Озық ойлы тапқырлар

Сапарова   Алия Сахтапбергенқызы
 Атырау облысы, Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының математика пәні мұғалімі
 ІІ санатты мұғалім

Сыныбы: 5 «А», 5 «Б», 5 «В».
Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

 

Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы.

Түрі: Жарыс сабақ.

Көрнекілі: Қанатты сөздер, қабырға газеті, кестелер, сөзжұмбақтар

1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика,

сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

2. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы»

К.Гаусс

Барысы:

Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу

  2. Үй тапсырмасы

  3. Викториналық сұрақтар

  4. «Білім арқаны»

  5. «Ой сергіту»

  6. Қызықты бестік

  7. Қорытынды

 

1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

 

2-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, ұзтаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

 

 

1-жүргізуші:

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

 

2-жүргізуші:

Олай болса тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділқазыларды шақырайық

 

1-жүргізуші:

Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

 

2-жүргізуші

Шын жүйрік шабысынан табылады

Нақты білім, терең ой сыналады

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады

 

  1. Салемдесу. Әр топ өздерін таныстырады.

  2. Үй жұмысы. Мұнда әр команда өздерінің кроссвордтарын келесі командаларға береді.

Командалар тапсырманы орындап болғанша, 5 сынып оқушыларының көріністерін тамашалайық.

Бексұлтан: Мен сенімен математика кеші жөнінде сөйлесейін деп едим. Осы біздің сыныптан, сен көз ілестірмейтін есептегіш ролін атқарсаң қалай болар еді?

Досан: Жарайды, бес жерде бес – жиырма бес

Бексұлтан: Жоқ, одан гөрі күрделірек болсын. Мысалы 88*99 көбейтіндісін есептеп көрсет

Досан: Сен немене есің дұрыспа? Мұның ақыл жетпейтін нәрсе ғой!

Бексұлтан: Ақыл жеткенде қандай! Ол үшін екі таңбалы санды 99-ға көбейту ережесін білуің керек.

Досан: Ол қандай ережі?

Бексұлтан: Өте оңай. Екі таңбалы санды 99-ға көбейту үшін ол саннан бірді шегеріп шыққан нәтижеге алғашқы көбейткіштен 100-ге жетпей тұрған санын тіркеп жазса болғаны. Мысалы 87*99 есептеу керек болсын. Ол үшін 87-ден бірді шегеру керек. Шегере аласын ба?

Досан: Келеке еткенің-ау ә? 86 болады

Бексұлтан: Енді 87 санының 100-ге жетпей тұрған санын 86-ға тіркеп жаз

Досан: 87-нің 100-ге 13-і жетпей тұр

Бексұлтан: Сол санды 86-ға тіркеп жаз

Досан: 87*99=8613. осы дұрыс па?

Бексұлтан: Дұрыс болғанда қандай?

Досан: Ой….. Жүр кеттік сайысқа.

 

3. Викториналық сұрақтар

1. Натурал сандар дегеніміз не?

2. Математикалық өрнектердің қандай түрлерін білесіздер?

3. Тік бұрышты параллепипедтің көлемі неге тең?

4. Тақ сандарға мысалдар келтіріңдер.

5. 0 саны жұп па, алде тақ па?

6. Жай сандар деп қандай сандарды айтамыз?

7. Тк төртбұрыштың периметрінің формуласы

8. «Диаметр» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

9. Жолдың формуласы:

10. Дұрыс және бұрыс бөлшектердің айырмашылығын атаңыздар

11. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы?

12. Шеңбердің бойындағы нүктені шеңбермен қосатын кесінді?

13. Санның бөлігі қалай табылады?

14. Үшбұрыштың периметрі формуласы?

15. Өзара кері сандар дегеніміз?

  1. «Білім арқаны».

Үш командаға кестелер беріліп, әр команда бірлесе кестені толтырады.

 

5. «Ой сергіту сайысы»

1-жүргізуші:

Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

 

2-жүргізуші:

Жақсылап шешіп, табайық жауабын

Сыйлық бар сіздерге қадірлі ағайын.

1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында (сызғыш)

3. Өмірің сенің қызық,

Жолыңда жоқ түзу сызық

Басы да жоқ аяғы

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

4. Алтау ала болса, ауыздағы келеді,

 

5. Білімді мыңды жығады,

 

7. Жүз теңгең болғанша,

 

6. Қызықты бестік ( Пәндерден сұрақтар)

1. Қазақ тілі: қазақ тілі оқулығының авторы кім?

(Қасымова, Даулетбекова)

2. Математика: Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда мұндай бөлшек қандай бөлшек деп аталады?

(Дұрыс)

3. Әдебиет: дүйім жұртты ұйтқан үш алып?

(Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би)

4. Орыс тілі: анықтауыштың ұрақтарын ата?

(какой, какая, какое, какие)

5. Тарих: Тарихты білмей өткенді , қазіргі жағдайды білу келешекті болжау қиын. Бұл кімнің сөзі:

(Әбу насыр Әл-Фараби)

1-жүргізуші:

Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар

Сабағыңды егер оқысаң,

өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше