Без рубрики

Жарық Жұлдыз Шоқан – қазақ халқының тұңғыш ғалымы

Атырау облысы, Атырау қаласы

19 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Суйеуова Гулайым Бисембаевна

Сабақтың эпигрофы: Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Жиренше шешен
Білімдік міндеті: Оқытудың жаңа технологиясын қолдану арқылы Шоқанның ғылыми бай мұрасын, еңбегін бағалаған ұлы адамдардың ой-пікірлерін оқыту;
Дамытушылық міндеті: Ұлы ағартушы ғалым Шоқанның шыққан тегін, отбасын, білім алған ортасын, достарын, дәріс алған ұстаздарын, оқыту арқылы сапалы білімге жету;
Тәрбиелік міндеті: Шоқанды тану, үлгі тұту, ісін жалғастыру, баба рухына тағзым ету арқылы жеке тұлға қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі: ізденіс – шығармашылық сабақ.

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, қорытындылау.

Сабақтың әдісі: өз бетімен жұмыс, көрнекілік, логикалық әдістер.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Шоқанның портреті, кестелері, кино,

«Шоқан Уәлиханов» кітаптар көрмесі. Оқушылар шығармашылығы.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ж.Бейсенбаев «Жасын – тағдыр жарқылы» 1987ж. Жалын баспасы

  2. М.Бегалин «Шоқан Уәлиханов» фильмі 1950 ж.

  3. С.Мұқанов «Аққан жұлдыз» роман 1975 ж.

  4. Ә.Марғұлан «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі» шығармалар жинағы 1980 ж.

  5. С.Бегалин «Шоқан асулары»

  6. С.Мақтарұлы «Шоқан және өнер» 1985 ж.

 

 

І. Сынып оқушыларын 3 шығармашылық топқа бөліп, алдын – ала тапсырмалар беріледі.

Оқушылар тек әдебиет оқулығымен шектелмей, көркем әдеби шығармаларды, энциклопедияларды, интернет материалдарын пайдаланады.

Сабақта әр топтың дайындаған тапсырмалары, іздеп тапқан деректері, жасаған көрнекіліктері интерактивті тақтада көрсетіледі.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру

2. Қызығушылықты ояту (бір айналым сөйлесу стратегиясы бойынша жұмыс жүргіземіз)

  1. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келеді.

  2. Шоқанның арғы атасы – Абылай.

  3. Абылай – жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал – айласы мол Орта жүздің ханы болған.

  4. Шоқанның атасы – Орта жүздің соңғы ханы Уәли, әжесі – Айғаным.

  5. Шоқанның әкесі – Құсмұрын бекетінің атақты аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов.

  6. Анасы – Баянауылдағы Кәріжас руының әйгілі биі, әйгілі шешені Шорман бидің қызы Зейнеп.

  7. Шоқанның азан шақырып қойған аты Мұхаммед – Қанафия.

  8. Шыңғыс шаңырағындағы ел аузынан қалған әңгімелерді көп айтатын құйма құлақ қариялар, кеуделі батырлар, сөзден өрнек өретін билер мен шешендер, жыраулар мен өнерпаздар өте көп болатын.

  9. Осындай үлкендердің қасында тапжылмастан Шоқан отырып әңгіме тыңдайтын баланы әжесі Айғаным «Шоқиғаным, Шоқаным» — деп еркелететін екен.

  10. Сөйтіп, ол заманына Шоқан есімімен танылды.

  11. Жапон ғалымының биліктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып танылды.

  12. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны Сібір кадеті корпусына оқуға берді.

  13. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы таланттын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды.

  14. Шоқанның бірге оқыған досы, этнограф ғалымы Т.Н.Потанин былай деген еді: «ой – өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды.»

  15. Оқудың соңғы жылдарында Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет – мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, халқына пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты.

  16. Ол Костылецкий, Тонеевский сияқты оқытушыларының игі ықпалымен, өзінің жоғары қабілетімен орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерімен оқып танысып, ғылыми пайымдау, тұжырымдар жасай білді.

  17. Ол жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз әңгімелерді жинауға қызықты.

  18. Шоқан Уәлиханов кадет корусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады.

  19. Өзіне тапсырылған әскери қызметтерді абыроймен орындай жүріп, ол туған халқына үлкен пайда, мол азық боларлық зерттеу жумыстарына, саяхаттарына, үлкен асуларына күресті.

(осы оқушы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады)

 

ІІІ. Мағынаны тану.

Интерактивті тақтадан күннің жады, сабақтың тақырыбы шығады.

Қарашаның он жетінші жұлдызы

Жарық Жұлдыз

(Шоқан – қазақ халқының тұңғыш ғалымы)

«Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді»

Жиренше шешен

Мұғалім сөзі:

Ұлы Шоқан Уәлиханов әжесі Айғанымның тәрбиесінде болып, қазақ халқының есте жок ескі заманнан есінде қалған әңгіме жырларын тыңдап өседі. Және араб, парсы, түрік тілдеріндегі шығыстың көркем классикалық поэзиясын тыңдап, оқуға құмар болады. Бұған қосып 1847 жылы кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етеді. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен, Белинский сияқты орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо, Корлейль шығармаларын «Современник» журалын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің қай бағытта, қалай дамып бара жатқанын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматтарының бірі болады.

Шоқан Сырымбетте қайнаған халықтың ортасында болады. Ол жас күнінен тарихи өлең жыр, аңыз әңгімелерді қызыға тыңдап құлақ түріп өскен.

І топ – Ғалымдар:

Біз өз тобымыздың атын «Жарық Жұлдыз» деп атадық. Бізге берілген тапсырма Шоқан Уәлихановтың айналысқан ғылым түрлері, жасаған саяхаттары туралы айту. Осы тақырыпта дайындалған, оқығандарымызды ортаға салып, ой бөлісу үшін сөз кезегін … береміз.

Оқушы сөйлейді. (Тақтадағы сызбаны толтырады) Сөйлеп жатқанда келесі оқушы сызбаны толтырады.

ІІ топ – Әдебиетшілер:

Шоқан әдебиет зерттеушісі. ІІ топ басшысы сөйлейді:

Басқаны былай қарағанда Шоқан әдебиет зерттеушісі.

ІІІ топ – Замандастар тобы:

Ғажап құбылыс. Ұлы Шоқан туралы таңдай қағып таңырқаған, ол туралы керемет пікірлер айтқан адамдар өте көп. Мысалы.

ІV. Мұғалім сөзі: Сөнбес жанартау

Шоқан туралы зерттеулер, әдеби шығармалар, фильмдер.

V. Ойтолғау.

1. Кейіпкерге хат

2. Сұрақ – жауап стратегиясы

VІ. Үйге тапсырма.

  1. Өздеріңе ұнаған әдеби шығармалар оқу

  2. Егер мен ғалым болсам … Эссе

VІІ. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.