«Отбасы. Мектеп. Қоғам. Игілікті болашақ үшін бірге – ынтымақтастықта»

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
№10 кәсіптік лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Исмайлова Гүлстан

1 қыркүйек – «Білім күні»
2011-2012 оқу жылының алғашқы сабақ
ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы:  «Отбасы. Мектеп. Қоғам.  Игілікті болашақ үшін бірге – ынтымақтастықта»
Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік және танымдық мақсаты:  Елбасының дәстүрлі Жолдауы аясында Қазақстанның өсіп-өркендеуімен әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарында болуы және отбасының, қоғамның, білім ошақтарының ынтымағы жайлы мәлімет беру, міндеттерін түсіндіру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды пікірталастыруға, өз ойын ашық айта білуге, адамгершілік, парасаттылық қағидалары арқылы өмірді пайымдауға, заң,  мемлекеттік нышандарды қадірлеп-қастерлеуге үйрету, оқыту,  дүние таным көзқарасын кеңейту.
  3. Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларды Отанды сүюге, Ата Заңды құрметтеуге, ұлттық тарихымызды дәріптеуге, мемлкетіміздің рәміздерін сыйлауға, имандылыққа, елжандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
  4. Әдістемелік мақсаты:  Сабақтың бөлімдері  мен элементтерін бір жүйеде пайдалануды ұйымдастыру.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Сабақ мақсаты
  3. Жаңа сабақ
  4. Сабақты бекіту
  5. Қорытынды
  6. Үйге тапсырма

Сабақ кезеңдері:

  1. Кіріспе. «Менің Республикам –Қазақстан»
  2. Қазақсатан Республикасы Конституциялары тарихынан
  3. Қазіргі қазақстандықтардың елжандылық қасиеттері
  4. Тәуелсіз мемлкетімізді орнату айшықтары
  5. Қазақстан қазіргі әлемде

Сабақтың түрі: Дөңгелек стол, пікіралысу

Сабақ әдісі: Баяндай, сұрақ-жауап, ой толғау, ой шақыру, топпен жұмыс, ассоциация, «Азамат» моделі, семантикалық карта.

Пән аралық байланыс:

  1. Қазақстан тарихы
  2. Арнаулы пәндер
  3. Орыс, қазақ, шет тілдері
  4. Дене тәрбиесі

Сабақ  барысы:

І. Кіріспе

Қазақстан өз тарихында тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзі мемлкеттер қауымдастығының өз орнын алған елдердің бірі.

Биыл – Тәуелсіздікке 20 жыл. Тәуелсіздік алған 20 жылда көптеген жетістіктерге қол жетті. Тәуелсіздік тәтті ұғым, қастерлі сөз. Тәуелсіздік бізге оңйлықпен келмеді. Қазақ елін әлем таныды, мойындады.

Ел тәуелсіздігі барлық саланы қамтуда.

Ел тәуелсіздігінің тағдыры сіз бен біздің, жалпы баршамыздың қолымызда!

Тәуелсіз қазақстан мәңгі жасасын.

Ата Заң-тәуелсіздік тірегі.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы-Конституцияның қабылданғанына 16 жыл толып отыр.

Конституция

 

Конституция  І бөлімі     – І бап –  (таныстыру)

ІІ бап – қазақ тілі туралы

ІІІ бап – рәміздер туралы

 

Барлығы 98 бап

 

4 маусым  мемлкеттік рәміздер күні

Бала құқығы жайлы конвенцияны да білген жөн. Осы конвенция негізінде 2002 жылы 8 тамызда елімізде дербес «Қ.Р. Бала құқықтары туралы Заң» қабылданды.

1995 жылы 30 тамыз Ата Заң қабылданған күн.

Ата Заң тәуелсіздік тірегі

Биыл 16 жыл толып отыр.

 

Қ.Р. рәміздері мен стандарт талаптары    (таныстыру)

Тәуелсіз республика  қадамдары               (таныстыру)

 

1991 жылы 16 желтоқсан халқымыз тарихында ерекше күн. Бұл күн біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн.

Биыл тәуелсіздігімізге 16 жыл болды

Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты

Н.назарбаев президент болып сайланды

1992ж. Қ.Р  Б.Ұ.Ұ мүшелікке қабалданды

1993ж  Қ.Р Ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді.

