Без рубрики

Тілім — менің тірегім

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
Қауылжыр ауылы ГКС-12 орта мектебі
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан»құндылықтары туралы  түсініктерін  кеңейту

Міндеттері.

-ана  тілінің  адам  өміріндегі  маңыздылығын  түсіндіру;

-ана тіліне  деген  құштарлықтарын  арттыру,

-ана  тілін  сүюге,құрметтеуге  тәрбиелеу,

Көрнекі  құралдар.оқулық,дәптер,қатты  қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үлкен  үш қақпа.

Шаттық  шеңбері:

Ана  тілім-ұраным,

Ана  тілім-құралым.

Ана  тілім болмаса,

Болмас  еді  жыр-әнім.

Ана  тілім-елдігім,

Ана  тілім-ерлігім.

Ана  тілім  болмаса,

Бүтінделмес  кемдігім…

Саханалау.Үнтаспадан С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»күйі орындалып  тұрады.

Сәнді  безендірілген  сарайдың  үш  қақпасының  алдыңғы  көрінісінің  сұлбасы тақтадан  шығарады.Бірінші  қақпаға «Таным»,екіншісіне «Ғұламалар», «үшінсіне «Қазына»деп  жазылған.

Ортаға  патша  роліндегі  бала  шығады.Қасында  уәзірлері бар.

Патша:-Тілдер патшалығына  саяхат  жасауды көптен  көңіліме  түйіп  жүр  едім.Соның  сәті  бүгін  түскен  сияқты.Мен  қазақ  тілі  туралы  білсем  деймін.

Мұғалім:-Сонау  бесінші-алтыншы  ғасырлардан  бастап  уақыт сынына  төтеп  беріп,бүгінгі  күнге  дейін  жеткен Орхон-Енисей,талас сына жазулары  қазақ  тілінің  кезінде  өркендеп,гүлденген  дәуренін  айғақтайды.

Патша  уәзірлерімен  «Ғұламалар»қақпасына  келеді.Бұл  жерде  қазақтың   маңдайына  біткен ғұламалардың  портреттерінен  жасалған  топтамалар  көрсетіледі.

Мұғалім:-Қазақ  тілі-Әйтеке би,Төле би,Қазыбек би  сынды  шешендердің,Абай,Жамбыл,А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,М,Әуезов сияқты алып-ақын-жазушылардың,Қажымұқан,Б.Момышұлыдай  атақты  батырлардың  тілі.Қазақ  тілі-қазақтың  жоғын  жоқтап  өткен Шоқан мен Т.Рысқұловтай  арыстың  тілі.

Патша.-Туған  тілім  туралы  өлең  тыңдасам  деймін.

Туған тілім.

1.Туған  тілім-бабам  тілі-өз  тілім!

Туған  тілім-анам  тілі-өз  тілім.

Туған  тілім-далам  тілі-өз  тілім!

Туған  тілім-адам  тілі-өз  тілім!

2.Туған  тілде  сыры  терең  жаным  бар,

Туған  тілде  әнім  менен  сәнім  бар.

Туған  тілім тіл  болудан  қалса  егер,

Жүрегімді суырып-ақ  алыңдар.

-Неліктен тіліді  анамен  байланыстырып айтамыз?

-Қандай  адам  өз  тілін  өте  құрметтейді?

-Неліктен  өз  тілінде  сөйлейтін  адам  сыйлы  болады?

Патша  жайлап  «Қазына»қақпасына  жақындайды.

Патша:-Бұл  қандай  керемет  болды екен,а?!

Нөкерлері қақпаны  итереді.Қақпа  ашылмайды.

Патша  :/ашуланып/-Менің  кім  екенімді  білмейді –ау  шамасы,-деп  қақпаны  өзі итереді.

Бәрібір  ашылмайды.Ол  қақпа  есігін қағып-қағып  жібереді.Сонда  арғы  жағынан  тілдей  қағаз  түседі.Нөкері  ашып  оқиды:

Дүниеде  не  тәтті?

Дүниеде  не  ащы?

Патша:-Мұның  мәнісі  неде?-деп  оқушылардан  сұрайды.Балалрдың  жауаптары  тыңдалады.

Мұғалім:Мұның  жауабын  білу  үшін «Данышпан  атаға»хат  жзған  болатынбыз.Бүгін  сол хаттың  жауабы  келді.Балалардың  жауаптарын  салыстырып  көрейік.Хатты ашып  оқиық.

Мұғалім  хатты ашып  дауыстап  оқиды:

О,хан ием!Дұрыс сөйлей білу де өнер,жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады.Сондықтан да тіл –тәтті.Жебе салған жара жазылар,балтамен оталған орман қайта өсер,бірақ тілдің жартысы жазылмас.Сондықтан да тіл-ащы.

Сол уақытта қақпа ашылады.Жасанды  гүлдермен  безендіріп  жасаған  бақтағы  бұлақ  басынан «Ана тілім-қазынам»деген  жазуы  бар  кітапты  патша  қолына  алады,парақтап қарай  бастайды.

Патша:-Маған  көмек  қажет болды,кім  көмектесер  екен?Мына кітапта  берілген  мақал-мәтелдідерді  аяқтау  керек.Патша  мақал-мәтелді оқиды,балалар әрі  қарай  жалғасытарыды:

1.Өз  білімегеніңді  кісіден  сұра,

Үлкен  болмаса.кішіден  сұра.

2.Өнер алды-қызыл  тіл.

3.Жіптің ұзыны ,сөздің қысқасы  жақсы.

4.Піл күшті,

Піл күшті  емес,тіл  күшті.

5.Отыз  тістен  шыққан  сөз,

Отыз  рулы  елге  тарайды.

6.Жүйелі  сөз-жүйесін  табар,

Жүйесіз сөз

Патша:-Ойпырмай-а!Тілдің  құдіреті  осы де.Балалар,сендерге үлкен рахмет.Мен  барып үш  ұлымды сынап  көрейін.Патша  нөкерлерімен  шығып кетеді.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.