Без рубрики

С.Сейфуллин. Дала

Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі Г.Т.Алдиярова
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Қазақ әдебиеті 4 класс
Сабақ тақырыбы: С.Сейфуллин. Дала
Сабақ мақсаты: Оқушыларға мәнерлеп оқыта отырып, эстетикалық тәрбие беру. Өлеңнің мазмұнын талдау, кейбір тіркес сөздер арқылы сөздік, тілдік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сабақ түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақ көрнекілігі:Сюжетті суреттер, сызбалар, интерактивті тақта арқылы жүргізу.
Сабақ әдістері: Қызығушылықты ояту, ой шақыру, жіңішке және жуан сұрақтар, категориялық топтастыру, автор орындығы, тренинг

 

Сабақ барысы

I Кіріктірілген бөлім.

Бағдарлау — мотивациялық кезең.

1 Қызығушылығын ояту.

1. Табиғаттың тылсым дүниесі (музыкалық тренинг) «Ой елегінен» үзінді (5 минут) айту. Ән

2. Оқушылар әңгімесінен бүгінгі тақырыпты пайымдау.

 

II Сараланған бөлім (операциялық кезең)

1. Өлеңнің авторлары туралы «Зеректер деректері» атты шығармашыл оқушылар тобы даярлаған суретті деректеріне тоқталамыз.

2. Сәкен Сейфуллин әндері «Тау ішінде».

Жазғы дала суреттерінен суреттер слайды.

3. Пән мұғалімінің өлеңді оқуы.

Оқушылардың іштей және мәнерлеп оқуы.

4. Дәптермен жұмыс

Дәптерге теңеу сөздерді өлең шуақтарынан теріп жазу.(Түртіп алу кестесі бойынша жүргізіледі).

5. Жіңішке, жуан сұрақтар стратегиясы бойынша жұмыс.

 

 

Жіңішке

Жуан

1) Жазғы даланы автор кімге теңеген?

2) Жазда дала қандай түсе енеді?

3) Жазда даланың иісі қандай болады?

1) Анаға теңейтін себебі не?

2) Ол неліктен?

3) Автор үшінші шумақта жазғы даланы неге теңейді?

 

6. Бір сәт «Жазғы дала» кейпіне енейік. Бұл ойынның шарты: Жазғы табиғатты бейнелейтін жан-жануар, көк майса шөп, күн қызуы, шыбынсыз жаз, ән салған көкек т.б.бейнесін сомдап сөйлеу.

 

7. Енді осы ойымызды жинақтау үшін категориялық топтастыру арқылы ой түйіндейік.

 

-Сонымен бұл кай кезде болады?

-Бұл көк орай шалғын бөктерде жаздыгүні шілде туғанда болады.

III. Бағалау — рефлекциялық кезең

1) Сәкен Сейфуллин ақынымыздың кішкентай ізбасарларын «Автор орындығына» шақырайын. Кімдер өз ойын толғаныстарын білдірер екен?

Өлең шығарған, ұйқас даярлаған оқушылар шығып өз шығармаларын оқиды.

2) Өзін-өзі бағалау парағы жүріп отырады.

IV. Үйге тапсырма

Өлеңді жатқа айтуға дағдылану.

Өзін-өзі бағалау парағы

 

Р/с

Тапсырмалар

Оқушы ұпайы

Мұғалім ұпайы

Баға

1

Ой елегінен

 

 

 

2

Зеректер деректері

 

 

 

3

Теңеу сөздер

 

 

 

4

Жіңішке,жуан сұрақтар

 

 

 

5

Басқа затқа айналайық

 

 

 

6

Категориялық топтастыру

 

 

 

7

Автор орындығы

 

 

 

 

15-20 ұпай «3»

20-25 ұпай «4»

25-30 ұпай «5»

 

Өзін-өзі бағалау парағы

 

Р/с

Тапсырмалар

Оқушы ұпайы

Мұғалім ұпайы

Баға

1

Ой елегінен

 

 

 

2

Зеректер деректері

 

 

 

3

Теңеу сөздер

 

 

 

4

Жіңішке,жуан сұрақтар

 

 

 

5

Басқа затқа айналайық

 

 

 

6

Категориялық топтастыру

 

 

 

7

Автор орындығы

 

 

 

 

15-20 ұпай «3»

20-25 ұпай «4»

25-30 ұпай «5»

С.Сейфуллиннің «Дала» табырыбындағы сабағынан суреттер қимасы.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиеті 3 класс

 

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов

«Достық өлкесінің заңы»

Сабақтың мақсаты: М.Шахановтың өмірі және өлеңдерімен

таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқытып,

оқу әрекетін талдау жұмысы арқылы

оның мазмұнын ашу.

Міндеттері: Автор туралы және оның өлеңдерінен кеңірек

түсінік беру. Оқушылардың мәнерлеп оқу,

жүйелі мазмұнды сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Адал достықтан ұлы достыққа жетуге баулу. Өз

тілін, елін, ынтымағын сақтайтын айбарлы

азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: теледидар, жоба плакат, жинақталған деректер

(өлең кітаптары, баспа беттері).

Сабақтың түрі: зерттеу конференциясы

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдістері: СТО технологиясының зерттеу конференциясы бойынша сұхбаттасу, тәуелсіз зерттеу, жоба плакат, қойылым, РАФТ.

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

1.Психологиялық даярлық. Оқушы бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келгендігін бақылау әдісі бойынша «Мен қандаймын?» ойынын өткізу (1мин)

2.Топтар мақсаты мен топ жетекшілері және оларды бағалау парағы беріліп түсіндіріледі (1мин)

3. Теледидардан сұхбат жүргізушілер жұмысын көру (10мин).

ІІ. Мағынаны тану.

1.Тақырыпты хабарлап, дәптермен жұмыс жүргізу.

2.Тәуелсіз зерттеушілер тобының жұмысы тыңдалады. Автор және оқулықтағы өлеңі бойынша сөйлеу.

3. Жоба плакатты қорғау жұмысы.

4. Қойылым, «Достық өлкесінің заңы» өлеңі бойынша

ІІІ. Ой толғаныс

Роль:

Аудитория:

Форма:

Тақырып:

Үйге тапсырма

Үйден: Оқулықтағы өлеңді жаттап, «Достықты мен қалай түсінемін» тақырыбына еркін жазу жұмысын жазу.

Бағалау.

Топ жетекшілері бағалауы мен мұғалімнің бағасы қойылады.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ашып түсіндіру, мазмұнын меңгерту.

2. Оларды мейірімді адал болуға, еріншектіктен, қатыгездіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

3. Бағыт бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой-өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.

Сабақты өткізу әдісі:

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Су құйғанда құлпырып,

Бәйтерек боп өседі.

Өлеңін үш түрлі дауыс ырғағымен оқып сабақты бастау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Наурыз» С.Сейфуллин «Жылдардың біл қасиетін» Ә. Табылдиев өлеңдері бойынша берілген тапсырмалар сұралады.

Сұрақтар:

  1. Өлең қай мерекеге арналған?

  2. Жазғы желмен қысқы желді салыстыр. (екінші өлең бойынша)

Оқушылар жауабы тыңдалады. Наурыз мерекесіне арналған оқушылар өз шығармашылығынан өлең шумақтарын оқиды.

Сәнімгүл:

Наурыз-құт береке,

Бүгін бізде мереке.

Ән салайық би билеп,

Кел, достарым, кел төрге.

 

Айбар:

Ұлы той алтыбақан сауығында,

Жиналған үлкен кіші қауымы да,

Ат шауып бәйге алып көкпар тартқан,

Өтіп жатыр үлкен той ауылымда.

 

  1. Қазақша жыл атауларын ата. Қазақша жыл атауларын атай отырып, не себепте бұлай аталғандығын Төремұратов Ерсайын деген оқушы әкесінен жыл атаулары туралы алған мағлұматтарын оқушыларды қызықтыра баяндады.

 

ІІІ. Ой ашар:

1. Балалар біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелеп жатырмыз?

2. Қазақша жыл байы қай кезден басталды?

Оқушы жауабы.

Мұғалім сөзі. Сол көктемде адамзаттың барлығы, тіршілік атаулы түлеп қайта жаңғырады. Міне сол жаңғыратын, күллі табиғаттың тынысын кеңейтетін ағаштар әлемі. Бүгін біз осы жасыл желектер туралы ой өрбітеміз. Мәтіннің авторы туралы мағлұмат беріледі.

 

ІV. Ой қозғау. Оқушылардың ағаштар туралы ойларын білу үшін сұрақтар беріледі. Ағаштар туралы не білесіңдер? Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік. Мәтінді оқып түсіндіремін. Мен оқығанда олар түртіп алу жүйесі арқылы өздеріне түсініксіз жаңа сөздердің астын белгілеп отырады. Олар әдеттегідей төрт топқа бөлінген. Түсініксіз сөздерді, әуелі топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Егерде өзара түсіністік болмаса ұжымда талдап, өзім түсіндіремін. Күрт азынаған нанғысыз сөздеріне сөздік жұмыстары жүргізілді. Мәтінді бөлімдерге бөліп ат қойылды. Ат қою үшін көмекші сұрақтар берілді. Бөлімнің аттары.

  1. Жасыл желек апталығы.

  2. Ағаштар мұңы.

  3. Өзенге шомылу.

  4. Алмабектің жазасы.

Төрт топқа төрт бөлім бөлініп беріледі. Әр бөлім бойынша тапсырмалар белгіленеді.

  1. Бөлім бойынша сурет салу.

  2. Ағаштан жасалатын затқа сызба дайындау.

  3. Еңбек, еріншектікке байланысты мақал-мәтелдер айту, оның мағынасын түсіндіру. Даярлауға уақыт беріледі. Дайын топтар ауызша жауаптарын береді, суретшілер сурет мағынасын түсіндіреді. Мәтінді жүргізіп, мәнерлеп оқу техникасы тексеріледі.

V. Ой толғаныс.

«Бес жолды өлең» әдісі арқылы тірек сөздер бере отырып жаңа сабақ қорытылады. Тірек сөздер: Кеспе, теспе, ілеспе, кешке осы сөздерді пайдаланып, ақынжанды оқушыларым төмендегідей өлең құрастырды.

Әй бала,

Ағашты босқа кеспе,

Бұзық сотқарларға ілеспе,

Ағаштарды күтіп, баптап, қадірлеп,

Су құй оған күнде кешке.

 

VІ.Үйге тапсырма. Мәтін мазмұнын жүйелі баяндау, оның соңында берілген мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіндіру даярлану.

VІІ. Бағалау.

С.Сейфуллин. Дала: 1 комментарий

  1.  
    Әріптесім Гульзия! Сіздің қазақ әдебиетінен сайтқа жарияланған сабақтарыңыз оқушылардың сөздік қорларын молайтуға,өз беттерінше ізденіп,шығармашылық қабілеттерін шыңдауға,өз-өздерін дұрыс,әділ бағалауға машықтандыратын үлгідегі сабақтар.Мен өзіме қажетті біршама мәліметтер алдым.Сізге көп рахмет!
     

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.