Без рубрики

Cанның құрамы

Аюпова Әдина Сапарқызы
Атырау облысы
Исатай ауданы
№9 Құлыншақ балабақшасы

Сабақтың тақырыбы: Санның құрамы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасай білуге үйрету, математикаға деген қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы: Сан құрамын анықтап, алған білімдерін бақылау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтағы әдістер: Сұрақ-жауап, саяхат, есептеу, ойын, сергіту, СТО әдістері. 

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе сандар, карта, Арал көрінісі,3 кеме, қарақшы кейіпкері, ескектер, қобдиша т.б.

 

САБАҚТЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері:

Біздер тату баламыз.

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді боламыз.

1Қызығушылықты ояту.Ой қозғау

1.Тәрбиеші:Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше, яғни сайыс сабақ.Сондықтан алдымен өз еркімізбен геометриялық пішіндерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеміз. Кім қандай пішін таңдаса, сол бала,таңдаған пішіндегі кемеге барып отырады.

Әр топтың өз атаулары бар.

1-топ:Тапқырлар тобы.

2-топ:Алғырлар тобы.

3-топ:Ұшқырлар тобы деп аталады.

Балалар орындарына жайғасқан соң,тәрбиеші балалардан сендер саяхатқа шыққыларың келе ме?-деп сұрайды.

Балалардың жауабы: (Иә, шыққымыз келеді.)

Тәрбиеші: Олай болса, тақтаға назар аударыңдар.Мынау «Білім теңізі» деп аталады.Осы Білім теңізінің үстінен кемемен жүзе отырып, бірнеше аралдардан өтіп, Математика еліне жетуіміз керек.Онда бізді үлкен олжа күтіп тұр.Ал, балалар саяхатқа шыуға дайынбыз ба?

Балалалардың жауабы (Дайынбыз)

Тәрбиеші: Саяхатқа шығуымыз үшін не керек?

Балалардың жауабы: Кеме керек.

Тәрбиеші:Ендеше, менің қолымдағы бөліктерден кеме құрастырып алайықшы.Ол үшін бөліктерде түрлі ауызша тапсырмалар бар екен, соны дұрыс ретімен орындасақ, кеме құрастыра алады екенбіз.

 

 

2.Ауызша есептер: 5-4═. 4-2═ .2+1═.2+2═. (Жауабы 1.2.3.4)

Тәрбиеші: Өте жақсы. Кемемізге отырып,ұранымызды айтайықшы:

Біз ақылды баламыз.

Есеп жұмбақ ойынның

Жауабын тез табамыз

Туын ұстап білімнің

Саяхатқа шығамыз.

Музыка әуені жәймен естіліп тұрады.

Тәрбиеші:Бәріміз көзімізді жұмып, өздеріңді үлкен кемеде отырғандай сезініңдер. Ендеше,балалар «Математика» еліне саяхатқа шығайық.Судың түсі мөп-мөлдір, толқып жатыр. Біз теңіздің ортасына келіп қалған сияқтымыз.

Күн шуағын шашып тұр. Теңіз үстінде шағалалар ұшып жүр.Қандай тамаша!

Бір кезде қатты жел тұрып,балалар көздерін ашады.Сол кезде олардың алдарынан «Теңіз қарақшысы» шығады.

Теңіз қарақшысы: Балалар сендер қайда бара жатырсыңдар.Менің естуімше мен іздеп жүрген Аралға барасыңдар ма?Мен сол аралды іздеп,оның картасының схемасын сызып, оған қалай баруды ойластырып жүрсем. Жоқ, мен сендерді ол жаққа жібермеймін.Ол аралдағы байлықтар менікі. Сендерге ол жаққа жету қайда, жолда көптеген кедергілер кездеседі.Қалай өтеді екенсіңдер?

Тәрбиеші:-Біздің балалар кездескен кедергілерден өтуге дайын, жолға шығып қойдық. Бізді кері қайтара алмайсың.

Қарақшы:Жарайды, барсаңдар барыңдар.Бәрібір Барсакелмес аралына мен бірінші барамында, ондағы байлықты өзім аламын.Жарайды,онда менде сендермен бірге барайын. Ал,сендер кедергілерден өте аларма екенсіңдер, байқайын?Сондықтан мен сендерге тапсырмалар берейін, орындап көріңдер.

Тәрбиеші: Балалар тақтаға назар аударайықшы.Тақтада біздің аралға баратын жолдың схемасы сызылған картасы бар екен.Мынау біздің балабақшамыз.Ал мынау 3 кеме біздің кемелеріміз,тапсырманы тез орындап, Аралға тез жетуіміз керек.Тапсырманы дұрыс орындаған топ басшысына, қарақшы ескек беріп бағалап отырады.Ескек біздің кемеміздің жылдам жүруіне көмектеседі.Қай топ ескек қөп жинаса, сол топ байлыққа бірінші болып жетеді.

Қарақшы тақтадағы әр кедергіге магнитті стрелканы жылжытып тұрады.

1.Тапсырма: ’Көршісін тап” ойыны. Ойын шарты: Тақтада үш топқа да сандардың көршісін табу.

 

4

 

6

 

7

 

9

 

5

 

7

 

3

 

 

 

6

 

 

 

8

 

1

 

3

 

8

 

10

 

3

 

5

 

4

 

 

 

7

 

 

 

2

 

 

Қарақшы:дұрыс орындаған тапсырма санына қарай ескектер беріп отырады.

Қарақшы:-Жарайсыңдар, менің бірінші кедергімнен өттіңдер.Келесі тапсырмам бұдан да қиын.

2.Тапсырма:”Қай сан жоғалды?’’Тақтаға үш топқа сандарды жасырып тапсырма беріледі. Балалар көздерін жұмып, қай санның жоқ екенін табады.

 

1

2

3

 

5

6

7

8

9

10

1

2

3

4

5

6

 

8

9

10

1

2

3

4

5

 

7

8

9

10

 

Қарақшы: -Өздерің алғыр балалар екенсіңдер.Өткен сандарды жақсы меңгерген екенсіңдер.Менің үшінші тапсырмам бұдан да қиын.

3.Тапсырма:” Кім жүйрік!” деп аталады.(логикалық тапсырмалар)

Тапқыр болсаңдар шешіп көріңдер.

1.Топқа тапсырма: 2.Топқа тапсырма: 3.Топқа тапсырма:

Көлден ұшты жеті қаз Тау басында төрт бала Пеш үстінде бес мысық

Қайтып қонды екі қаз Кезек-кезек ойнаған Пеш қасында бес мысық

Ұшты оның нешеуі, Төрт баланың қолына Барлығы қанша мысық?

Қане кім тез шешеді?(5) Төрт шарды әкеп байлаған.(8) (10)

 

Тал басында тізіліп Оң қолымда бес саусақ Жеті алманың үшеуін

Он жапырақ тұр еді. Сол қолымда бес саусақ Досың сұрап алады.

Жел соқты да үзіліп, Бесті беске қосқанда Айтшы сонда нешеуі

Ұшып кетті үшеуі. Болып шықты қанша саусақ? Өз қолыңда қалады?

Тұр әлі де ілініп, (10) (4)

Жапырақтың нешеуі?(7)

 

Табақта бес алма Тал басына күнара

Қолымда төрт алма. Қонушы еді бір ара

Барлығын қосқанда, Бүгін тоғыз туысын

Болады неше алма? Ертіп келді бұл ара (9) Барлығы қанша ара? (10)

 

Қарақшы балалардың дұрыс орындаған тапсырмаларын бағалап, ескектерін беріп отырады.

Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс 4.Тапсырма: Санның құрамын табу.Яғни ортада жазылған санның берілген санға қандай санды қосқанда шығатынын анықтап,торкөзге жазу.

5.Тапсырма: Тапсырманы дұрыс орындайық бізді Тапқышбекте қадағалап тұр екен. Суреттегі дөңгелектерді сұрыптап,есептерді шығару.Екі жанындағы қосу , азайтуға арналған есептерді дұрыс орындау керек.

3.Сергіту жаттығуы: Он саусақ санамақ ойыны.

Тәрбиеші 1-ден 10-ға дейінгі сандарды таратады да,балалар санамақты санау реті бойынша тақтаға іледі.

Бір дегенім- бесік Алты дегенім –ақыл,

Шықтым содан өсіп, Тыңдағаның мақұл.

Екі дегенім-елім, Жеті дегенім -жалау

Далам,тауым,көгім. Жүректегі алау.

Үш дегенім-үміт, Сегіз дегенім-сөзің,

Үміт артар жігіт. Серт беретін кезің.

Төрт дегенім –төзім, Тоғыз дегенім –тоқтау,

Төзе білем өзім. Елдің жоғын жоқтау

Бес дегенім –бақыт Он дегенім –Отан

Бағалайтын уақыт. Қорға соны ботам!

6,Тапсырма:Өрнектің мәні үйдің шатырында берілген.Мәні шатырда көрсетілген санмен сәйкес келмесе санды,өрнекті суреттегідей дөгелектеп қою керек.

Қарақшы бағалап отырады.

7.Тапсырма:Суреттің қатесін табу.

8.Тапсырма:Бұлжетпес гүлді шелекке салу үшін неше адым аттап жүрді?

 

111.Ой толаныс.

Қарақшы: балалар мен сендерге риза болдым.Сендер тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадыңдар.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

М

А

Т

Е

М

А

Т

И

К

А

 

Олай болса,тақтадағы сандар да сиқырлы екен.Қане,бәріміз оқып көрейік.Яғни, бұл жазу «МАТЕМАТИКА» елі деп аталады екен.Енді,ескектерімізді санап көрейік те,қай топ көп ескек жинаған ын анықтап,теңіз түбіндегі қобдишаны алып ашайық.(Әуен арылы)

Тәрбиеші де жақсы қатынасқан балаларды мадақтап,тәттілерді үлестіріп, сабақты қортындылайды.

span style="font-size:14px;"

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.