Қодарова Баян Таймасқызы
Байқоңыр қаласы
Қ.Қ.Тоқмұхамедов атындағы
жалпы білім беретін №14 орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: септеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру.
Өзге сөз таптарынан ерекшелігін таныту, кейбір ұқсас
формаларын ажырату жолдарын түсіндіру. Теориялық білімді
практикада қолдана білуді дамыту.
Дамытушылық:өтілген теориялық ұғымды практикада
қолдана білуге үйрету,оқушыларды білімді, ақылды, өнегелі
тұлға етіп тәрбиелеу. Эстетикалық өнегелі ортаны
қалыптастыру.
Тәрбиелік: тілдің құдіретін сезіндіру, берілген материалды
тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділіктері мен
шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: репродуктивті,іздендіру, түсіндіру, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: : тақырыпқа байланысты слайдтар,үлестірмелер.
Тех.құрал-жабдық: мультимедиялық тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,музыка
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІҮ Жаңа сабақ
Ү Жаңа сабақты бекіту
ҮІ Жаңа сабақты қорыту
YIІ Үйге тапсырма беру.
YІIІ Білімдерін бағалау.
IҰйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
IIҮй тапсырмасын тексеру.
1.Шылау.Шылау сөздер туралы түсінік
- 349 –жаттығу
Тақтамен жұмыс Үлестірме қағаз
1.Шылауды тауып,астын сызыңдар.Матеметикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме бер.
Киіз үй көшкенде қолайлы,өйткені ол – жиналмалы.
- Шылауды тауып, мақалдың мағынасын ашу, сөз табына талдау.
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.
Отан үшін отқа түс, күймейсің,
Арың үшін арпалыс, өлмейсің.
Үй тапсырмасын қорыту. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» сұрақтар арқылы қорыту
1.Шылау дегеніміз не?
2.Шылаудың неше түрі бар?
3.Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?
Абай Құнанбаевтың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіне назар аударайық. (Бір оқушы оқиды.)
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды,ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тақсыр ұқпас,талапты ұғар,
Көңіліңнің көзі ашық,сергек үшін.
- Өлеңде Абай ақындық өнер еріккеннің ермегі емес,ол-қоғамды түзетуші ұлы күш деп қарады.Өлеңдерінде жастарды өнер-білімге шақырды. Білім адамды қараңғы қапастан жарық әлемге алып шығады. Кемеңгер Абай да өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде бұл тақырыпқа жиі тоқталады. Ол ақылды, білімді болу ұғымын адам болу,толық адам деген сөздермен белгілейді.
— Өлеңнен жеке тұрғанда өзіндік мағынасы жоқ сөздерді тауып көрейік.
— Бұл өлеңде үшін деген лексикалық мағынасы жоқ сөздер бар.
— Дұрыс, бұлар – шылау сөздер.Оның ішінде септеулік шылау.
V. Жаңа сабақ.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау
Септеулік шылау
Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады.
Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті. (Ғ. М.) Мысалдағы арқылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті деген баяндауышпен амалдық қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр)(телефон қай септікте тұр?-атау септік)
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. (А) (үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр)
Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым.(Ә.Ә) (сайын септеулігі жиналыс сөзін қақсадым етістігімен мезгілдік катынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр)
Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады. Түске дейін жүзге жуық хат жібердік.( дейін шылауы түске сөзін хат жібердік дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр).
(түске дейін сөзі қай септікте тұр? Барыс септік)
Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс — осы. (Ғ. Мұст.)( кейін шылауы жұмыстан сөзін жан тыныс дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр).(жұмыстан кейін сөзі қай септікте тұр? Шығыс септік)
Мен әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім. (әкеммен бірге сөзі қай септікте тұр? көмектес септік)
Ереже шығару
Септеулік шылаулар – белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп,оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т.б ) мән үстеп , оны екінші сөзбен сабақтастыра ( бағындыра) байланыстыратын шылау түрлері септеулік шылаулар септеуліктер деп те аталады.
Мысалдармен берілген кесте.
Септіктер | Септеулік шылаулар | Мысалдар |
Атау септіктегі сөзбен тіркесетін септеуліктер | арқылы, жайында, (жөнінде, туралы), үшін, сайын, тәрізді , сияқты,(секілді, сықылды). |
Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, зымыраған поезд көрдей қараңғы түнге сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті. (С. М.)Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктердейін , шейін, таман , қарай, салым, жуық, тарта,қарай.
Мен айтқанға дейін,ол жазып бітірді.Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктеркейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі.
Қорғана жүрерлік күнәсі болмаған соң, кеудесін жоғары ұстап келе жатыр. (Ғ. М.).Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктерқатар , қабат, бірге, қоса.
Менімен бірге үйірмеге барасың ба?
Септеуліктер орыс тіліндегі «предлогтар» деп аталатын көмекші сөздерге жақын.
Септеулік шылаулар атау , барыс, шығыс, көмектес септік тұлғасындағы зат есім , есімдік, заттанған сөздермен ( сын есім, есімше, тұйық етістік, т,б ) тіркесіп келіп,оларды екінші сөзбен сабақтастыра байланыстырады. Мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады.
VІ Жаңа сабақты бекіту
«Артық білім – кітапта» Оқулықпен жұмыс
351 — жаттығу
Септеулік шылаулардың қай сөз табына тіркесіп,қандай мағына беріп тұрғанын талдаңдар.
1.Қонғаннан бері – бері шылауы қон етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Қонғаннан бері шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Кеш сайын-сайын шылауы кеш зат есімді сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Кеш сайын атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
2.Жәрмеңкесінен кейін— кейін шылауы жәрмеңке зат есімді сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Жәрмеңкесінен кейін шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .
Оқып болғаннан кейін— кейін шылауы болған етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Оқып болғаннан кейін шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
3.Нөкерімен бірге— бірге шылауы нөкер зат есімді сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Нөкерімен бірге көмектес септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
4.Биеге қарай— қарай шылауы бие зат есімді сөз табымен тіркесіп,мекендік мағына беріп тұр. Биеге қарай барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
5.Шығардан бұрын -бұрын шылауы шығар етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Шығардан бұрын шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .
Әкелгеннен кейін— кейін шылауы әкел етістікті сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Әкелгеннен кейін шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Көпке дейін-дейін шылауы көп үстеу сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Көпке дейін барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Қамысқа қарай— қарай шылауы көп қамыс зат есім сөз табымен тіркесіп,мезгілдік мағына беріп тұр. Қамысқа қарай барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Адам сияқты-сияқты шылауы адам зат есімді сөз табымен тіркесіп,амалдық қатынаста байланыстырып тұр. Адам сияқты атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр .
352 – жаттығу
Септеулік шылауларды тауып,олардың қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын анықтаңдар.
Өткен(нен) соң –шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Шыңғысқа қарай –барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр(-қа барыс септігі)
Тобықтыға қарай- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Басқан сайын-атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.(бас-қан есімше есімдерше түрленіп,есім қызметін атқарып тұр.яғни басқан сайын атау септігінде тұр)
Жүзге тарта- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Содан бері- шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Аяғына шейін- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Үйдің ығына қарай- барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.(-ық-түбір,-н табыс септігі,-а барыс септігі.
Отырған сияқты едім- атау септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Себумен қабат- көмектес септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Көмір тапқаннан кейін- шығыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
Балқашқа дейін— барыс септіктегі сөзбен тіркесіп тұр.
«Ойлан, тап»
Бірде шылау,бірде үстеу қызметінде қолданылатын септеулік шылауларды ажырат.
Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым.(ш)
Әрі жығыл десең,бері жығылады.(ү)
Содан бері оны көрмедім.(ш)
Оны бұрын көрмеген екен. (ү)
Оның ойын кейін білдім.(ү)
Одан бұрын хабарды жеткізіпті. (ш)
Бірге жатқан момындарға күн көрсетпейді(ш)
«Суретті тапсырма» Суреттің орнына сөз, сызықтың орнына шылау қойып жазу.Ғарышкер тақырыбын алуым керек.(ауызша орындат)1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылықазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салаларысонымен қатар Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесінен кейін сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.
1991 жылы 10 қазанда Жергеоралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге,әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
«Бұл кім?» сергіту сәті
Әдеби кейіпкер.
Футбол командасының капитаны
Өзін көпшілікке таныстырады.
Ол жақсы оқиды, бірақ тентек.
Оқулығы сай бала, көңілі жай бала.
-Дұрыс , балалар. Әрине, бұл «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаберген екен.
Қожаның тапсырмалары.
Мына сөйлемдерден шылауларды тауып, септеулік шылауларға ажырат. Кімнің сөзі?
-Қадыров ,сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз,білесің бе?-деді (Ахметов)
-Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.(Қожа)
-Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ,-деді (мамасы)
Өзіңе дейін неше оқушы қалғанын ,сенен қашан сұрауы мүмкін екенін біліп отырасың.(Қожа)
353-жаттығу. Шығармашылық тапсырма орындаймыз.Септеулік шылауларды қатыстыра отырып, «Досым туралы »атты шағын әңгіме жазыңдар.
«Біліміңді байқап көр»
Сөйлемдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жаз.
Ғылыми еңбек жазу үшін ,көп іздену керек.Ұлы отан соғысына дейін кен институтын бітірген жас маман Қарағанды қаласына қызметке жіберілді.Өткен ғасырға дейін садақты аңшылық кезінде пайдаланған.Театр жыл сайын Халықаралық Театр күніне орай өз фестивалін ұйымдастырды. Осы биылға шейін өмірім өзенің ағын суындай бір арнамен аға берген. Орысша жақсы білетін сияқты.Тезек бықсып жанбаған соң,келіншек үрлеп отты жандырды.
Керекті шылаулар: сайын, дейін шейін, соң ,сияқты,үшін(шылаудың орнына көп нүкте қой)
«Жұмбақ сұрақ»
- Толық мағыналы сөзден бұрын тұрса – сын есім, кейін тұрса – шылау(ақ)
-
Екі сөзден құралған шектік демеуліктің бірі – одағай, бірі – үндескен демеулік. Ол қай сөз? (тек қана)
-
Сан есім мен сын есімнен құралған шылау. Шылаудың қай түрі? (бірақ)
-
Сөйлемді қолдайды,
Бірақ өзі бар ғой
Сөйлем мүшесі болмайды (шылау)
VІ Жаңа сабақты қорыту
«Ашық сабақта» Тірек сөздер (септік , қосымша мән,сабақтастыра байланыстыру,сөз тіркесі) арқылы қорыту
YIІ Үйге тапсырма беру.
354-жаттығу. Көркем шығармадан әрі,бері,кейін,бұрын сөздерінің бірде шылау,бірде үстеу қызметінде қолданылатын жайларына 8 сөйлем жазыңдар.
YІIІ Білімдерін бағалау