?», «Көршісін ата» ойынын ойнайды.

 

2 тапсырма.

+1=10 +1=8 3+1=6

+1=9 +1=7 +1=5

 

Балалар тапсырманы орындап болғанда Аяз ата суреті ілінеді. Аяз ата сендерден қазір жылдың қай мезгілі деп сұрайды.

  • Қыс

  • Қыс туралы қандай өлең білеміз?

 

ІІІ.Өткен сабақты қорыту.

Яғни, балалар санды 1-ге қоссақ келесі сан шығып отырады. Сан өседі. Егер санда азайтсақ кеміп отырады.

 

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

Ойын «Көршісін ата» 1-дің көршісі қай сан?

Бүгін балалар, біз санда 2-ге қосу және азайтуды үйренеміз.

 

V.Жаңа сабақ.

Математикалық доминомен жұмыс.

 

 

5+2=7 4+2=6 3+2=5

7-2=5 6-2=4 4-2=2

 

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

1,2 тапсырманы орындау.

2 тапсырманы көрнекілік көмегімен түсіндіру.

Сергіту жаттығуы.

3 Тақтамен жұмыс.

4 Өзіндік жұмыс. Ұзындығы 4 см кесінді сызу, 2 см арттыру, 2см кеміту.

5

098 159 1062 950

0510 148 1055 941

Сабақты қорыту. Ойын «Шыршаны безендіру».

5+2=7 4+2=6 3+2=5

7-2=5 6-2=4 4-2=2

— Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақссы қатыстыңдар, сондықтан Аяз атаның сыйлығы бар.

— Аяз атаға аранлған өлеңдер білесіңдер ме?

 

VІІ.Үйге тапсырма.

VІІІ. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.