Дене тәрбиесі
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
№80 мектеп-гимназияның
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Сатыбалдиев Айбек
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық таяқшамен жүгіру.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды тақырып бойынша білімін жетілдіріп,эстафеталық таяқшамен жүгірудің негізгі әдіс–тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын нығайту, пәнге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларға үйретілген жаттығуларды ұқыпты, өз мәнінде жасауға, ептіліккіе, шыдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі сабақ
Типі: Жаңа білім беру,меңгерту.
Көрнекілігі: Плакат.
Құрал жабдықтар: Ысқырық, эстафеталық таяқша.
Сабақтың барысы:
1.Дайындық бөлім 2.Негізгі бөлім 3.Қорытынды.
| р/с | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқаулар |
| І | Дайындық бөлім: |
16 минут |
|
| 1.Сапқа тұру, сәлемдесу, баянат беру,үй тапсырмасын сұрау, сабақтың тақырыбы, мақсатын түсіндіру. |
1-1,30 |
Кезекші сыныптың сабаққа дайын екендігін мұғалімге баянат беру | |
| 2.Орында бұрылу жаттығуы:А)оңға
Ә)солға Б) кері
|
30 сек. |
Дұрыс бұрылуын қадағалау | |
| 3.Жүру жаттығулары: |
5минут |
||
| А)қол жоғарыда аяқтың ұшыменӘ)қол белде аяқтың өкшесімен
Б)Жартылай отырып жүру В)толық отырып жүру |
|
Қол жоғарыда
Қол белде Қолды алға созамыз Қол тізеде |
|
| 4.Жүгіру жаттығулары: |
5минут |
Жүгіру жаттығулары кезінде аяқты дұрыс қою және қолдыңжұмыс істеуіне мән беріп бақылау. | |
| А)Бір қалыпты жүгіруӘ)оң қапталмен жүгіру
Б) сол қапталмен жүгіру В)тізені көтеріп жүгіру Г)аяқты артқа сермеп жүгіру Д)табиғи жүріс Е)дем басу |
|||
| 5.Бір орында жасалатын жаттығулар: |
5минут |
||
| А)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде қол белде. Басымызды оң жаққа 1-2 рет, сол жаққа 3-4 рет айналдырамыз.Ә)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта, 1-4 қолды алға айналдырамыз. 1-4 қолды артқа айналдырамыз.
Б) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол кеудеде, 1-2 рет қолды бүгіп артқа сермейміз. 3-4 оң қол жоғарыда сол қол төменде, осылай артқа сермейміз. В)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол белде 1.Алға еңкейеміз 2.Артқа еңкейеміз 3.Оңға 4.Солға Г)Бастапқы қалып қолды алға созамыз. 10-15 рет отырып тұрамыз |
5-6 рет
5-6 рет
5-6 рет
6-7 рет |
Денені тік ұстаймыз, көзді ашық ұстаймыз
Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиуін және толық айналуын қадағалаймыз Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз
Қол белде, дұрыс еңкейуін қадағалаймыз
Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз
|
|
| ІІ | Негізгі бөлім: |
24 минут |
|
| 1.Эстафеталық таяқшамен жүгірудің әдіс –тәсілдерін, техникаларын оқушыларға үйрету және дамыту.2.Техника қауіпсіздік ережесін оқушыларға түсіндіру.
3.Жеңіл атлетикалық ойындар ойнату. |
|
Қауіпсіздік ережесін сақтауМұғалімді мұқиат тыңда!
Ара қашықтықты сақтау |
|
| ІІІ | Қорытынды бөлім |
4 минут |
|
| Сапқа тұру, өтілген сабақты қысқаша шолып өту,Оқушылардың еңбегіне қарай атап өту және бағалау
Үйге тапсырма беру. Қоштасу. |
|
Қателіктерін айту, көрсету. |
