Без рубрики

Әбілда Тәжібаев –толағай ақын,толастамас жыр иесі

Қызылорды обл Шиелі ауданы .Ә.Тәжібаев ауылы.
214 орта мектеп

Дуйсенбаеыва Шырын Идирисовна

Сабақың тақырыбы : Әбілда Тәжібаев –толағай ақын,толастамас жыр иесі
Сабақтың мақсаты
: Әбілда Тәжібаев өміріне қатысты тың деректермен таныстыру, кең байтақ Отанымыз туралы жазылған шығармалар арқылы кең байтақ Отанымызың бір кішкене бөлігі- өзіміз өсіп-өніп жатқан Ә.Тәжібаев ауылының, оның осы өңірден шыққанын таныстыра отырып, өскелең ұрпақты отаншылдық сезімге, патриоттық рухқа дағдыландыру, эстетикалық тәрбие беру.

Дамытушылық : Тақырыпқа байланысты әр түрлі сұрақтар қоя отырып оқушылардың оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік : Туған жерді,елді сүюге,ынтымақтастыққа дәріптеу. Ұлттық мәдени мұрамызды құрметтеуге, білімді әрі өнегелі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Панорамалық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,Шаталов әдісі, баяндау, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызба,дидактикалық материалдар, бейнероликтер,

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру

Оқушыларды түгелдеп, олардың бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығына көңіл аудару.

ІІ.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІІ.Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру.

Кіріспе

Қасиетті Сыр өңірі – ерте замандардан халқымыздың күнкөріс, тіршілігінің таусылмас көзі,белгілі мекен жайы. Бұл жер еліміздің басына қиын-қыстау күн туғанда халықтар әржақтан келіп қоныс теуіп паналайтын аймақ болған. Шалқып жатқан Сырдарияның өн бойын жергілікті халық туған анасындай аялап, қастерлеп келеді.

Сырдария өзені ықылым замандардан бері Тұран ойпатындағы бірден-бір өркеиет білгісі болып келеді. Мұнда ғұмыр кешіп, дүниеден өткен талай – талай қауымдар мен ұлыстардың кіндігін Сырдария кескен. Түрік тектес халықтарының ел болып ғұмыр кешуіне де шапағатын тигізген осы Сыр- ана.

Сырдария бойынша Анник дәуір авторларының көрсетуінше және археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша оның сол қанаты жағалауында біздің заманымызға дейінгі IV- III ғасырларда – ақ кент-қалашықтар бой көтере бастаған. Өткен заманның қай дәуірінде де болмасын бұл жерлерде елді мекеннің көп болғандығы тарихтан белгілі. Бұл өңірлерде жер бетінде бүгінге дейін сұлбасы сақталған қала орындары Сырдарияның оң жағалауын бойлай біріне – бірі жалғасып жатыр. Сырдария туралы әйгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев былайша ой толғайды:

 

Сырдария

Білем сені, сүйем сені,

Сырдың суы қарт анам,
Сенсің мені әлдилеген,

Туған сенен ме балаң

Сүйсе Гейне анам десе

Сүйген суы Рейнесін,

Сырдың суы туған ол да

Өз ақынын Гейнесін

Бұл өңір Тұран ойпатындағы әйгілі Қаратаудың бір баурайына, Сырдария өзенінің төменгі жағына орналасқан. Сырдарияның оң жақ жағалауын Қызылқұм алқабы алып жатса, оның сол жағында Қаратау жотасы шоқтанады.Таудың біткен шетінде Телікөл алқабына Арқадан Сарысу мен Шу өзендері келіп құяды.

Ә.Тәжібаев ауылы– Шиелі ауданындағы Телікөл ауылдық округінің орталығы,аудан орталығының Шиелі кентінен солтүстік батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,5 мың адам (2005). Ауыл 2000 жылға дейін Қызыл дихан деп аталған. 1975 – 96 ж. қаракөл қойын өсіретін «Телікөл» кеңшарының орталығы болған. Қазіргі таңда бұл ауыл Әбділдә Тәжібаев атамыздың атымен аталады.

ІҮ. Негізгі бөлім

Ә. Тәжібаев ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы. Бұл есім бүгінгі Тәуелсіз Елдердің Достығы қауымына, шет жұрт оқырмандарына да кеңінен таныс. Талантқа бай Сыр елінің саңылақ ұлы Әбекеңнін – Ә. Тәжібаевтің қазақ әдебиетінің ғана емес мәдениетінің, жалпы ой санасының тарихынан орнықты орын алатынын баршамызға белгілі, әрине!

Ә. Тәжібаев 1909 (4.2.1909 Қызылорда облысы – 23.9.1998 Алматы) жылы қасиетті Сыр бойында, Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әкесінен алты жасында айырылған ол анасы Айманкүлдыің тәрбиесінде өседі. Кеіннен халық ақыны кейіннен халық ақыны атанып елге кеңінен танымал болған Айманкүл анамыз ескіше сауатты, араб тілдерін білетін адам болған. Әбекеңнің балалық шағының Қызылордаға жақын Қараөзекте Айманкүл анамыздың төркіндеріміздің ауылында өтуі – ақындық мектептің алғашқы баспалдағындай болды десек артык емес. Өйткені, болашақ ақынның нағашы атасы Далдабай табиғатында ақындыққа бейім ел аузындағы аңыз – әңгімелерді көп білетін шежірешіл адам болған. Сол кездегі Қараөзекте, сондай-ақ Сыр бойының атақты ақын жырауларының жиі бас қосып, жиналып отыруы сергек те сезімтал Әбілда ақынның жастайынан сөз өнеріне елтіп, сөз зергерлеріне еліктеп өсуіне негіз қалаған.

Алғашқы сауатын шешесі Айманкүлдің ашқан Әбекең 1922 жылы Қызылордада ашылған жетім балар мектебінің 3-класына қабылданады. Әбілда ақынның алғашқы өлеңдері осы интернаттың қабырға газетінде жариялана бастаған. Айта кетуіміз керк 70 жыл жырлаған шалқар шабыттың ақына Әбілданың алғашқы өлеңдерінен-ақ тұлпар тұяғының серпіні байқалады. Асылы талант не ғұрлым ірі болса, соғұрлым ерте нышан беріп, жемісін төге бастайтыны табиғи заңдылық болса керек.

Әбекеңнің шығармашылығын кезінде одақ ақындары Селвинский, Смеляков, Тихоновтар жоғары бағалап, бүкіл одаққа таныстырды. Әбекеңнің шығармашылығына ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезовтан бастап қазақ ғалымдырының барлығы дерлігі назар аударды. Мақалалар, зерттеу еңбектер жазылды. Ең бастысы, Әбекеңнін ақын, ғалым, қоғам қайраткері ретінде өзінің халқынан, қазақ халқынан алған бағасы. Сырда туған Әбекең алты алашқа аты жайылған азамат, халқымыздың құрметті ұлы болып қалады.

Елім барда

осындай арман бар ма,

Елді сүй деп

айтамын қалғандарға

 

Атақ дәрежелері:

Ә. Тәжібаев қоғамдық еңбектерге белсене араласуының арқасында Жоғарғы кеңес депутаты болды. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

 

 

 

 

Драмалық, комедиялық туындылары:

«Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар», «Той боларды», «Дубай Шубаевич».

 

 

 

 

 

 

 

Поэмалары:

«Құлғарадан», «Темірші», «Комсомол сөйлейді», «Портреттер», «Ашықтар», «Ой», «Күй атасы», «Еске алу», «Катерина», «Күзетші», «Толғау», «Күйеулер», «Абыл», «Ақын», «Ол», «Ағалар туралы», «Комунист сөзі», «Құрдастар», «Майра».

 

Кім жылдам?

Жазса Тарас

Еділді

Жазса Пушкин

жыламасқа

Неге маған

менің анам

Сырда туған

Днепрді

Ел анасы

сұлу өзені

Сырдың

елімді

Қуан ана!

Жырлар кезегі

Келді

Ақыныңның

 

Бейне ролик көрсетіледі.

Ақын жайлы қаламгерлер пікірі

Қазақтың аса көрнекті ақыны Әбілда Тәжібаевтің «Сырдария» кітапханасының құрамында берілген 5 томдық шығармалар жинағының 1 томына ендірілген өлеңдері ақынның 1978 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген 5 томдық шығармалар жинағының І, ІІ томдарынан алынды. Ақын шығармалары толық қамтылғандықтан, біз осы жинақты негізге ала отырдық. Сондай-ақ ақынның республикалық, облыстық және жергілікті баспасөздерде жарияланған шығармаларын назардан тыс қалдырғанымыз жоқ. Бұл томға ақынның 1928-1960 жылдарда жарық көрген туындылары ендірілгендіктен, осы уақыттар аралығында жарық көрген жекелеген кітаптары: «Жаңа ырғақ» (1934), «Өлеңдер мен поэмалар» (1949) , «Сүйген жүректер» (1951), «Аралдар» (1958)т.б. қайтадан қарап, 1978 жылғы жинақтағы шығармалармен салыстырып алдық. Ақын өлеңдері осы жинақтардағы қалпын сақтап, ешбір өзгеріссіз алынды. Ақын шығармашылығының алғашқы кезеңдеріне тура келгендіктен бұлжинақтағы өлеңдердің көпшілігі – социалистік реализм әдісінің жемісі. Саясат, үгіт-насихаттың бағыттарға көбірек басымдық берілетін мұндай шығармалар өз уақытының үні мен сыры болғандықтан, оларды редакциялау не қысқарту біздің мақсатымыз емес. Біздің міндетіміз ақын шығармаларын мүмкін болғанынша толық қамту болып табылады.

Қазақ поэзиясының Кеңестік кезеңінің бүкіл тыныс-тіршілігі толық танылатын Ә. Тәжібаев өлеңдерін жазылған жылдарына сәйкес хронологиялық тәртіпті сақтай отырып, осы жинаққа енгіздік.

Бағдат Кәрібозұлы

Әбділда тудырған шығармалардың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер. Екіншісі – поэмалар. Үшінші саласы – пьесалар болады.

