Филология

 

Жанар Анесова,

Байқоңыр қаласы Қ.Қ. Тоқмұхамедов

атындағы жалпы білім беретін №14 орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали  Мақатаев  « Үш бақытым»

Сабақтың мақсаты:

                                     Білімділік:Өлеңнің тақырыбын,идеясын ашу,мазмұнын

меңгерту арқылы әдеби талдау жасау,көркемдік

ерекшелігін таныту.

                                     Дамытушылық: ақын шығармаларын талдай отырып,

әр оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз бетінше ізденуге,

шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін

айтуға,сөйлей білуге машықтандыру.

                                     Тәрбиелік: тілдің   құдіретін сезіндіру,оқушыларды

отансүйгіштікке, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге

тәрбиелеу.

Сабақтың типі:        дәстүрлі

Сабақтың түрі:        аралас сабақ

Сабақтың әдісі:        репродуктивті, іздендіру, баяндау, Блумның сұрақ қою

өлшемі  арқылы талдау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалар, карта,т. б.

Тех.құрал-жабдық: мультимедиялық  тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,география, музыка

Сабақтың барысы :   І  Ұйымдастыру  бөлімі

ІІ  Үй тапсырмасын   сұрау

ІІІ  Үй  тапсырмасын қорыту

ІҮ  Жаңа сабақ

                                     Ү    Жаңа сабақты бекіту

                                       ҮІ  Жаңа сабақты қорыту

                                       YIІ   Үйге тапсырма беру

YІIІ  Білімдерін бағалау

 

 

 І  Ұйымдастыру      Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 ІІ  Үй тапсырмасы

  1. «Барлығы да сендердікі» өлеңін мәнерлеп оқу. «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.
  2. Шығармашылық жұмыс түрлері берілді:

а) М.Мақатаевтың өмірі  мен шығармашылығы туралы хабарлама

дайындау.

ә) «Тау баласы» деген тақырыпқа шағын шығарма немесе өлең жаз.

 ІІІ  Үй  тапсырмасын қорыту

Біз  сіздермен өткен сабақтан бері ақынның өмірбаянымен танысып,өлеңдерін оқып танысып жатырмыз. Қазақ тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам, еліне, жеріне адал, табиғатына жанашыр бола алады. Поэзия Пайғамбары атанған Мұқағали Мақатаевқа өлең жазудан артық бақыт жоқ еді. «Өлең менің тынысым, адал досым, жұбанышым»- деген екен ақын. Ендеше, біз бүгін ақынның «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.

ІҮ  Жаңа сабақ 

Ой қозғау үшін қойылатын сұрақ:

-Балалар, бақыт дегеніміз не?

-Ақынның бақыты не болуы мүмкін?

-Қазір өлеңді  тыңдай отырып ақынның бақытының неде екендігіне көз жеткіземіз.

Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру

М.Мақатаев «Үш бақытым»  өлеңі

Өлеңді мәнерлеп оқу

-Өлеңнен қандай әсер алдық?

Сөздікпен жұмыс

Алтын             Ауыспалы. Бағалы, қымбат

Кен                 1. Жер астынан қазылып алынатын пайдалы қазба, байлық

  1. Ауыспалы. Қайнар көзі мол жер

Нарық            1. Заттың кесімді бағасы, құны

  1. Ауыспалы. Қадір-қасиет

Оты сөнген    Ісі ілгері баспаған, талабы кері кеткен

От ал              Жігер беру

Жалғанда      Жарық дүниеде, бұл өмірде, тіршілікте

   Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісін пайдаланып, сұрақтар қою арқылы  әр шумаққа тоқталып, өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып,

өлеңнің тақырыбы, идеясы ашылады, әдеби талдау жасалады.

Сонымен,  ақынның үш бақыты не екен?

  • Ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?

Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік.

рбір шумақты талдай отырып, Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші. Бірінші шумақты талдаймыз.

Неге ақын халқын бірінші бақытына теңейді?

Екінші шумақты оқи отырып, ақынның айтқысы келген ойына үңілейік.

Ақын Отанды үшінші бақытым деп есептеген.

Ақын «Құдай деген кім десе, Отан дер едім» деген тіркесті неге қолданды?

Төртінші шумақты  ақын    «Үш күн нұрын төгеді аспанымнан

 Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!»деген  өлең  жолдарымен   аяқтаған. Қазақстан картасынан осы өлкелерді кім көрсетіп жібереді?Ақынның айтпақ ойы не?

Ү    Жаңа сабақты бекіту

1-қатардың тапсырмасы. Ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау.

 

                                               1. Авторы

                                           2. Тақырыбы

                                       3.Тегі

                                   4. Жанры

                                5. Идеясы

                        6.Өлең құрылысына талдау

Шумақ

Тармақ

Бунақ

Буын саны

Ұйқасы

                 7.Өлең тілі     Тұрақты тіркес

 8.Өлеңдегі ажарлау     Эпитет

         9.Өлеңдегі құбылту        Метафора(құбылту)

2-қатардың тапсырмасы

 « Бес жолды өлең»

3-қатардың  тапсырмасы

« Менің үш бақытым» ойтолғау

Сергіту сәті  «Не  артық?» ойыны

ҮІ  Жаңа сабақты қорыту

1.Еліне,Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы ақынға қандай мінездеме беруге болады?

2.Өлеңнің идеясы не?

YIІ   Үйге тапсырма беру

  • «Үш бақытым» өлеңін жаттау.
  • Шығармашылық жұмыс «Ұйқасын тап» кестесін толтыру арқылы өлең жазу.

YІIІ  Білімдерін бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.