Без рубрики

Сыныптан тыс жұмыс

          Байқоңыр  қаласы

 Қ.Қ.Тоқмұхамедов атындағы

№ 14 жалпы білім беретін орта мектептің

 ұзартылған  күн  тобының  тәрбиешісі, 

І санатты  мүғалім  Қалиянова  Балапан

 

 Тақырыбы:Байқоңыр көктемі көңілді.

Мақсаты: табиғатты аялауға және қорғауға, пікірін жеткізіп айта білуге, өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы логикалы ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі:         әдеби-сазды ертеңгілік

Әдісі:        ішінара іздендіру әдісі, «Болжау», «Ой қозғау» стратегиялары, т.б.

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар:

Техникалық құралы: мультимедиалық құрал, т.б.

Барысы:                                   

I. Ұйымдастыру кезеңі

 а) Психологиялық дайындық

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Балалар, бүгінгі күніміз көңілді болсын,- деп жақсы тілектер айтайық:

Оқушылар:   Қуанасың сенде,

Қуанамын менде,

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

Мұғалім: Көңіл-күйлерің қандай?

Оқушылар: Көңілді.

б) Кіріспе бөлім

Өте жақсы, балалар (әуен ырғағы ойнап тұрады). Онда тыңдаңдар, қар ериді, сылдырап су ағады, құстар келеді, аналар, Наурыз мерекесімен қоса ғарышкерлер күні атап өтіледі, ағаштар бүршік жарады, жерге көк шығады. Бұл құбылыстар қай кезде болады, балалар?     Көктемде.

Ал осы көктемнің керемет күнінде біздің мектепте ұзартылған күн тобына байланысты қандай шаралар өтіп жатыр? Кім не біледі?

Балалардың ойын тыңдау:    — Апталық өтіп жатыр.

  • Апталықтың тақырыбы қалай аталады?

—  «Әкем, шешем және мен, сөйлейміз мақал-мәтелмен»

—  Жарыстар болады, ребус, сөзжұмбақтар шешеміз.

в) Техникалық құралмен жұмыс

«Қызықты тапсырмалар»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.

Шарты: оқушылар 3 топқа топтасады. Берілген үлестірме қағаздардағы қызықты тапсырмаларды топта ақылдаса отырып орындайды.

Тапсырмалары:

  • «Буыннан жаңа сөз»: Байлық, қорық, қоңыр
  • «Жұптастыр»: көк те мі
  • «Математикалық диктант»: 2 (2), 4 (2), 1000 (3), 1 (2), 6 (2), 1000000000 (8), 1(2)  (көңілді)

Бәрекелді, балалар, олай болса, біз қазір «Байқоңыр көктемі көңілді» атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Ондағы менің мақсатым – табиғат туралы сендердің білгендеріңді ортаға салып, өз ойларыңды ашық айтуға, достарыңның да пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жарайды, енді ойымызды тақпақтар арқылы жалғастырып көрейікші.

II. Негізгі бөлім

а) Әдеби-әуенді монтаж

1-оқушы:  Көктем күннің қанаты

Көктем гүлді дала аты.

Көктем жердің тынысы,

Көктем елдің ырысы.

 

2-оқушы:   Көктем келді,

Ала келді жылуды.

Кең даламда әсем гүлдер көбейіп,

Көбелектер сол гүлдерге жиылды.

 

3-оқушы:  Көктем келді,

Балалар да қуанды.

Сол көктемде сайраған құс үнімен,

Талай-талай өлең жолы туады.

 

4-оқушы:  Көктем келді, күннен шуақ шашылды,

Жердің беті көк шөппенен басылды.

Бүгінгі күн біздер үшін мереке,

Зейініміз ерекше боп ашылды.

б) Үй тапсырмасы

Біздің оқушыларымыз ұзартылған күн тобында үй тапсырмаларын орындаумен қатар, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейді. Ондағы менің мақсатым — бала бойында бұғып жатқан таланттарын ашу. Үй тапсырмасына әңгіме, өлең, эссе жазып келу тапсырылған еді. Енді сол оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдаймыз.

  • Сәуле «Келді көктем» (өлең)
  • Салтанат «Көктемде» (әңгіме)
  • Жұлдыз «Құстар біздің досымыз» (әңгіме)
  • Гульсая «Көктем» (өлең)
  • Аягөз «Менікі дұрыс» (әңгіме)
  • Жанна «Көктем мен қыз» (өлең)
  • Назым «Көктем» (әңгіме)
  • Сымбат «Байқоңыр ғарыш мекені»

Ән «Көктем шуағы». Орындайтын қыздар тобы

в) «Болашақты болжау»

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, ғарыш, аспан әлемі жайлы білімдерін бекіту, ұғымдарын жетілдіру.

Шарты: оқушы берілген тақырып бойынша өз ойын мына сөз тіркесімен «Егер  мен ғарышкер болсам…» бастап сөйлеп, ортаға салады.

Рахмет балалар. Осы арман-тілектерің болашақта биік мақсаттарға айналсын.

г) «Шығармашылық тапсырма»

Мақсаты: оқушылардың ойлау, ұйқасын табу, сөз құрау сияқты шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Шарты: оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа бір-бір өлең жолдары беріледі. Топ оқушылары өлең жолдарын ұйқастыра жалғастырып, құрастыруы шарт.

Тапсырма:

1-топ: Көктем қандай көрікті,

2-топ: Байқоңыр ғарыш мекені,

3-топ: Жайнады гүлді көктем,

Иә, балалар, «Іздеген жетер мұратқа», — дегендей ойларың қандай үйлесімді.

д) «Суреттер сөйлейді»

Мақсаты: оқушыларды ізденімпаздыққа баулу, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Шарты: әр түрлі қиынды бөліктерді құрастыра отырып, Байқоңыр көктемін құрастыру. Әр оқушы бөліктерді орналыстырғанда сипаттама береді.

 

ІII. Қорытынды бөлім

  • Сонымен, балалар, бүгін сендер «Байқоңыр көктемі көңілді» болатынына көз жеткіздіңдер. Бәріңде үлкен ізденіспен өздеріңнің әртүрлі таланттарыңның бар екенін әр қырынан таныта білдіңдер. Сендердің ойларың бір арнаға тоғысып, жақсы ой түйіндедіңдер. Рахмет, балалар.

Білем деме балам,

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Бұл дүниеде жоқ шығар,

-дей отырып, оқыңдар, ізденіңдер, жалықпаңдар, бәрі де сендердің қолдарыңда. Болашақтың білімді ұрпағы сендерсіңдер, — демекпін.

 

Ән  «Прекрасное далёко». Орындайтын 6 «А» сынып оқушылары.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.