1994 ж Қазақстанның жаңа орден, медальдары дүниеге келді

1995 ж Қ.Р Ата Заңы қабылданды. Биыл 14 жыл толады

1996 ж Қазақстанның екі палаталы тұңғыш парламенті өз жұмысына кірісті.

1997 ж  Қуғын –сүргін құрбандарын еске алу жылы

1998 ж Ақмола қаласы Астана болып аталды

1999 ж Білім Заңы қабылданды

2000 ж Мәдениетті қолдау жылы

2001 ж Тәуелсіздігімізге 10 жыл толды

2002 ж Денсаулық жылы

2003-2005 Ауыл жылы

2006 желтоқсанға 20 жыл

2007 жыл «білім туралы» Заң қабылданды

2008 жыл Астанаға 10 жыл

2009 Ауған соғысына 20 жыл

Қызылордаға – 190 жыл

Тереңөзек – 80 жыл

2010 жыл –

2011 жыл –

 

IІ. Сабақты бекіту:

1. Қазақстанның ұлы тұлғалары

Абай, Шәкәрім, Б.Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков , т.б мектеп ардагерлері

жайлы мәлімет беру.

2. Семантикалық карта толтыру «Ата Заң – айбыным»

 

  1. «Отан-оттан да ыстық»

«Менің Отаным – Қазақстан»

«Отан отбасынан басталады» – деген ұғымның мәнін түсіндіру

Отан дегендерді қалай түсінесіңдер?

Қазақстан Астанасы жайлы пікір білдіру.

Тәуелсіздігімізді айқындайтын рәміздер жайлы не айтасыңдар?

Әнұран қандай жерде айтылады, әрбір азамат оны қалай орындайды, өзіңді қалай ұстау керек

Қазақстан жайлы қандай өлең, жыр шумақтарын білесіңдер?

Өз жетістігің туралы не айта аласың?

  1. Біздің заманымыз қандай адамдар заманы? (Ой қозғау, топпен жұмыс)

 

Біздің заманымыздың қандай адамдар заманы?

  • Белсенді өмірге бейім
  • Қиыннан жол таба білетін
  • Білімді, сауатты
  • Мақсат қоя білетін
  • Өздігінен жұмыс істейтін
  • Іскер маман өз ісінің шебері
  • Тәрбиелік мәдениетті жан-жақты тұлға

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

«Мен қазақпын» өлеңін оқу

Әйгілі психологтардың бірі Густаев Ле Бон өзінің бір сөзінде: «Жастарға берілген білім деңгейі-болашақта сол елдің қандай болатындығын байқататын көрсеткіш » деген екен.

Өз басым бұған қосарым, біліммен қатар біз-болашақ барыстарды, ұлттық рух пен қазақы мәдениеті жоғары деңгейде жетілген жан-жақты маман ретінде өзімізді көрсете алуымыз керек деген пікіріме сендерде толық қосылады деп ойлаймын.

 

Біздің ұран

Өз елімнің мұңын мұңдап,

Жоғын жоқтап әрқашан

Өз елімнің қорғаушысы

Болу керек әр ұлан

 

Біздің аңсайтын арманымыз

Тыныш болсын еліміз

Сатылмасын жеріміз

Еңбек кешіп ел үшін

Сіңсін маңдай теріміз

 

Мен бүгінгі сабағымды Қазақстан халқының тарихында «Жеті жарғы» деген атпен қалған алғашқы Заңның негізгі қалуына Әз-Тәуке ханның ел халқына берген батасымен қорытындылағым келіп тұр.

Әуелі құдай оңдасын

Еш жамандық болмасын

Әр қашанда халқымды

Періштелер қолдасын

Шашырағым, қазағым

Шоқтай болып жиналсын

Желбіреген көк туым

Күнге сәлем жолдасын

Әз – Тәукенің әуелі аузынан шыққын осынау ақжолтай бата қабыл болды!

Тәуелсіз Қазақстан әлемге танылды. Өзгелерге өзін мойындатты.

 

ІV. Үйге тапсырма

«Азамат» моделін құру

Мына сұрақтарға жауап беру арқылы

  1. Қазіргі Қазақстан азаматының бойында қандай психологиялық және іскерлік қасиеттер болу керек?
  2. Ол не істей алуы және нені білуі керек?
  3. Ол не үшін маңызды?

«Менің болашағым» деген ұғымға түсінік беру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше