Ұлттық тәсілмен көркем бұйымдар дайындау

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің
cызу,технология мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна

Тақырыбы: Ұлттық тәсілмен көркем бұйымдар дайындау
Мақсаты: Кестелеу өнері арқылы сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану

Міндеттері:

  1. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асылқазынасы –кестелеу   өнері   туралы білімдерін бекіту
  2. Кестелеу өнерін жоғалтпай ары қарай дамыту
  3. Өнерді сүйіп,ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс: тарих.география,сурет

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Кәсіби бағдар беру: тоқымашылық

Сабақтың әдісі:Сарамандық жұмыс арқылы

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Өткенді қайталау

III.Білімдерін тексеру н/е ой қозғау

IV.Жаңа сабақты меңгеру

V.Сарамандық жұмыс

Кіріспе нұсқау:

Орындау кезеңі (негізгі кезең)

А.Карталар бойыншатаратпалы материалдар арқылы кесте тігу технологиясының дұрыс орындалысы

Б.Кемшіліктеріне дер кезінде көрсетіп ,жұмыстарына толықтырулар енгізу

В.Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау

VI. Қорытынды сұрақтар

VII. Оқушы шығармашылығы

VIII.Бағалау

IX.. Үйге тапсырма

X.Бекіту

 

Сабақты барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,оқу-құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру.

Түгендеу.

 

II.Өткенді қайталау

 

1.Кестелеу өнері туралы не білесің?

2.Кесте тігуге не қажет?

3.Халық өнерін ұмытау үшін өнерді құрметтеу іс-әрекеттері

 

III.Білімдерін тексеру немесе ой толғау

Ұлттық ойын: Аламан бәйгеге қатысатын  тұлпарға шашақты кім бұрын шашақтап шықса сол жеңімпаз.Бәйге демеушісі болып есептеледі.

 

IV.Жаңа сабақты меңгеру

 

Кесте тігу технологиясы табиғатпен байланысты.Көне заманнан б.з.д V-VI ғасырлардан жалғасып келеді.Кестелеу арқылы киімдерді ғана емес кілем,сәнді панноларға құстар мен ағаштар бейнеленген.Қытай кестесі жапон кесте тігу өнеріне әсер еткен.Үнді,Иран елдерінің кестелері өсімдік тектес  жан-жануар мен бейнелерді тігумен ерекшеленеді.Византия таза жібек не алтын жіптерді төгіп кестелеген.XIII ғасырды=ң аяғы мен  XIVғасырдың басында Франция,Германия,Швеция,Англия,Дания,Норвегия елдерінде ұлттық киімдермен үй-тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қолданған.Кесте тігу өнерінің түр-түсі, үйлесімділігі ,әдемілігі ,қайталанбастығымен ерекшеленеді.Ол географиялық,мәдениеттік жағдайымен қатар тарихына да байланысыт болған.Біздің еліміздің кестелеу тарихы арыда жатыр,ата-бабаларымыз киімдеріне ,ат-әбзелдеріне ,үй бұйымдарына өрнек сала білген.Өрнектердің орналасу композициясы да ерекше.Ғасырлар бойғы өрнектің ,кестенің орналасуы өзгеріп/шетінде,ортасында/бұрышында/, пішіні өлшемге сай болып келген.Бүгінгі күнде өрнектің орналасуы ,өлшемі ,пішімі тігушінің талғамына,фантазиясына байланысты.Кекелген шығармашылықта түр үйлесімділігі маңызды роль атқарады.Адамның ішкі дүниесімен үндесуі керек.Бұйым калориті көбінесе өзінің шығатын,пайдаланаттын жерінің эталоны.Кесте түрі бірдей болғанымен ,түсі әр түрлі боса әдемі,тартымды келеді.Матаға түстер ритмикалық қайтаалнып отырады.Халық арасындағы шығармашылықат түсті өрнектер белгілі.Жақсы үйлесетіндері:қызыл-қарамен,сарымен,сұрмен,қоңырмен,алқызылмен,көкпен,ақпен,көксұрмен,көгілдірмен,қоңырмен,сарымен,алтын түспен,сары– қоңырмен,қарамен,сұрмен,көгілдірмен, кокпен,сия көкпен, жасыл-қою сарымен,сарымен,қарамен,алқызылмен үйлеседі.

 

V.Сарамандық жұмыс

 

Кіріспе нұсқау

Үлгі өрнек.

Бұл өрнек негізінен киімдерді әрлеуге қолданылатын кестеөрнек түрлері.Киімдердің шетіне жең ауызы,жаға ұшы,өңір бұрыштарына әр беруге қолданылатын үлгі кесте түрі.Мұны қолмен не машинамен сызып алывп кестелеуге болады.

Қосқабат айқас төрт шалу арқылы орындалады:

1.екі диоганаль

2.екі бірдей перпендикуляр

шалулардан тұрады. Ең бірінші қиғаш айқас жасап,сосын үстінен астына қарай вертикаль,солдан онға қарай горизонталь шалынады.Сулықтар,панно жастықтар,кілемшелер,төсеніштерге пайдаланылады.Халық арасындағы кестелерде әшекейлерді ұсақ-қиғаш айқаспалармен толтыру да кездеседі.

Өрім кестесі-қиғаш айқас кестесінің бір түрі ж/е санап тігу тігіс түріне жатады.Өрім кестесін солдан онға қарай тең жақты етіп немесе ұзартылған айқаспа етіп кестелейді.Бірінші қиғаш айцқаспа жасап, сосын төменгі сол жақ бұрыштаноңға,жоғары қарай бір айқаспа ара қашықтығында қиғаш шалу аламыз. Инедегі жіппен айқастың жоғарғы оң жақ бұрышын ұзын шалумен жабады.Инеге мата жібінің астыңғы,үстіңгі жіптерін жинап отырып,керекті ұзындықта өрім кестесін тігеді.

 

 

 

 

 

 

 

Орындау кезеңі: (негізгі бөлім)

1.Мұғалімнің шеберлігі

А.Өңірге қолданылатын өрнек.

Б. Қосқабат

В.Өрім кестесі

1.Нұсқаулық бойынша дұрыс түрде тігіліп жатқанын тексеру.

2.Бағыт- бағдар беру.

3.Қауіпсіздік ережелері

Қадағалау.

Қорытынды сұрақтар:

1.Кестелеу өнерінің маңызы

2.Кестелеу ерекшеліктері.

3. Кестелеу түрлері

4. Кесте жіптерін таңдау

5.Оқушы шығармашылығы

Кестелеген бұйымдарын қорғау

6.Бағалау

Кестенің тігілу сапасын анықтау,сипаттау,сол жұмыстары бойынша бағалау

6.Үйге тапсырма:Санап кестелеуді үйреніп келу,сызбасын сызу

7.Бекіту

Кестелеу өнері  ұрпақтан-ұрпаққа ауысып ,өзінің ерекше нақышын заман талабына сай жаңартып отырады. өнері биіктен көрініп,жалғасын таба бермек.

 

Ғасырдан –ғасыр асып жеткен бұл кесте өнері биіктен көрініп,жалғасын таба бермек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше