Тармақталу және таңдау операторлары

Атырау қаласы, Ж.Досмухамбетов  атындағы  лицейдің
информатика пәні мұғалімі Татбенова Алтын

Сабақтың  тақырыбы:  Тармақталу және таңдау  операторлары
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға  тармақталу және  таңдау  опреаторлары н түсіндіру,  алған  практикада  есптер шығару кезінде қалыптастыру.
Дамытушылығы: Қабілетін, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелілігі:
Шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа және нәтижелілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
: Жаңа сабақ              Сабақтың  типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру.
Оқыту формасы:
  топтық, жұптық, жеке
Көрнекілігі
: Деңгейлік тапсырма қағаздары, проектор, бағалау парағы, фишкалар.

Пәнаралық байланыс: математика

Оқушы нені білуі тиіс:Программа құрылымы,орындалу реті

Паскаль тілі операторлары

Белгілерді,айнымалыларды,тұрақтыларды сипаттау

Операторлардың орналасу реті,түрлері және міндеттері.

Нені үйренуі тиіс

Тармақталу,таңдау  командалары қызметі, жазылуы.

Программа құруда  операторды дұрыс пайдалану

Командаларды пайдалана отырып  программа құра білу

І  Ұйымдастыру

Бағалау парағы  таратылады.Жұмыс ережсі таныстырылады.

ІІ  Өткенді қайталау.

А)Авто тест  түрінде.Дұрыс жауаптар фишка жинайды.Тест  соңында  фишка санын  санап  және алган багасын багалау парагына толтырады.

Б)1.Сызбаны  толтыру

 

В)Сөйлемді  аяқта:

Программаның  орындалу барысында мәндерін өзгертуге  арналған шамаларды ….деп атайды./айнымалылыр/.

С)Дұрыс  па?

Айнымалыларды  сипаттау    var  түйінді  сөзінен   бастала ма?

Д)Сөйлемдерді дұрыс құра

1.тип

2.қабылдайтын

3.сипаттама

4.дегеніміз

5.мәндеріне

6.шамалардың

7.берілетін

/тип дегеніміз шамалардың қабылдайтын  мәндеріне берілетін сипаттама/.

Е).Дұрыс па ?

Read,Writeln,Readln,Write-файлдардан  оқу және  оларға жазу әректтерін орындайтын операторлар/иә/

 

Бағалау парагын  толтырып болган сон өткен тақырып корытындыланады.

Жаңа  сабақ  Трек схема  тұрғысынан түсінік беріледі.

Тармақталу командасы :/проекторда блок схемалары көрсетіледі/

Программадағы операторлардың орындалу ретін басқарып отыратын операторларды тармақталу командасы деп атаймыз.Бұл командалардың көмегімен құрылған программаның блок схемасы бұтақ тәрізді болады.Тармақталу командасына шартсыз    GOTO , шартты  IF –  THEN   –  ELSE  және   таңдау CASE   жатады.

GOTO  шартсыз  көшу операторы

Паскаль  программалау тілінде  операторлар программада жазылу ретімен бірінен соң бірі орындалады.Бірақ көптеген программаларды құру барысында операторлардың орындалу тәртібін бұзуға тура келеді.Мысалы программаның бір бөлігін уақытша айналып өтіп ,кейін оған қайтып келу керек болады.Осы  жағдайда шартсыз көшу орындалады.

Program esep1;

Label5,10;

…………

Goto 10;

………;

5:……;

10:writeln(x);

Program esep2;

Label s1.s2;

………;

Goto s2;

S1:…..;

S2:readln(n);

Goto операторы көмегімен аттап кеткен программа болігіне қайтып келу үшін ол  бөлікті де таңбалап кеткен жөн.Әйтпесе  программаның ол бөлігі орындалмайды.

Шартты операторлар.

IF-THEN-ELSE  Берілген шарттың орындалуын  реттейді.Егер шарт нәтижесі ақиқат болса онда басқару  THEN  операторына беріліп  тек сонда тұрған  программаның тармағы ғана орындалады.ары қарай басқару   ELSE операторын оқымай аттап кетіп  программаның келесі  операторына беріледі.

Егер шарт нәтижесі жалған болса онда программаның  орындалуы  THEN операторынан аттап кетеді де  ELSE операторына беріліп  программаның осы операторы тармағы  орындалады.Ары қарай басқару программаның келесі операторларына беріледі.

IF   шарт  THEN  1-блок

IF   шарт  THEN  1-блок  ELSE  2-блок

 

CASE-Таңдау  операторы.

Кейде  белгілі  бір  өрнектің  немесе  шамалардың  мәндерінің  өзгеруіне байланысты программада жазылған әртүрлі операторлардың бір бөлігін ғана таңдап орындау керек болады.Таңдау операторы  CASE      -OF   қызметші сөзінен тұрады.

Case  N of

1-тізім:1-блок;

2-тізім:  Begin 2-блок; End.

…. …………………………

М-тізім:  м-блок; End.

Else 0-блок; End.

Практика жүзінде

Мысалы Екі санның үлкенін табу.

Есептің программасын 3 түрде жазып талдау.

1-әдіс.

Program maxsan;

Var a,b,max:integer;

Begin

Readln(a,b);

If a>b then writeln(“max=”,a)else if a=b writeln(“eki san ten”) else writeln(“max=”,b);

Readln;

End.

2-әдіс.

Program maxsan1;

Var a,b:real;

F:Boolean;

n:integer;

Begin

Readln(a,b);

F:=a<b;

If not f  then n:=1 else n:=2

Case n of

1:writeln(“max=”,a)

2: writeln(“max=”,b);

End.

3-әдіс.

Program maxsan2

Label s1,s2,s3:;

Var a,b,max:integer;

F:Boolean;

Begin

Readln(a,b);

F:=a>b;

If f   then goto s1

Else goto s2;

S1:writeln(“max=”,a);

Goto s3;

S2: writeln(“max=”,b);

S3:Readln;

End.readln;

End.

Жаңа  сабақты бекіту жеке формада жүргізіледі.

ДЕҢГЕЙЛІК  ТАПСЫРМАЛАР.Өз  жұмысын   жауап  парагымен тексеріп бағасын  толтыру.Болган  соң келесі деңгей  тапсырмасын орындауга көшеді. Кай деңгейді алу өз  қолында.Әр деңгейде 2 тапсырмадан.

І –деңгей.

1 сұрақ.Таңдау операторы не  үшін қажет?Жазылу формасы?

2.Өзің есеп шартын құрап қалаған операторын бойынша программасын жаз

ІІ-деңгей

1 сұрақ.Шартты операторлардың жазылу үлгілері қандай.

2 есеп.Егер  А саны В санынан үлкен болса   бөлуді орында әйтпесе көбейтуді орындайтын программа құр.

ІІІ –деңгей

1сұрақ. Операторлар дегеніміз не? Қандай  топтарға жіктеледі?

2 есеп.Бүтін А саны берілген.Сол А санының бүтін В санына қалдықсыз бөлінетінін не бөлінбейтінін анықтайтын программа құру.Қаблеттеріне қарай орындап болган оқушы мұғалімдеріне тексертіп бағаларын қояды.

Қорытындылау.

12-15 фишка      «5»

9-11  фишка       «4»

6-8  фишка           «3»

5 фишкадан  аз  алған  оқушыларға қосымша  қайталап тақырыпты оқу және   блок схемалар бойынша программа құру тапсырылады .

Үй тапсырмасы  п 3.4-9 жаттығулар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше