Су және оны қорғау. Табиғаттағы су
Дүниетану 3 сынып
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласы
І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тұрғанбаева Бибігүл Молдағалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Су және оны қорғау. Табиғаттағы су.
Сабақтың мақсаты: Өмірдің қайнар көзі мен тіршілік көзі ретінде су туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Судың қасиеттері туралы түсініктерін нығайту.
Дамытушылық мақсаты: Өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете отырып, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Дүниетанымын,ой-өрісін,салауатты өмір салтын, табтғатты қорғауға,суды үнемдеп жұмсауға үйрету, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, зертханалық әдіс
Сабақтың көрнекілігі: Глобус, стақан,су, мақта. Слайдтар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (2 сыныпта өткенді қайталау)
1слайд: Адам өміріне ең қажетті 5 жағдайды атап, интерактивті тақтада жазу.
(жарық, су, ауа, тағам, жылу)
Ендеше, осы аталған 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатсақ керек болады?
-Су
-Судың неше қасиеті бар? ( сұйық, аққыш, еріткіш, иіссіз, мөлдір, түссіз)
-Судың қанша күйі бар?
-Үш күйі бар (сұйық, қатты, бу) жауаптарын жұмбақ шешу арқылы жазады.
1) Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
2)Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады (мұз , қатты күйі)
3)Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбейді (газ, бу күйі)
2слайд: Теңіз суреті (4 жол өлеңді хормен оқу)
Су деген- тіршіліктің наны емес пе?
Су деген-табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол-ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
3слайд: Жаңа сабақ
Глобусты көрсету арқылы түсіндіру. 4слайд.
-Жер бетінде ең көп таралған зат- су. Глобусқа қарасаң жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол-су: мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер.
Тәжірибе:
Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Егер күн салқындап, температура нөл градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге , яғни қар мен мұзға айналады.
-Кішкене табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсаң, бірнеше күннен кейін, оның босап қалғанын көресің. Табақшадағы су қайда кетті? Ол із-түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.
5слайд. Су табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі.
|
Егін шаруашылығы
|
Бау-бақша шаруашылығы |
Мал шаруашылығы |
|
Дәнді дақылдарды егеді,суарады
|
Жеміс-жидектер, көкөністерді суарады |
Төрт түліктер, аңдар сумен қоректенеді |
6слайд. Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты.
-Суды не үшін пайдаланады? Оқушылар әңгімелейді.
7слайд. Жергілікті жеріміздегі «Шалқар» көлі туралы баяндау.
8слайд. Су туралы мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер жазу
|
Мақал-мәтелдер
|
Тыйым сөздер |
жұмбақтар |
|
Тау мен тасты су бұзар, Ел арасын қу бұзар.
Сулы жер-нулы жер
Судың да сұрауы бар
Таста тамыр жоқ, Суда қаймақ жоқ
Су-тіршілік көзі
|
Суға түкірме
Суда ластама
Суды босқа ағызба
Қайнамаған су ішпе
Су ішкен құдыққа түкірме |
Кескен болсаң кесілмейді, Кесілсе де бөлінбейді.
Бет көретін айнам Тауып алдым сайдан. |
9слайд. Венн диаграммасы
|
Судың пайдасы
|
Судың зияны |
|
|
|
10слайд. Бекіту . Ой толғау «Су-тіршілік мекені» әңгіме жазу
-Үйге тапсырма
-Бағалау
