Аққұс туралы аңыз
Қызылорда облысы, Жалагаш ауданы
№201 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Скендирова Лизада
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Аққұс туралы аңыз О.Бодықов
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы О.Бодықовтың өмірбаянымен таныстыру.
Әңгіменің мазмұнын меңгерту,білімдік мәнін таныту. Шәмші туралы мәлімет беру.
Дамытушылық:Оқушының зейінін,ойлау қабілетін,қиялын ұштап өнерге деген көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелілігі:Ұжыммен жұмыс ісеуге,адамгершілікке,әдемі
сөйлеуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,,жұппен оқу,әңгімелесу,ассоциация.
Сабақтың көрнекілігі: Қажымұқан,О. Бодықов,Ш.Қалдаяқов суреттері,
үнтаспа,аққұс,қарақұс суреті.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,музыка
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды тыныш отырғызып,сабаққа назарын аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
М.Тәнекеев. Қажымұқан.(Түсінік айту.)
ІІІ Үй тасырмасын қорыту
1.Қажымұқан кім?
2.Қажымұқан сияқты спортпен шұғылданатындарың бар ма?
3.Қазақстанның атақты спорт жұлдыздарын білесіңдер ме?
4.И.Ильин сендерге таныс па?
(Оқушылар ойларын айтады.)
– Иә,біздің Қызылорда облысында да көптеген спорт жұлдыздарымызбен бірге,өнер жұлдыздары да бар.Солардың бірі Оразбек Бодықов ағаларымыз.
(Осы кезде экраннан О.Бодықовтың суреті шығады.)
– О.Бодықов 1927 жылы 29 наурызда Қызылорда облысы,Шиелі ауданында туылған.Республикалық жастар газетінде,Республикалық қуыршақ театрында, қазақ радиосында жұмыс істеді.Оның «Жас аңшы», «Аққұс», «Өмір жолдары», «Шәмші Қалдаяқов» атты шығармалары бар.
Ш. Қалдаяқов.(1930-1992). (Ш.Қалдаяқов суреті.)
ІV Жаңа сабақ
О.Бодықов. «Аққұс туралы аңыз».
Суретке қарап әңгімені мәнерлеп оқу.
V Сөздік жұмыс
Олақ- қолынан іс келмейтін адам.
Баурап- елжіреп.
Хикая- оқиға.
Пенде- адам.
Кәріне- ашуына.
VІ Ассоциация әдісі
VІІ Мәтінді талдау
Оқушыларды 3топқа бөлу.
Ітоп – Ібөлім
ІІтоп – ІІбөлім
ІІІтоп – 2топқа сұрақ қою
VІІІ Дәптермен жұмыс
Табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін тауып оқу
ІХ Сергіту сәті
«Жол жыры» әні (Ш.Қалдаяқов.)
Х Мағынаны тану
1.Топпен жұмыс
2.Әңгімені үш бөлікке бөліп,әр топ өздері талдап,берілген мәтінге ат қою.
3.Әр топтан бір оқушы шығып,мазмұнын айту.
ХІ Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою.
1.Шәмші туралы не білдің?
2.Әңгімедегі негізгі ой.
3.О.Бодықов кім?
4.Әңгіме неге «Аққұс туралы аңыз» деп аталған?
ХІІ Ұйқасын тап
Өлең айтып ——-,
Шырқап әнге ——-.
Шәмші атаның ——-,
Қуанышпен ——–.
ХІІІ Үйге тапсырма
1. «Аққұс туралы аңыз»әңгімесін оқып,мазмұнын айту.
2.Әнші құстарды дәптерге жазып,суретін салу.
