Без рубрики

Хайуанаттар бағына саяхат

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
Бегімбет селосы «Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі  Құдайбергенова  Лаура  Жеткергенқызы

Мақсаты: Балаларға  әр  аңның  атын  дұрыс  атауға  жаттықтыру  және  олардың  тіршілік  ететін  ортасы  туралы  түсініктерін  бекіту. Балалардың сөздік қорын байыту.Тілдік мәдениетін жетілдіру. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру. Балалардың  аңдарға  деген  сүйіспеншілік  сезімдерін  арттырып,  оларға  қамқорлықпен  қарауға  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Аңдардың суреттері, хайуанаттар  бағының  көрінісі, құрастырма суреттер.

Шаттық  шеңбері:

Кел балалар күлейік,
Күлкімен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.

Тәрбиеші: Балалар  алдымен  жаңа  сабағымызға көшпес бұрын мына суреттерімізге қарап алайық,

І   слайд  (Аңдардың  суретін көрсету)

Балалар хайуанаттарды адамдар жақын көру үшін  хайуанаттар  бағына барады екен.

v Хайуанаттар бағы дегеніміз не екен?

Ол-үлкен бақ. Онда  жануарлардың көптеген түрлері бар. Олардың барлығын адамдар торларда ұстайды. Өйткені  олар жыртқыш аңдар.

 

  1. Д/О: «Сипатта»

Ойынның  шарты: Ортаға  бір  бала  шығады, басына  маска  кигізеді,  балалар  масканы  сипаттап  айтады,  бала  өзінің  қандай  аң  екенін  табады.

Балалар бұл аңдардың көбісі  орманда, өзен де, таулы жерлерде мекендейді.Сондықтан біз оларды  аялауымыз керек. Біздің елімізде  аңдардың ішінен «Қызыл  кітапқа»  енген аңдар да бар.Олардың  қатары сирек  болып бара жатқан соң оларды адамдар қорғауға алған.

Сергіту сәті.(Күн ұйықтайды)      

Жұмбақ шешеді.-Күн.

-Дөңгелек,ыстық, үлкен.

-Сары

-Күлімдеп тұр.

-Қараңғы, суық болады.

Бойларын сергітіп алады.

Күн ұйықтайды.Күн оянады.Жел соқты.

Жаңбыр жауды.

Найзағай тарсылдады.

Күн ашылды, жел басылды.

Кәне енді балалар біз құрастырма суреттерімен жұмыс жасайық.

Ортаға 2-3 бала шығарып,  оларға қиылған аңдардың суреттерін құрастырып  аңдардың атап, тіршілігі   туралы айтқызу.

Қимылды ойын:  «Кішіпейілді тығылмақтар».

Санамақпен бір бала көз жұмады. Білім алушылар жылы сөздер айтады «рахмет», «сәлем», «мархаббат» т.б. көз жұмушы дауыс бойынша айтқан сөздің иесін табу (мысалы, Інжу «рахмет» — деді).

 

Сабақты бекіту мақсатында «кубизм» стратегиясын жүргіземін.

 

  • Қандай аңдарды білесіңдер?
  • Аңдар қайда мекендейді?
  • Түлкінің  түсін ата?
  • Қызыл кітапқа енген аңдарды ата?

Кәне балалар енді біз «Дос болайық бәріміз!»  атты  әнмен сабағымызды аяқтайық.

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Аңдарды бір-бірінен ажырата білуі

Меңгеруі: Жыртқыш аңдар туралы толық мағлұматты меңгеруі

Игеруі: Көру, есту, түсіну арқылы өз беттерінше жұмысты игеруі

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.