Без рубрики

«Қазақтың ұлттық киімі»

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Нұрханова Жанат
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімі»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:Оқушыларға ұлттық киім туралы түсінік беру, қолөнер туралы білімдерін кеңейту.
2.Дамытушылығы:Оқушылардың эстетикалық талғамдары мен шеберлік ынта қабілетін дамыту.
3.Тәрбиелілігі:Оқушыларды сұлулыққа, ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, талдау, қызығушылықтарын арттыру, сұрақ-жауап.
Типі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ою-өрнек түрлері, оқушылардың жұмыстары.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезені
1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2 .Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмаларын тексеру.
Өткен сабақта біздер қағаздан қуыршақтын бейнесін жасадық.Қағаздан әдемі, көрнекті заттарды жасауға болады.Қағаздан әр-түрлі бүйымдарды жасау, бұл да өнердін бір түрі. Өнер туралы қандай дана сөздерді білесіңдер?
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
-Балалар, біз бүгін ұлттық киім түрлерімен танысқалы отырмыз.Қазақ киімдерінің ішкі, сыртқы, сулық, бір киер киім түрлері болады.Мысалы: сырт киімдерге :шапан,тон, тұлып, тымақ, етік жатады.Сулық киімдерге: шекпен, бір киерге – той думандарға киетін қымбатматадан, сәнді тігілген киімдер, ішкі киімдерге:көйлек,камзол,кәжекей.Бас киімді қазақ халқы ерекше қасиет тұтқан.Аяқ жағына тастауға болмайды, аяқпен басуға болмайды.Ер адамдар тақия,бөрік, орамал,сәукеле,шәли. Сәукеле-ең сәнді,қүрделі бас киім. Сәукеле қалындықтың бас киімі.Осы киімдер әдемі өрнектермен, асыл тастармен безендірілген.Ою-өрнек -әсемдеу,сәндеу деген сөзінен шыққан. Ою-өрнек -қазақ халқының өмір-тіршілігінде айырықша орын алып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі.Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй жиһаздары,мен ыдыс-аяқтарынан, киім-кешектері мен зергерлік бұйымдарынан, қүрал-саймандары мен қару- жарақтары және т.б. заттарынан таба аламыз.
4.Сарамандық жұмыс.
1.Қауіпсіздік ережесін сұрау.
2.Оқушыларға тапсырма беру.Өз беттерінше қуыршақтың киімін өрнектеу,әдемілету.
5.Бекіту.
А.Бүгінгі сабақта не білдік?
Б.Ұлттық киімдер қандай түрге бөлінеді?
В.Ою-өрнектің қандай түрлері бар?
6.Қорытынды.
Аяқталған жұмыстарды, әр оқушы тақтаға шығып, қорғайды.
Жұмыс туралы мәлімет береді фон,түс,өрнек.
7.Үйге тапсырма беру.
Ою-өрнекпен ұнаған киімді әдемілету.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.