Лирикалық қысқа шығармаларынан бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады. Бұл ақынның өзі туған өлке, өзеніне — Сыр бойына арналған өлең. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа, әсем әндей шыққан анық көркем жыр.

Сыршылдық шығармалардың Әбділда тудырған көркем өрнектерді көп деуге болады. Бұған «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Ат үстінде», «Келіншекпен кеңес», «Қойшы жыры», «Достық жыры» және үлкен көркемдікпен қоса әлеуметтік сана-сезімін терең танытатын әрі күйлі нақысты, әрі толғаулы «Оркестрді» қосуға болады. Лирикалық шығармалардың соңғы бір кезеңінде, Әбділда ақындығының бұл жанрда – үлкен шыншылдық және шын шеберлікке жеткен сатысын танытатын жетім балалық шақты толғаған өлеңдері.

Тағы бір топ поэмалары тарихи тақырыптарға, тарихи аңызға сүйеніп жазылған «Абыл», «Аққу», «Кілемшілер туралы ертегі», «Толағай», «Мерген» т.б. Пьесалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» т.б.

Жыл санап өнер арттырып, жазушының мәдениетіне терең бойлап, қазақ поэзиясына қызықты жемістер беріп келген Әбділда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады.

Мұхтар Әуезов

Ол – әдебиеттің тынысын тарылтқан небір қиын кезеңдерде «шындық» деп жаны шырқыраған, ұлт перзентінің намысты сөзін айта білген, ақиқат туын қолдан түсірмеген, жаратылыстан қайсар мінезді, адал ер азамат еді.

Әбділда Тәжібаев — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Шығармашылық жолын жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінен ала бастаған ол содан бергі дәуірлердің барлығында да қазақ халқының өмір шындығын белсенді жырлауға үн қосып, өнерпаздық тәжірибесін жетілдірді. Оның поэзия саласындағы еңбегіне қоса, ұлттық драматургияны, әдеби-сыншылдық ойларды дамытуға қосқан үлесі де аз емес. Ақынның, әсіресе қазақ лирикасын ойлы, сырлы нақыштармен байыту жолындағы еңбегі атап айтарлықтай.

Рахманқұл Бердібаев

 

Оқушылар шығармашылығы/ рефераттар

Ү. Сабақты бекіту

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау

Әбілдә Тәжібаев Орта жүз, оның ішінде Бестаңбалы Қыпшақтың бір атасы Торының төрт баласынан тарайтын Бессары Қыпшақтың баласы. Ол 1907 жылы Сырдария өзенінің батыс бетінде Бессары ауылында дүниеге келген. Анасы Айманкүл Кіші жүздің қызы, Тереңөзек ауылынан болған. Әбілдәнің әкесі 7 жасында қайтыс болып, өмір сүру, тұрмыстық жағдайы ауыр болған соң,анасының төркініне көшіп кеткен. Әбілдәнің жақын немере туыстары бұрынғы Қызылдихан, қазіргі Ә.Тәжібаев ауылында Кенжеәлі, Пірімбет, Құлтай, т.б ағайындардың балалары өмір сүріп жатыр.

Әбілдә 1987 жылы 50 — жасқа толғанда қасында Ғ.Мұстафин, Қ.Әбдіқадіров, А.Тоқмағанбетовтар болып, бұрынғы Ленин атындағы колхозға туған күнін атап өту үшін елге келді. Қызылдихан колхозы ол уақытта , Ленин атындағы колхоздың бір бөлімшесі болып кіретін еді. Ленин колхозының орталығы Алғабаста халықпенен кездесу өткізіп, оған халқы ат мінгізіп, шапан жапқан еді.

Қазанжаппа

(Ә.Тәжібаев – 100 жаста)

Шиеліге жол түссе талай келем,

Дәм татайын елге бұр, жолай елден

Қазы-қарта ежелден жеген асым,

Мен өзі жеңіл асты қолай көрем.

Депті ақын сөз сыйлаған інісіне,

Ойлама тек ақынның бұнысы не?

Сары майға бөктіріп қазан жаппа

Жесем депті сыбырлап бір кісіге.

Ер қабағын бағатын асыл жеңге,

Сытылып шығып кетті үйден неге?

Күбіден сайрап түскен сары маймен

Оралды қазанжаппа дайын демде.

Біз ұлылық күтеміз үлкендерден,

Ақын риза аттанды, — дейді елден

Сол жолы Әбділдә ата осы ауылға

Сағынып жеңсік асын жеуге келген. Ә.Тәжібаев ауылы

Асқар Есім

ҮІ. Оқушыны бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма

1. Ә. Тәжібаев өмірі мен шығармашылығын оқу, “Сырдария” өлеңін жаттау.

2. “Сыр елі – жыр елі” тақырыбына ой-толғау жазу.

Әбілда Тәжібаев –толағай ақын,толастамас жыр иесі: 1 комментарий

  1. Әбілдә Тәжібаевтың «Монологтар» және «Портреттер» поэмасын оқи салайыншы десем еш жерден таппадым, қайдан тапсам болады?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.