Без рубрики

Атамекенге саяхат

Қызылорды обл Шиелі ауданы .Ә.Тәжібаев ауылы.
214 орта мектеп
Дуйсенбаеыва Шырын Идирисовна

Сабақтың тақырыбы : Атамекенге саяхат
Сабақтың мақсаты
Отанымыз туралы жазған шығармалар арқылы оқушыларға кең байтақ Отанымыздың бір кішкене бөлігі-өзіміз өсіп- өніп жатқан Ә.Тәжібаев ауылының ,оның өңірінен шыққан таланттардың өмір жолымен таныстыру.Өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге патриоттық рухқа және музикалық ән орындауға дағдыландыра отырып ,эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі :

Туған жер туралы әндер, туған жер туралы суреттер,карта, Алдыңғы буын ағалар, кейінгі буын інілер,Астанаплар суреттері,

Барысы : Жүргізуші : «Атамекенге саяхат» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Алғы сөз тарих пәні мұғалімі ; Дүйсенбаева Ш

(Презентация)

 

Бүгінгі сабағымызда Атамекенге саяхат жасамақпыз.

 

Сабағымыздың бөлімдері :

І-бөлімінде «Өзіндік жүмыс»

ІІ-бөлімі «Әдеби монтаж»

 

Хор- Қ.Р. Әнұраны.

  1. Біздің ұшағымыз Орынбор қаласында тұр,Орынбор қаласы өздеріне таныс па ?

  2. Ұшағымыздың қонатын жері Қызылорды қаласы,Қызылорда қаласы туралы не білеміз ?

  3. Қызылорда әні—Нұрсипмт,Жанерке

 

  1. Қызылорды қаласынан ұшағымыз Алматыға келіп қонды,Алматы қаласы саған не себепті ұнайды немесе ұнамайды.?

 

  1. Алматы қаласы туралы қандай өлеңдер білеміз ?

 

  1. Алматыдан шыққан ұшағымыз Астанаға келді,Астана туралы ойларыңыз ?

 

  1. Мақал мәтелдер жалғастырайық (Ойын)

8)Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшағымыз Қарағанды қаласына келді, Қарағанды қаласындағы ой толғанысын басқа қалалармен салыстыр.

(Сағындам сені-туған ел- Нұрсипат,Ақтолқын)

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім. Мұғалім : (Презентация)

 

Хор: «Қазақтай ел қайда»

 

Жүргізуші – Жанерке Оюлап күмбезінен тас қалаған,

Артық қала барма екен Астанадан

Теңіздегі шамшырақ маяктайын,

Асқақтайды Астанам Азиядан

Әсел-Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа астанасы бұрынғы «Ақмола» қаласы еліміздің ең маңызды қаласына орналасқан,саяси-экономикалық маңызы бар Отанымыздың жаңа орталығы «Астана» атауына ие болды

Жүргізуші – Дінислам Жапанда құйын кезген,боран буған,

Қырау мен қара нөсер бетін жуған.

Келдік біз қолмен жасап жайнатуға ,

Қаланы жалын атып жаңа туған –

Хор -Елім менің

 

Жүргізуші – Жанерке Алматының кеші қандай,

Алатаудың төсі қандай

Күн қала бұл,Ай қала

Аймала жел,Аймала-деп әнмен жырға қосатын Алматы әсем астанам.

Жүргізуші – Дінислам Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой-

Түркістан қазағымның шежірелі қаласы.

(Түркістан туралы) Көрініс

Жүргізуші – Жанерке Жайқалған Ақ жайықтың жағасында

Оралым көрікті әсем қала

Әлемді өзіңе қарататын,

Евразиялық ендікте болшы дара-

 

Жүргізуші – Дінислам Ұлан байтақ қазақ елінің ғасырлар бойы аңсаған арманына жетіп, тәуелсіздіктің көк байрағын көкке әуелете көтеріп ,өркенниетке ұмталған бүгінгі көрінісі,туған жерге деген әрбір қазақ баласының мақтанышы,мерейі,олай болса,кең байтақ қазақ елінің кішкене ғана бір бөлігі туған жеріміз Ә. Тәжібаев ауылына әнмен саяхат.

 

Хор- Шиелі

 

Ақтілек ;-Уа халайық,тыңдасаңдар құлақ салып сөзіме,

Жыр жолдарын ағытайын көптен жүрген көңілде.

Тіл жеткенші ел тарихан азды-көпті сөз қылып,

Жырласам деп жүрген ой бар көңілде.

Ауылымда өтіп жатыр бүгін , үлкен мереке

Баршамыздың басымызда болсын бірлік береке

Тәуелсіздік арман еді аталарым аңсаған

Жеттік біздер жалғасын тек бақыт,байлық,береке.

Нұрсипат-Ауылымыз жазық дала,кең жайлаудың төсінде,

Талай боздақ,бабалардың қаны тамған бұл жерге

Әбілда Тәжібаев атамыз

Ауылым деп жырға қосып ән шырқаған төрінде.

 

Хор. Ауылым

 

Жазира ;Ауылымның келбеті бар,өзіне тән көрінген,

Еңбегімен ер атанып талай дарын өрбіген.

Құрманәлі ,Сансызбай,Әден аталарым Еңбек ері атанып,

Халқымыздың алғысы мен. Құдіретіне бөленген.

Шахризада Ауылымда көпқой айтсам небір игі даналар,

Біз айтпасақ кім біледі,кім оларды бағалар.

От жалында елі үшін майдан кешкен ардагер

Нұрмағанбет,Қалдыбек,Әбілмәжін бабалар

 

Азиза ;Ауылымда көп қой айтсам небір игі даналар,

Біз айтпасақ кім біледі,кім оларды бағалар

Заманында бірі шопан,тракторшы,депутат,

Дана ағай,Сәмсен апай,Базаркүл аналар

 

Мейіржан Бұрхан ата ауылымның мақтаны,

Еңбектері ескеріліп омырауға орден таққаны,

Шопан ата таяғымен маңдай терін сыпырып,

Өміртай,Әділхан,Ақантай,Дана ағай еңбеке ері атанған

 

Гүлзат ; Шағаладай ақ отауым мектеп үйі еңселі,

Тахир ағай тасын қалап бергенді

Содан бері талай ұрпақ қанат қақты қияға,

Армандары ғылым менен білім қуып ілгері.

 

Қасиет; Мектебімнің түлектері түлектері шәкірттері ауылдас

Кәсіпкер болып асқақтап жүр ол да біздің ауылдас

Әрі зыңгер ,әрі тілші-газетші,

Ағайдар аға ол да біздің ауылдас

 

Есімі ел есінде әрқашанда сақталған,

Ұмытылмас есімдер көп ал үмітін ақтаған

Құрметпенен беріліпті ауылымызға есімі,

Әбілда Тәжібаев ағаны, ел-жұрт оны мақтаған.

 

Хор : Тәуелсіз Қазақстан.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.