«Әліппе саған мың алғыс!»
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
№16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Мақсат Айнагүл
Сабақтың тақырыбы:«Әліппе,саған мың алғыс!»
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.
1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:Сахынаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру.Сахна бұрышынды сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.Сиқыршы қыз:Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті.Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы ертегі кейіпкерлерімен оқушылар ортасына келеді)
Қоян: Ой, достарым біз қайда келіп қалдық? (Мұғалімге кездеседі)
Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы:Сәлеметсіз бе?!Мен сізді танымадым.Мен өзі қайда келіп тұрмын?Мұғалім:Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыңдар.Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр.Мектептің 1 «г» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр.Бұл тойдың қадірлі қонағы болыңдар!
Сиқыршы:Рахмет,мен де сізге көмектесіп тұруға бола ма?
Мұғалім:Әрине болады.Әзірге балалармен бірге отыра тұрыңдар.
Мұғалім:Қымбатты ата-аналар,аяулы ұстаздар,сүйікті шәкірттер!Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді жетелейтін, өз тілін оқып-үйренуге, бар білімнің бастауы -Әліппе оқулығы. Міне,бүгін біз барлық ғылымның анасы , болаша-ғымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып,саналы азаматтық жолдың алғашқы асуынан өтіп,бір қадам алға басып отырмыз.
Әліппені бітірдіңдер, шәкірттерім,
Ары қарай өсе берсін білімдерің!
Әлі талай білім алып ұстаздардан,
Көгерте бер бүлдіршіндер, қазақ елін! – дей келе ендігі сөзді әліппе бітіруші бүлдіршіндерге берейік!
Алиасқар:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар,
Сымбат:Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен
Құндыз:Қош бол,құтты Әліппе,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Нұрасыл:Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Аружан:Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің сүйікті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Әли: Келгенде алғаш мектепке ,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
«Отан» әні орындалады
Авилхайр:Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Нұрлан:Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған ,
Даналықтың данасы.
Нұрдаулет:Іші толы әріпке,
Мынау -әйбат Әліппе.
Әліппе деген аты оның,
Басталған Ә әрпінен.
Нұркен:Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Зарина:Жақсы кітап-Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастық,
Әліппемен достастық.
Асылбек:Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де,
Атын,затын,түрінде.
Серік:Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.
Әліппе мен ұстазға,
Бас иеміз құрметпен.
Жасұлан:Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды
(Музыка ойналады)
Осы кезде айғайлап Әуелбек келеді.Қолында теріс ұстап алған Әліппе
Әуелбек:Балалар,Жалқаубекті көрдіңдер ме?Ой,мына жерде көп балалар отыр ғой.Сендер не істеп отырсыңдар?
Мұғалім:Әй,сен бе,Әуелбек!Жай жүрсің бе?
Әуелбек:Иә,мен,Әуелбекпін.Немене бүл жерге келуге болмай ма?Мен досым Жалқаубекті іздеп жүрмін.
Мұғалім:Жарайды,Әуелбек саған ешкім болмайды деген жоқ қой,сенің дасың Жалқаубекті біз көрмедік.Не кітап ұстап алғансың?Кітапты қалай ұстағансың.
Әуелбек:Қалай еді осы кітаптың аты?Ұмытып тұрғаным-ай!
Мұғалім:Оның атын балалардан сұра,балалар біледі.
Әуелбек:Немене балалар біле ме?
Мұғалім:Әрине біледі.Балалар айтып жіберіңдерші!
Балалар: «Әліппе»
Әуелбек: Бұлардың білгіштерін қара, кәне не біледі екенсіңдер көрсетіңдерші? Не білесіңдер кәне?
Балалар: Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, көп ертегілер білеміз?
Әуелбек: Кәне білгіш болсаңдар маған мақал-мәтел айтып беріңдерші! (бірнеше бала мақал-мәтел айтады)
Әуелбек: Расымен де сендер білімді екенсіңдер! Жеңілдім- жеңілдім.
Мұғалім:Жарайды , сен оған ренжіме, Әуелбек сен балалармен отырып,бүгінгі кешті тамашала.Жалқаубекте келіп қалар.Ал балалар, қонақтарымызға алған білімдерімізді көрсетейік.
