«Жер – планета» тарауына қайталау сабағы

Әлия АБДУЛЛАЕВА
№212 мектеп-гимназиясының

химия-биология пән мұғалімі

Тақырып: «Жер – планета» тарауына қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жер планета тарауын қайталау арқылы олардың білім деңгейін жетілдіру

Дамытушылық: Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойын еркін жеткізе білуге, табиғатқа ұқыптылықпен қарауға үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Әдіс-тәсілдер: Интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың жүру барысы: I.Таныстыру

ІІ кезең: «Кім тапқыр?»

ІІІ кезең: «Ойлан тап»

IV кезең: «Биологиялық диктант»

V кезең: «Биологиялық есеп»

 

I.Ұйымдастыру

І кезең: “Таныстыру”

Әр топ өздерін және топтың құрамымен таныстырады.

(Берілетін уақыт 5 минут)

 

ІІ кезең: «Кім тапқыр?»

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Дайындалу уақыты: 4 минут.

  1. Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлар жолы қалай аталады? (орбита)

  2. Меркурий күнді қанша тәулікте айналып өтеді? (88 тәулік)

  3. Алғаш қазақ ғарышкері кім, ғарышқа қай жылы ұшты? (Т.Әубәкіров, 1991ж.)

  4. Глобус дегеніміз не? (Жер шарының кішірейтілген моделін айтамыз)

  5. 24 сағат қанша тәулікке тең? (1)

  6. Күн мен түннің көктемгі теңелуі қай кезде басталады? (21-22наурыз)

  7. Мұхиттар саны нешеу және қандай? (4, Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит)

  8. Дүние жүзінде неше материк бар? (6)

  9. Ай Жерді айнала қозғалып жүргенде Жер мен Күннің ортасында болып, күнді көлегейлесе, Жерге Айдың көлеңкесі түседі, бұл процесті қалай атаймыз? (Күннің тұтылуы)

  10. Алғашқы «үлкейткіш дүрбіні» 1609 жылы кім ойлап тапты? (Г.Галилей)

  11. Күн жүйесіндегі бесінші ең үлкен ғаламшар? (Юпитер)

  12. Күн мен Жердің орташа ара қашықтығы қанша? (150 млн. шақырым)

  13. Жер бетінің жалпы ауданы? (510 млн. км2)

  14. Масштабтың неше түрі бар? (3)

  15. Жазғы тоқырау уақыты? (21-22 маусым)

ІІІ кезең: «Ойлан тап»

Үш ғалымның суреті жасырын түрде беріледі, балалар ғалымның аты, еңбегі жайлы айтуы тиіс.

 

 

 

 

IV кезең: «Биологиялық диктант»

Әр топ оқушыларына диктант беріледі.

  1. Күнге ең жақын ғаламшар _____, ең ыстық

ғаламшар______, ең суық ғаламшар____, ең тығыз

ғаламшар_____.

 

2. Аспан денелері арасындағы Жерге ең жақыны_____. Жер мен Айдың ара қашықтығы шамамен_____. Айдың диаметрі Жерден _______аз. Жерді _________айналып өтеді.

 

3. Жер күн жүйесіндегі, Күннентесептесек _______ғаламшар.Шамамен _______жыл бұрын пайда болған. Жер бетінің жалпы ауданы_______, оның ______су, қалған _____құрлық алып жатыр.

 

V кезең: «Биологиялық есеп»

Есеп №1

Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса,әр отбасыға бір айда,бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады?

Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

 

Есеп №2

Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды. 150 мың халқы бар қалада бір жылда қанша нан шығындалады?

Ұпайларды есептеп, жеңген топты анықтау. Оқушылардың білімін бағалау.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше