Без рубрики

Информатика әлемі

Астана қаласы
Қазақ технология және бизнес
университетінің колледжі
информатика пәнінің ІІ санатты оқытушысы
Айдарбекова Ғалия Тұңғышбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлемі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен өткен тақырыптар бойынша білім, білік дағдыларын жүйелеу.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушықтарын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстыра отырып логикасы мен тез ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өздерін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс

Дидактикалық жабдықтар: интерактивті тақта, карточкалар, презентациялар.

Пән аралық байланыс: ағылшын, алгебра және физика

Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық, жобалық

 

Сабақтың барысы:

 

Информатика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Орын алды көңілден

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,

Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.

Технология дамып жатыр күнбе-күн,

Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!

Осылайша кешімізді бастаймыз!

 

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Информатика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер! Олай болса кешімізді бастаймыз.

Әділ баға беретін қазылар алқасы:

1) 2) 3) 4)

Бүгінгі сайысқа екі топ қатысады. Әр топта 7 оқушыдан қатысады.

Сайысымыз келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. Таныстыру

  2. Сұрақ –жауап

  3. Сиқырлы ұяшықтар

  4. Ғалымдар

  5. Ойлан тап

 

Қорытындылау.

 

  1. Таныстыру

Бірінші кезең «Таныстыру», яғни әр топ өздерін таныстырады. (10 ұпай)

 

  1. Кім жылдам (сұрақ-жауап)

 

(І топтың сұрақтары)

 

  1. ДК құрамына кіретін негізгіқұрылғыларды атап шық

(Жүйелік қорап, монитор, пернетеқта, тінтуір)

  1. Ақпаратты тасымалдау құралдарын ата

(Компакт-диск, дискета, касета, флэш-жады)

  1. Компьютерде құжаттар қай жерде сақталады?

( Менің құжаттарым)

  1. Уақытша жойылған құжаттар қайда тұрады?

(Себетте)

  1. Қандай графикалық редакторды білесің?

( Paint т.б)

  1. Компьютерді қосқандағы ең алғашқы бет қалай аталады?

( Жұмыс үстелі)

  1. Жұмыс үстелінде стандартты түрде қандай таңбашалар тұрады?

( Менің құжаттарым,Менің компьютерім, Себет, Желілік орта,Интернет)

  1. Пернетақтадағы қатені кетіру пернелерін ата

(Delete, Backspace)

  1. Тінтуірдің сол жақ тетігі қандай қызмет атқарады?

( 1 рет шерту-ерекшелейді, 2 рет шерту- файлдф ашады )

  1. Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы

(монитор)

 

ІІ топтың сұрақтары

 

  1. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер қалай аталады?

(Ақпараттық процесс)

  1. Телеграф қандай кодта жұмыс жасайды?

(Морзе әліппесі)

  1. Екілік санау жүйесі қалай аталады?

( Бит)

  1. Американдық ASCII коды неше символдан тұрады?

(0-255)

  1. Есептеуіш құрылғылар мен машиналардың даму барысын ата

(Есепшот, логорифм сызғышы, Паскаль машинасы, Арифмометр, қалта калькуляторы, Бэббидж машинасы, Холлерит машинасы, Марк, ENIAC т.б)

  1. Ақпараттық өлшембірлікті ата

( Бит,байт,килобайт,мегобайт,гигобайт),

  1. Пернетақтада бас әріптерді басу пернесін ата

(Caps Lock, Shift)

  1. Тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет басқанда қандай әрекет орындалады?

(Мәтінмәндік мәзір шығады)

  1. Пернетақтадағы символды енгізу пернесі қалай аталады?

( Enter)

  1. Пернетақтадағы цифрларды енгізу пернесі қалай аталады?

( Num Lock)

 

ІІІ. Сиқырлы ұяшықтар

Бұл кезеңде әр топ кезекпен ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі. Барлығы 20 cұрақ

 

— Бейнесұрақ — Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен ата:

(бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)

 

Paint графикалық редакторы не үшін арналған және оны қалай іске қосамыз?

(Сурет салуға арналған, пуск программы стандартные Paint)

 

Көрермендер сұрағы — 5 ұпай шегеріледі

 

 

Информатика кабинетінде жүріп-тұру ережесі қалай аталады?

(Техника қауіпсіздік ережесі)

Операциялық жүйе дегеніміз не?

(Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын программа)

 

Пернетақтадағы F1-ден F12-ге дейінгі пернелер комбинациясықалай аталады?

(функционалдық пернелер тобы)

 

Шығару құрылғыларын ата (принтер, дисплей, графиксалғыш)

 

 

Енгізу құрылғыларын ата (тышқан, пернетақта, сканер)

 

2011 жылдың 5 қазанында қайтыс болған Apple корпорациясының негізін қалаушы

(Стивен Джобс)

 

Көрермен сұрағы cыйлық 5- ұпай қосылады — сыйлық

 

Ол 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді.1975 жылы Алленмен бірігіп, университет бітірулеріне 2жыл қалғанда … деп аталатын фирма ашты. Бұл кім және ол қандай фирма ашты (Майкрософт корпорациясының негізін қалаушы: Билл Гейтс)

 

Бұл компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да электроника түрлерін шығарумен айналысатын қазіргі кезде танымал фирмалардың бірі . 1977 жылы Стивен Джобс пен Стивен Возняк негізін қалады. (Apple)

 

Cуреттегі құрылғыларды ата: колонка, флешка, жүйелік блок, сканер, принтер, модем

 

 

CD-дисктің DVD-дисктен айырмашылығы қандай? (көлемдерінде)

 

Пернетақта пернелері неше бөліктен тұрады және қалай аталады?

(4 бөлік: функционалды, символды, басқару және сандық)

ІV. Ғалымдар

Телефонға жүгіреміз,

Теледидарға үңілеміз,

Бұл заманда адамдардың

Интернетпен ғұмыры егіз.

Қалам ұстау ұмыт қалды,

Емейлдер құрық салды,

Өмір – құйын, көре алмаймыз

Түсімізде де тымық таңды- дей отыра келесі кезеңімізге көшейік.

Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

 

  1. Кеңес Одағында есептеуіш техникасының негізін салушы академик, Социалистік Еңбек ері. (С.А Лебедев)

  2. 1823 жылы программалық басқару машиналарының алғашқы нұсқауы «Аналитикалық машинаны» ойлап тапты. (Ч. Беббидж)

  3. 1670 жылы тұңғыш рет арифметикалық амалдарды механикалық түрде

орындайтын есептегіш машинаның сипаттамасын ұсынды. (Г.В Лейбниц)

  1. 1642 жылы «Паскалин» немесе «Паскаль дөңгелектері» деп аталатын есептеуіш машинаның алғашқы моделін ұсынды. (Б.Паскаль)

  2. 1888 жылы табулятор деп аталатын құрылғыны ойлап тапты. Онда ақпарат электр токтарымен кодталатын перфокарталарға енгізілді. (Г.Холлерит)

  3. 1936 жылы абстрактілік есептеуіш машиналарының идеясын ұсынып, оның негізін салды. Жасанды интеллект жүйесін ұсынды (А.Тьюринг)

  4. Ұяшық” және “цикл” терминдерін алғаш рет қолданған ғалым. Атақты ағылшын ақыны Джордж Байронның қызы (А.Лавлейс)

  5. Ақпараттар мен алгоритмдер теориясы және математикалық логика ілімдеріне зор үлес қосты (А.Н Колмогоров)

  6. Америкалық компьютерлік ғалым және әскери қызметкер, контр-адмирал Алғаш “КОМПИЛЯТОР” ұғымын енгізген ғалым (Г.Хоппер)

  7. 1996 жылдан 2009жыл аралығы бойынша Forbes журналының айтуымен әлемдегі ең бай адам. 1994-2010 ж. қайырымдылық қорына ең коп ақша құйған адам болып есептелінген. (Б.Гейтс)

V-Ойлан, тап!

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді барлығын

Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы- дей отыра ойынымызды жалғастырамыз, «Ойлан, тап!» кезеңінде топ мүшелері кезекпен тақтаға шығып, жасырынған суретке мимика арқылы анықтама береді, ол қандай сурет екенін қалған топ мүшелері табу керек.

(10 -ұпай)

 

Қорытындылау. Бүгінгі сайыс сабағымызды қорытындылай отырып, жеңімпаз атанған топты ортаға шақырамыз, (мақтау қағазымен марапатталады)

Осымен сайыс сабағымыз аяқталды, келіп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Информатика әлемі: 1 комментарий

  1. Өте жақсы! Информатика сабағынан өткізуге болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.