Филология

 Байқоңыр  қаласы  К.Э.Циолковский  атындағы

 №2  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің

 қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің

жоғары  санатты  мұғалімі

 Қайнарова Мереке Сәдуақасқызы.

 Тақырыбы: «Бозбала мен бойжеткен»

Мақсаты:

  1. Ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдардан бері мерекеленіп келе жатқан жыл басы – Наурыз туралы түсініктерін кеңейту;
  2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, тілін дамыту, болашаққа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

  3. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, өнерлі, өнегелі, адал махаббат иесі болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық қабырға газеттері, сайыс бағдарламасы, бозбала мен бойжеткен суреті, «Махаббат» парақшасы,слайдтар топтамасы

Барысы:

1-жүргізуші:

Құрметті достар! Көктем айы –тіршілікке жан беретін, табиғатқа  сән беретін керемет айлар ғой! Иә, оның тағы бір ерекшелігі – бүкіл дүние жүзі тойлайтын   арулар  мерекесін

2- жүргізуші:

және бүкіл мұсылман елдеріне ортақ жыл басы боп саналатын  Наурыз мерекесін ала  келеді.

1- жүргізуші:

Ұлыстың ұлы күні  баршаңызға (екеуі) құтты болсын!

жүргізуші:

Ұлыс күні – Наурыз жыл басы боп саналады. Біздің елімізде бұл күн ерекше аталып өтіледі. Ал, сіздерге тағы бір қуанышты жаңалық, тіпті сүйінші хабар айтқым келіп  тұр.

1- жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Жағымды жаңалықты жіберіп алмаңыздар!

жүргізуші:

Сонымен, халықаралық ЮНЕСКО ұйымының шешімімен 22 Наурыз – халықаралық мереке

болып қабылданды.

1- жүргізуші:

Баршаңызды мұсылман халықтарының мәртебесін көтеретін осы оң шешіммен (екеуі) құттықтаймыз!

2- жүргізуші:

Иә, біздің мектепте бүгін дүбірлі думан, салтанатты сайыс болғалы тұр.

Ол – «Бозбала мен бойжеткен» сайысы. Бүгінгі думанға қош келдіңіздер!

1- жүргізуші:

Сайысқа 9 «Б», 10 «Б», 11 «Б» класының  жұптары қатысады.

2- жүргізуші:

Сайыс төрелігін бағалап отыратын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Төрайымы: Идрисова Айгүл –мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі, қошемет!

Мүшелері: 1. Дадикбаева Әлия – оқушылар кеңесінің төрайымы

  1. Жалиева Күлайхан – асхана қызметкері, қошемет!

1- жүргізуші:

Сайыс бағдарламасымен таныс болыңыздар.

Жұптық таныстыру;

Қызға сөз салу;

Тексеру қағазымен жұмыс «Махаббат»;

Ұлттық сұрақ-жауап;

Өнерім – өмірім;

Үй тапсырмасы (ұлттық тағам әзірлеу).

2-жүргізуші:

Құрметті қазылар алқасы, үміткерлердің өнерін бағалауда төмендегі талаптарға көңіл бөліңіздер:

  • сахна мәдениеті, өзін-өзі ұстай білуі;
  • тіл тазалығы, ой ұшқырлығы;

  • берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;

  • рухани жағынан байлығы;

  • тақырыптық қабырға газетінің мазмұны мен талғамы.

  • 1-жүргізуші:

    Қымбатты достар! Ұстаздар және  бозбала мен бойжеткендер, сіздерге және сіздердің жанкүйер

    достарыңызға сәттілік тілеп, сайысымызды бастаймыз.

    2- жүргізуші:

    Олай болса,ортаға бүгінгі «Бозбала мен бойжеткен» сайысына нар тәуекел етіп келген жұптарды шақырайық.

    1- жүргізуші:

    Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір  көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі бозбала Марат пен

    2- жүргізуші:

    аяулы да ардақты,сабырлы да салмақты бойжеткен ару Жанарды шақырамыз.

    1- жүргізуші:

    Қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді бозбала  Аян мен

    2- жүргізуші:

    қадірлі де көрікті, инабатты, ибалы бойжеткен ару Динараны шақырамыз.

    1- жүргізуші:

    Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын, тылсым сырды ұға алатын, өмірден әперер сыбағасын, дұшпанға найза сұға алатын бозбала Данияр мен

    2- жүргізуші:

    қабілетті, зерделі де зейінді бойжеткен ару Аймерекені шақырамыз.

    1- жүргізуші:

    Аяқтан шалғанды жыға алатын, қиындықта сыналатын, биікке бастап шыға алатын бозбала Мәулен мен

    2- жүргізуші:

    өнерлі де өрісі кең, тапқыр, үлгілі бойжеткен ару Әйгерімді шақырамыз.

    1- жүргізуші:

    Туған елі мен дос-жаранына адал болатын, қара қылды қақ жаратын, қаймықпастан турасын айтатын бозбала  Бауыржан мен

    2- жүргізуші:

    білімді, ажарына ақылы сай, өнегелі бойжеткен ару Әйгерімді шақырамыз!

    Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

    Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

    Үлкеннің алдын орап сөз  сөйлемес,

    Халқының сақтай білген ізгі салтын, – деп  арулар құрметіне ду қол шапалақ!

    1- жүргізуші:

    Әп, бәрекелді, Назым, ендігі кезекті сайыскерлерге берейік.

    2- жүргізуші:

    Берсек берейік, өнерлерін көрейік!

    Өнер қуып балалар өтер дейміз,

    Бір басына өнері жетер дейміз.

    Сайысқа келген жұптар кезектесіп,

    Таныстырып өздерін өтер дейміз.

    (Әр жұп ортаға шығып, бозбала бойжеткенді, бойжеткен бозбаланы таныстырады, қазылар алқасы әр сайыстан соң әділ бағасын беріп отырады.)

    1- жүргізуші:

    Назым, сен махабатты қалай түсінесің?

    2- жүргізуші:

    Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән. Жан қалауынан – достық, сана қалауынан – сыйлау, тән қалауынан – құмарлық туады Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады.. Менің жауабыма қанағаттандыңыз ба, Мереке апай?

    1- жүргізуші:         Иә, Назым, қанағаттандым.

    Адамның сезіміне  сезіктенбе,

    Сезімді сезіне біл төзіп көн де.

    Ақыл мен парасат бұғынады,

    Шынайы шын сезімге  кезіккенде, – дегендей, біздің бозбала жігіттеріміз жүректерінен шыққан сезімдерімен бойжеткендерді селт еткізер сәт те туып тұр.

    2- жүргізуші:

    Олай болса, «Қызға сөз салу»сайысына  кезекті берейік!

    (Бозбала бойжеткенге өзінің сүйіспеншілік сезімін білдіреді, бойжеткен тапқырлықпен жауап береді, қазылар алқасы бағалайды.)

    1- жүргізуші:

    «Махаббат жалғыз да ,ал оның жалған түрі мыңдап саналады», – демекші, сендердің махаббаттарыңды сынға алып, тығырыққа тірейтін сұрақ беру кезеңі де келіп қалды.

    2- жүргізуші:

    Сырласқанға  не жетсін

    Мұң басқанда,

    Сырласатын менімен

    Сырлас бар ма? – деп, сайысымыздың келесі шартына көшейік. Бұл кезең «Тексеру қағазымен жұмыс» деп аталады.

    Әрбір жұп өз жауаптарын әзірлеймін дегенше, 10 «Б» класс оқушысы Өтемісова Жайна аналар мерекесіне ән-шашуын тарту етеді.

    («Махаббат» тексеру қағазымен жүргізілген жұмыс бағаланады)

    1- жүргізуші:

    Жалқың емес,жалпым қымбат,

    Алтын емес, салтым қымбат.

    2- жүргізуші:

    Ата-баба дәстүрін ұмытпайық,

    Ұл-қызымыз салтымызға болсын  лайық!

    1- жүргізуші:

    Кең даланың ежелгі

    Қазақ дейтін халқымыз.

    Өзге ұлттай біздің де,

    Бар дәстүр мен салтымыз.

    2- жүргізуші:

    Олай болса «Ұлттық сұрақ-жауап»сайысында бозбала мен бойжеткенді тағы бір сыннан өткізейік.

    1-жүргізуші:

    Ал, жұптар, бұл сайысқа қалайсыңдар,

    Сендер өтер әлі де талай сын бар.

    Тапсырма ал, сұраққа қымсынбай кеп,

    Жауап берсең, әрине, жарайсыңдар.

    1-жұп   Ерулік (салт), ұлттық киім түрлері, діни рәсімдер;

    2-жұп   Сыбаға (дәстүр), ұлттық тағамдар, діни мейрамдар;

    3-жұп   Тымаққа салу(дәстүр), ұлттық үй жиһаздары, жалпыхалықтық тойлар;

    4-жұп   Ұйқыашар (салт), қыз-келіншектердің ұлттық әсемдік бұйымдары, кәсіптік мейрамдар;

    5-жұп   Зекет (діни ғұрып), ұлттық ойын түрлері, ырымдар мен нанымдар.

    (1-сұраққа жұп болып, 2-сұраққа бойжеткен, 3-сұраққа бозбала жауап береді, қазылар алқасы әділ төрелігін айтады.)

    2- жүргізуші:

    «Өнерім-өмірім» шартынан сүрінбей өтсін деген игі тілекпен, ізгі ниетпен  өнер әлемінде  шалықтау  сіздердің қанжығаларыңызда, бозбалалар мен бойжеткендер!

    1-жүргізуші:

    Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

    Би билеп, ал біреуі ән салады.

    Бүгінгі күн сайыста бәйге алуға,

    Бозбала мен бойжеткен жан салады.

    (Әділ қазы алқасы сайыскерлерге баға береді.)

    2-жүргізуші:

    Ұлттық тағам, дайындалу ретін таныстыру үшін үміткерлерді ортаға шақырамыз, әрбір бойжеткен тағамын қалай дайындағанын жеткізеді.

    (Аспаздық шеберлігі бағаланады, қазылар алқасы қорытынды ұпайын шығарады, осы кезеңде кезек тағы да әнге беріледі.)

    1-жүргізуші:

    «Махаббат шыңына» шығатын жұптарды анықтау үшін сөз кезегі қазылар алқасында.

    (Әділ қазы алқасының қорытындысы, марапаттау бөлімі жалғасады, қорытынды сөз мектеп директорына беріледі.)

    2-жүргізуші:

    Дастарқаны халқымның тола берсін,

    Бақыт құсы басына қона берсін,

    Ұлы тойдың төресі – Наурыз тойы,

    Жылда-жылда құт тойы бола берсін!

    Екеуі:

    Еліміз молшылық, имандылық, талапты еңбек берекесіне бөлене берсін!    Наурыздан  наурызға аман-есен жетейік!

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.