Жазғытұрым Әдебиеттік оқу. 2 сынып

Астана қаласы. №15 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Камерова Динара Төлеубайқызы
Сабақтың тақырыбы: Жазғытұрым Әдебиеттік оқу. 2 сынып
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау, ой-қозғау, топпен жұмыс, салыстыру, түртіп-алу.
Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу. Музыка
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылығын ояту.
Сәттілік тілеп, оқушылар туылған жыл мезгілдері бойынша төрт топқа бөлініп отырып, сабақ бастау.
ІІ. Үй жұмысын тексеру: «Мен өнерлі баламын» деген тақырыптағы эсселерін оқып береді.
IІІ. Жаңа сабақ: Ой шақыру.Жұмбақтың шешуін тауып, жаңа тақырыппен танысу.
Қар кетіп,
Қыр көгерді.
Құс қиқуы көбейді.
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.
«Көктем».
Ана тілі, еңбекке баулу, музыка сабақтарында “Көктем” тақырыбына берілген өлең оқып, аппликация орындап, ән айтамыз.
-Олай болса, І.Жансүгіровтың “Жазғытұрым” атты өлеңімен танысамыз.
Өлеңді әр топ кезектесіп мәнерлеп оқып, бір-бірін бағалайды.
Сергіту сәті.
Ойтолғаныс. Әр топқа тапсырма беріледі. (А-2 қағазында орындайды)
“Көктем”тобына: “Әріптер сөйлейді” Көктем сөзіндегі әрбір әріптер сөйлейді.
К Ө К Т Е М
Ү
н
“Жаз” тобы: “Ол не ?”ойыны. Берілген суреттер бойынша ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап сурет не туралы екенін анықтайды.
“Күз” тобы: Даладағы және қаладағы көктемнің суретін салып, салыстырып айтып береді.
“Қыс” тобы:“Жақсы-жаман”ойыны. Көктем мезгілінің жақсы – жаман қасиеттерін айтып береді.
IV. Жаңа білімді тиянақтау:Белсенді тақтамен жұмыс.“Жоғалған әріптерді тап!” ойыны.
Өлеңде көктем мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер жайлы сөздер бар. Оларды белсенді тақтада жазғанда, ортасындағы әрпі түсіп қалыпты. Оларды тез тауып, жазу.
ж
е
л
к
к
т
л
м
л
к
н
V. Бағалау: Топтың жұмыстарын мадақтау, бірін-бірі бағалау.
VІ.Үйге тапсырма беру:Өлең мазмұнына сәйкес сурет салып, өлеңді жаттап келу.
Еңбекке баулу
Сабақтың тақырыбы: “Көңілді көктем”. Аппликация
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:Еңбекке баулу сабағындағы қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
ІІ. Ой шақыру.Көктем деген не?Сұрағы бойынша топтау әдісін пайдаланып, белсенді тақтада жазу.
II.Мағынаны тану:Түртіп алу жүйесі.
Оқулықтан “Көңілді көктем”. Аппликация тақырыбын оқиды.
Оқып болған соң, алдын ала таратылып берілген қағаздардағы белгілерін қояды.
+ -мен үшін жаңалық
-мен үшін түсініксіз
V –мен білемін
? –мені жұмбақтандырады
3. Топтарда толтырылған таблицалары бойынша пікір алысу
4. Ұжым үшін түсініксіз ұғымдарды, ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.
ІІІ.Топпен жұмыс:1.Төрт топқа симметриялы пішінінен таратып, бірнешеуін қию тәсілімен орындау.
“Көктем”тобы: Көбелекті қияды
“Жаз” тобы: Саңыруқұлақты қияды
“Күз” тобы: Күнді қияды
“Қыс” тобы: Жасыл шөпті қияды
2.Қиып алған пішіндерін бір-біріне үлестіру;
3. “Көңілді көктем” тақырыбынаберілген аппликацияны орындау.
ІV.Ой толғаныс:“Көктем” сөзжұмбағын шешу.
1
к
2
ө
3
к
4
т
5
е
6
м
Жаңа жылда әзірленетін ұлттық тағам.
Сәуір айының басқаша атауы.
«Ұлыс оң болсы,
Ақ мол болсын,
Наурыз … болсын!»
4.Көктемде ұшып келетін құстың бірі.
5.Көктемнің алғашқы гүлі.
6.Көктем айларының бірі.
V.Қорытынды:Сабақты «Көктем келді» әнімен аяқтау.
VІ. Бағалау: Топтың жұмыстарын бағалау, мадақтау.