«Айгөлек» әні орындалады
Мұғалім:Балалар сиқырлы қыз сендермен бірге бір ойын ойнасам дейді.Ойнаймыз ба?
Балалар:Ойнаймыз.
Сиқыршы:Балалар мен жұмбақ жасырамын.Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.
Сиқыршы:1.Әжеде бер,атада жоқ,
Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)
2.Біреуі «белде»
Біреуі «көлде» («Л» әрпі)
3.Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
4.Ірімшікті біз жеген,
Қай әріптен басталған. («І» әрпі)
5.Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен. («П» әрпі)
6.Пілде бар,шілде жоқ,
Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)
Ешкіде бар,қойда жоқ,
Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)
Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?
Балалар: «Әліппе»
Сиқыршы:Ал енді «Әліппе» сөзінен құралған әріптеріміз сыр шертеді.
Зейнеп:Әжем,әкем-әніміз,
Әрқашанда сәніміз.
Енді білдік бәріміз,
Ә-әрпінің мәнін біз.
Сабыржан:Лағым,менің лағым,
Селтеңдейді құлағың.
Босқа жүрмей сенімен,
Л-дан сөзді құрадым.
Әсел:Іл-іл ілмешек,
Ірі шарды үрлесек.
Ренжиді інілер,
«І» дыбысын білмесек.
Пернегүл:Бала отыр партада,
Оқы,үйрен шаршама.
П-дыбысы дауыссыз,
Мәлім болды баршаңа.
Ерік: П – дегенде парасат,
Жақсылардан шарапат.
Еңбекқор бол перзентім
Несібеңді адал тап.
Алиасқар:Е- дегенде ертегі,
Бізге сырын шертеді.
Еңбек, есті, ерлікті
Үлгі қылып ертеді.
Сымбат пен Нұрасыл «Әліппе» сөзіне қарап былай дейді
Сымбат:Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны-Әліппе
Нұрасыл:Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің «Әліппе»
«Әліппе» ән орындалады
Мұғалім: Балалар, сиқыршы қыз асығып отыр екен. Қонақтарымызды Шығарып салайық!
Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық. Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Әзіл өлеңдер
(Музыка ойналып, Жалқаубек келеді.)
Әуелбек: О, Жалқаубек достым келдің бе, әйтеуір!
Жалқаубек: Не болды, соншама?
Әуелбек: Мұнда үлкен той болып жатыр, 1 сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр. Олар өте зерек, білімді, ақылды екен. Мен соларға өте қызығып тұрмын. Мен де солар сияқты жақсы оқушы болғым келеді. Сен де жалқаулықты тастап,бізге қосылсаң-
шы! (Жалқаубек қолын сермеп,«Жалқаубек» әнімен билейді.)
Жалқаубек: Сөмкесінен Ана тілі кітабын алып шығып,Балалар, мен сендерге Ана тілі кітабын алып келдім, мен енді жалқау, ұқыпсыз болмаймын. Мені өздеріңе қосыңдаршы.
Мұғалім: Не істейміз, балалар? Жалқаубекті өзімізге қосамыз ба?
Балалар: Қосамыз.қосамыз!
Әуелбек: (Жалқаубекті құттықтайды)
-Ура, жарайсың Досым Жалқаубек! Мен саған ризамын, енді мына ақылды оқушылармен дос боламыз.
Мұғалім: Олай болса, Балалар, Жалқаубектің құрметіне арнап бір ән орындап жіберейік!
«Әр қашан күн сөнбесін» әні
Мұғалім: Қымбатты, кішкентай бүлдіршіндер! Өз еңбектеріңмен алған білімдерің -өздерің үшін де, еліміз үшін де таусылмас қазына болсын! Елдеріңді, жерлеріңді сүйетін жақсы азамат болып өсу-леріңе шын жүректен тілектеспін! Балалардың осындай дәрежеге жетуіне ата-аналардың да қосқан үлесі зор. Ата –аналар-ымызға көп-көп рахмет айтамыз!
Құттықтау сөз мектеп басшыларына, ата-аналарына беріледі.
