Вирустар. Антивирустар

Астана қаласы
Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі
информатика пәнінің ІІ санатты оқытушысы
Айдарбекова Ғалия Тұңғышбекқызы

Сабақтың жоспары

Күні: 20.10.2011 Топ: СмиС 11
Пән: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Вирустар.Антивирустар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету.

Дамытулышық: Оқушылардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру

 

Тәрбиелік: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, әділдікке, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес. «Сот сабағы»

Сабақтың әдісі: Іскерлік ойын сабағы.

Көрнекілігі: Әділдік туралы нақыл сөздер, мультипроектор.

Пәнаралық байланыс: Құқық

Сотқа қатысушылар: Сот төрағасы, хатшы, вирус, Операциялық жүйе, айыптаушы, қорғаушы, екі күзетші, Касперский, Doctor Web, NOD 32, компьютер, сараптаушы.

Сабақтың барысы:

І. Вирус, Антивирус жайлы түсінік.

ІІ. «Сот сабағы» атты шағын көрініс

ІІІ. Қорытындылау.

 

Қазіргі заманда ел аузынан «Компьютеріме вирус түсті», «компьютерім вирустан ұшып кетті» т,с,с сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істеміз? /проблемалық ситуация/

Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді.

Соттың жүруі:

Хатшы: – Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы: – Айыпкерді әкеліңдер!

Хатшы: – Айыпкер әкелінсін! (Екі күзетші айыпкер Вирусты әкеледі).

Сот төрағасы: – Астана қаласы, Сарыарқа ықшам ауданының сот отырысын бастаймыз. Сот процесіне айыптаушы __________, қорғаушы _______, жәбірленуші Операциялық жүйе, айыпталушы Вирус қатысып отыр. Осы сот процесі Астана қаласы, Сарыарқа ықшам ауданының тұрғыны Операциялық жүйенің арызы бойынша жүргізіледі. Хатшы арызды оқыңыз.

Хатшы: – Астана қаласы, Сарыарқа ықшам ауданының сотына осы ауданның тұрғыны Операциялық жүйеден

Арыз

Менің арыз беру себебім, – 20қыркүйек 2011 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп, менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедегі барлық бағдарламаға еніп, өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, өйткені, жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын.

 

Сот төрағасы: – Сөз жәбірленуші Операциялық жүйеге беріледі.

Хатшы: – Жәбірленуші Операциялық жүйе шақырылады.

Операциялық жүйе: – Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын.

Сот төрағасы: – Айыпкер Вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?

Айыпкер Вирус: – Жоқ мойындамаймын.

Сот төрағасы: – Олай болса куәгерлер шақырылсын!

Хатшы: – Куәгер Компьютер шақырылады.

Куәгер Компьютер: – Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек Операциялық жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызды сұраймын.

Сот төрағасы: – Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңыздар!

Хатшы: – Куәгерлер Касперский, Doctor Web, NOD 32 шақырылады.

Куәгер Касперский: – Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық жүйеге зиян келтіруде. Осы жолды қарастыра отырып, жүйеге енген бар вирусты жойып қолымнан келгенінше жәрдем беріп келемін.

Куәгер Doctor Web: – Мен де, Касперский айтқандай жүйеге зиян келмес үшін өз жәрдемімді аямаймын. Бірақта Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді. Тиісінше жазасын алсын.

Куәгер NOD 32: – Мен де, алдағы куәгерлер айтқандай қолымнан келгенінше өз көмегімді беріп келемін. Өйткені біз болмасақ Компьютер мен Операциялық жүйенің жағдайы қалай болары екені мәлім. Қысқасы, Вирус өз әділ жазасын алсын.

Сот төрағасы: – Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.

Сараптаушы: – Мен соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мынадай қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлемге Вирус айтарлықтай зиян келтіруде. Вирус өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп операциялық жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені. Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Ал сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады: вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану, вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру, дискіні физикалық зақымданудан сақтау.

Сот төрағасы: – Сөз айыптаушыға беріледі.

Айыптаушы: – Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5 тармағы, 20 – стаьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зияны келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық жүйеге және басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондықтан да бүкіл әлемге танымал Вирусты, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұранамын.

Сот төрағасы: – Сөз қорғаушыға беріледі.

Қорғаушы: – Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, Вирустың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Бірақта ең бірінші вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппаса, Вирус мұнда отырмас еді. Сол себептен Вирус «Айыппұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұранамын.

Хатшы: – Тұрыңыздар! Сот кеңесуге кетеді (Сот 1-2 минут кеңесуге шығып кетеді).

Хатшы: – Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! (үкім оқылады).

Сот төрағасы: – Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5 тармағы, 20-статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зияны келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирустың кінәсі бар екендігін айта келе «Айыппұл» төлеп сот отырысынан босатылады. Бұл жағдайда, негізгі кінәлілерді тауып, тергеу ісі қайта жүргізілсін. Сонымен сот отырысын жабық деп жариялаймын.

 

Қорытындылау.

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған «көбейуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, шағын көлемді (200 ден 5000 байтқа дейін) компьютерлік программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады.

Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады.

Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүғатын" вирустар жиі кездеседі. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды.

Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда.

Кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол түрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін

программаларына жабысады.

  • Вирусты кім жасайды, олар қайдан пайда болады?

1 жолы. Оларды білікті бағдарламашылар қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін

2 жолы Антивирустық бағдарламаларды сатудан ақша табу мақсатынан жазады.

Компьютерде вирус пайда болмау үшін адам өте ұқып-

ты, жауапты болу керек. Комплекстік профилактикалық

қорғау шараларын қолдану қажет.

"Ауырған" дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше