Без рубрики

Білімді мыңды жығады

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі Жамиева Қаламқас

Тақырыбы: ''Білімді мыңды жығады''
Мақсаты: а) Өткен материалдар бойынша білімдерін бақылау;
ә) Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту;
б) Оқушыларды білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе сөз.

ІІІ. Негізгі бөлім.

а) ''Кім көп біледі''

ә) ''Кім жылдам''

б) Цифрларды қатыстырып мақал-мәтел айту.

в) Жұмбақ шешу.

г) ''Сыр сандық құпиясы''

д) Логикалық есеп.

ІV.Қорытынды.

 

І бөлім. ''Кім көп біледі''

Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы бірінші қол көтерсе, сол оқушы бірінші жауап береді. Бағалауы – 1 балл.

1. Планиметрия – геометрияның қай бөлімі?

2. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді?

3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?

4. Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар?

5. Екі оң санның көбейтіндісі неге тең?

6. Бөлгіштері екіден көп сан қалай аталады?

7.Түбір астындағы 225 неге тең?

8. Таңбалары әр түрлі екі санның бөліндісі неге тең?

9. Бірге қарама-қарсы қандай сан?

10. ''К'' әрпімен басталатын математикалық сөздерді ата?

11. Жай сан деп қандай санды айтамыз?

12. Статистикалық сипаттамалардың ең қарапайым түрлерін ата?

 

ІІ бөлім. ''Кім жылдам''

Бұл бөлімде ауызша есептер шығару.

  1. Квадрат қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең?

  2. Қабырғасы 6 см және 8 см тіктөртбұрыш ауданы неге тең?

  3. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар?

  4. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?

  5. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 8 см, периметрін тап?

  6. Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы нешеге тең?

 

ІІІ бөлім. Цифрларды қатыстырып мақал-мәтел айту.

  1. 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.

  2. 5 бармақ жиналып жұдырық болады.

  3. 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

  4. 1 кісі қазған құдытан 1000 кісі су ішеді.

  5. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі ілім біл.

  6. 5 саусақ бірдей емес.

  7. 1 тал кессең, 10 тал ек.

 

ІV бөлім. Жұмбақ шешу.

1.Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай. (натурал сан)

2.Алды-артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге,

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсе де. (түзу)

3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

4. Жүз төрт түйме,

Он бір ине. (есепшот)

5. Нүктеден, екі сәуледен құралған,

Айтшы бұл не екенін? (бұрыш)

 

V бөлім. ''Сыр сандық құпиясы''

1. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не?

2. Бұл зат барлық оқушыға қажет деп айта алмаймын. Бірақ кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғызады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолдаданады. Бұл не?

3. Бүлдіршіндер сұрағы: ''Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура.Бұл фигура барлық жерде қолданылады: тұрмыста, техникада, т.б. салаларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жер жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда ол ''құтқарушы'' деп аталады. Бұл не? ''

 

VІ бөлім. Логикалық есептер.

  1. Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік бар?

  2. Ұзындығы 135см сымды 1 бөлігі 2-бөлігінен 2 есе үлкен етіп екі бөлікке бөлген. Әр бөліктің ұзындығын тап.

  3. 50-ді екіден бірге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай болады?

  4. 300-дің 25 проценті нешеге тең?

 

Өткізілген білім сайысының қорытындысы жасалып, озып шыққан оқушы марапатталады.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.