Без рубрики

Батыр баба — Махамбет

Атырау облысы, Атырау қаласы

19 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Суйеуова Гулайым Бисембаевна

Сабақтың тақырыбы: Батыр баба — Махамбет
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ерлікке, батырлыққа баулу. Туған елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу

Білімдік міндеті: Елім деп еңіреп өкен ақын, тәуелсіздік жолындағы күрескер М.Өтемісұлының өлеңдерін және оның мәні туралы білімдерін, көзқарастарын бір жүйеге келтіру.
Тәрбиелік міндеті: а) “Қара қазан, сары бала қамы үшін” ереуіл атқа ер салған батыр, дауылпаз ақынның ерлік, өрлік қасиеттерін үлгі ету. ә) Оқушылар бойында батыр бабаға деген құрмет сезімін ояту, құдіретті өнер жолына – сөз өнеріне баулу. б) Ұлттық сана, ұлттық намысты қалыптастыру, өз халқының патриоты болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық міндеті: Оқушылардың шығармашылық жұмысын, мәнерлеп оқуын дамыту. Махамбет өлеңдерін жан – жақты талдауды дамыту.

 

Сабақтың түрі: Шығармашылық, талдау сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, сөздік, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, портрет, кітаптар көрмесі, рефераттар, карта.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1 . Махамбет «Ереуіл атқа ер салмай»

2. Қазақ батырлары. Исатай – Махамбет 14 кітап, Алматы «Өлке» 2003 жыл

3. Исатай – Махамбет. И.Кенжалиев, Алматы «Қазақстан» 1991

4. Газет – журнал мақалалары. Махамбет – 200 жыл. 2002 жыл

5. Кино «Қазақфильм» киностудиясы. «Махамбет»

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. XVIII-XIX ғасырдағы қазақ халқының ең үлкен мұң – қайғысы – жер мұңы, жер қайғысы, жер зары болды. Қазақ халқы малмен күн көрді. Жерсіз мал жоқ. «Жеріне қарай – малы, еліне қарай — жаны» деп айтуы да содан. Жер мен мал қазаққа бәрінен қымбат. Қасиетті жерінен, киелі малынан айырылу – қазақ үшін бәрінен айырылу. Мұны біз сонау бағзы заманнан бері келе жатқан әр дәуір жырауларының толғауларынан көреміз. Тіпті ХV ғасырдың өзінде Ресей патшалығынан төнер қауіпті Қазтуған жырау:

«Еділді алар, елді алар,

Енді алмаған не қалар.

Жайықты алар, жанды алар,

Жанды алған соң, нең қалар» — деп болжаған екен.

Ал, XVIII – XIX ғасырларда Ресей патшалығының қазақ жерін отарлауы тұсында Шортанбай ақын «Заман қайтіп оңалсын» деген өлеңінде:

«Адыра қалған Сарыарқа,

Болмайын деді баянды.

Еділді алды, елді алды,

Есілді алды, жерді алды.

Енді алмаған нең қалды?!

Көшейін десең, жерің тар,

Қамалып қазақ сандалды», — десе,

Мұрат ақын:

«Еділді тартып алғаны –

Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны –

Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны –

Ойындағысы болғаны.

Аңғарсаңыз, жігіттер,

Бір қырысықтың шалғаны» — дейді.

 

Туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет найзалы күреске шығып, алтын бесігі үшін басын өлімге тіккен қазақтың қаhармандығын жырлады:

«Еділ үшін егестік,

Тептер үшін тебістік.

Жайық үшін жандастық.

Қиғаш үшін қырылдық.

Теңдікті малды бермедік.

Теңдіксіз малға көнбедік» дейді.

2. Махамбеттің туған жылы, жері, жастық шағы.

3. Төменгі сыныпта оқыған М.Өтемісұлының өлеңдерін еске түсіру.

4. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» жинақ кітабын түгел оқып шығуға тапсырма берілді.

5. 1 – 2 өлеңін жатқа оқу.

ІІІ. Мағынаны тану.

1. Кино «Махамбет» (үзінді)

 

2. Батыр баба – Махамбет өлеңін оқу. (слайд№4)

3. Кітаппен жұмыс

а) М.Өтемісұлы туралы түсінік беру

ә) 45 бет: «Ереуіл атқа ер салмай» бөлімін оқушылар оқиды және өлеңін жатқа айтады

б) 45 бет: «Мен – құстан туған құмаймын» бөлімін оқушылар оқып, өлеңді сатылай кешенді талдау жасайды

в) 45 бет: «Мұнар күн» бөлімін оқып, ауызша талдайды.

4. Слайд №5. Махамбет поэзиясы.

Махамбет өлеңдерінің тілі кестелі, көркем, небір әдемі эпитет пен теңеулер, көркем суреттеулерге толы. Ақын, әсіресе, метафораның, литота, аллитерация, шеңдестірудің шебері және ақынның өлеңдері көбіне аранау болып келеді.

5. Слайд №5. Жанры, өлең құрылысы туралы. Ауызша талдап, ережелерін еске түсіреді.

6. Слайд №6. Оқушыларды сөйлету.

 

1) Махамбет – ерлік поэзиясын жасаған ақын. Бұл тақырыпта «Тарланым», «Соғыс», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер» өлеңдері бар. Бұл өлеңдерді біз оқи отырып, жүрегімізді патриоттық сезім баурайды.

2) Махамбет – туған жерге табынған ұлы лирик. Махамбет жырларының асыл арқауы – туған жердің туын көтеру, оны талауға түсірмеу, туған жер үшін бас тігіп, найзалы күреске шығу, келешек ұрпақ біздерді патриоттыққа шақыру.

3) Махамбет – туған жерін қызғыштай қорыған ақын. Бұл бағытта «Еділ үшін егестік», «Нарында», «Ау қызғыш құс» өлеңдерін жазды.

4) Махамбет – жырау, күйші.

5) Махамбет элегиясы – халық элегиясы. Махамбет мұңы – халық басындағы өкініш, мұң, қайғы. Бұл бағытта «Мұнар күн», «Аймақ көл», «Күн болған» өлеңдері бар.

6) Махамбет – ерлік философиясын поэзияда жасаған ақын. «Арғымақ сені сақтадым», «Арқаның қызыл изені», «Еменнің түбі сары бал», «Жалған дүние» өлеңдері бар.

7) Махамбет – халқын найзалы күреске шақырған өршіл романтик ақын. «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Беркініп садақ асынбай», «Еділ мен Жайық жер еді-ау» туындылары бар.

8) Махамбет – алдағы жеңістен күдер үзбеген, жас ұрпаққа сенім артқан оптимист ақын. Бұл бағытта «Айныман», «Мұңайма», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек жарылса», «Туған ұлдан не пайда?» өлеңдері бар.

Мұғалім: Сырым Датұлы жауынгерлік, шешендік сөздерді жалындатса, Махамбет – шешендік сөдерді жауынгер жырға айналдырған ақын. Бір Махамбетте ерлік те, шешендік те, ақындық та бір – бірінен ажырағысыз біртұтас келеді.

Махамбет жырларынан құмның ысып суығанын, даланың өксігін, ердің туған жеріне деген сағынышын, баланың жылағанын, найзалардың қақтығысын, адырнаның ала өгіздей мөңірегенін, халықтың мұңын, ерлердің қайратын сезінеміз.

Егер ақын жеке басының сезімін жырласа, ол — лирик. Ал бүкіл халықтың мәңгілік сезімін жырлаған Махамбет – туған жер рухына табынған ұлы лирик.

7. Слайд №7. Махамбет өлеңдеріндегі афоризмдер. Оқушылар оқиды, дәптерлеріне жазады. Мағынасын үйден ашып келеді (еркін жазу стратегиясы)

8. Слайд №8. Исатай мен Махамбеттен

Қалды ма белгі жердің бетінде?

Оқушылармен сұхбат.

9. Слайд №9. М.Шаханов «Нарынқұм трагедиясы» (сахналық қойылым)

 

IV. Үйге тапсырма:

1. Ой толғау (Ақынға хат жазу)

2. Афоризмдер

3. Өлеңдер жаттау

V. Қорытынды. Слайд №10

«Еліңнің Төле бидей ағасы бол,

Халқыңның Қазыбектей данасы бол.

Жер-суды жау қалмақтан қорғап қалған

Жұртыңның Бөгенбайдай панасы бол.

Халқыңның Ер Сырымдай көсемі бол,

Үш жүздің Әйтекедей шешені бол.

Исатайдай жүректі, ақылды бол,

Еліңнің Махамбеттей ақыны бол.»

 

VI. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.