«Кітап –рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
№16 жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Мақсат Айнагүл
Тақырыбы: «Кітап –рухани сарқылмас қазына»
Сабақтың мақсаты:Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнң кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылы-ғын арттыру.Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар,суреттер.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,рихани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мекиептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2-сынып оқушылары дайындаған «Кітап-рухани сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Нұрасыл:
Кітап-рухани азық.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітап-пен күн сайын кездесеміз.Ертегі,әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
Аружан:
Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді.Біз кітапты қалай ұстауымыз қажет?
Нұрқанат:
Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
Мұғалім:Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.Кітапты ортаға шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білім көзі-Кітаппын.Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді.Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: Ағаштан
Мұғалім:Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз.Кітап сен бізге қонақ болып ,балалардың білімін тамашала.
Аягөз:
Адамның досы кітап.өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік,жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы,өмір көркі.
Алиасқар:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Сабыржан:
Орманшының аяла,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
Құндыз:
Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
Авилхайр:
Заводтарда күні-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай терін төгеді.
Али:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
Сымбат:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды
Нұрлан:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
Зейнеп:
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Рахман:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
2. «Науқас кітап» көрініс
Оқушы:Сәлеметсіз бе,дәрігер?
Дәрігер:Сәлеметсіз бе?
Оқушы:Дәрігер,мен сізге кітабымды әкелдім.Ол қатты науқас.
Дәрігер:Жарайды алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы:Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті
Дәрігер:Мұңайма,кітабыңды емдеп жазамыз.Кітабыңа су тиген,беттері жыртылған.
Кітабыңды түптеймін,жыртылмасын.
Мұқабасын бүкпеймін,қырқылмасын.
Таза болсын беттері ,кірлемесін.
Көрген адам кітабың кір демесін.
Мен мынандай кеңестер жазып беремін,үнемі есіңе сақтап жүр.
Оқушы:Жарайды дәрігер кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.
Дәрігер:Жазылып кетіңіздер!Сау болыңыздар!
Оқушы:Сізге көп рахмет!Сау болыңызІ
Мұғалім:Балалар,дәрігер апайымыз айтқандай,кітаптарда ауырады екен.Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
1.Кітаптың бетін шимайлама.
2.Кітапты бүлдірмей,жыртпай таза ұстау керек.
3.Кітаптың беттерін бүктеме!
4.Кітаптың мұқабасын тыстып қой!
5.Кітапханадан алған кітапты уақытымен қайтар!
6.Кітап бетіне сурет салма!
Мұғалім:Балалар,кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушылары-
мыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.
Нұрқанат:Кітап маған тақтан да қымбат.
Шекспир.
Аружан:Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Абай.
Сымбат:Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Толстой
Нұрасыл:Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Серік: Мен бай болсам,тек қана кітап сатып алар ем.
Нұрдаулет:Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
Горький.
Асылбек:Кітап-асып-таспайтын асыл досымыз.
Гюго
Мұғалім:Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не?
Кітап
Бірінші әрпі-көзде бар,мұрында жоқ,
Екінші әрпі- тісте бар,бұрымда жоқ.
Үшінші әрпі-бетте бар,білекте жоқ,
Төртінші әрпі-құлақта бар,жүректе жоқ.
Бесіншісі- «П»әрпі ақырғысы
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы.
Кітап
Бір қойым бар,қаны жоқ.
Қанатының саны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар,жаны жоқ.
Тілі бар да үні жоқ.
Өзін адам түсінген,
Жүрегі бар қаны жоқ.
Сөйлей туған ішінен.
Кітап
Мұғалім:Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған.Алғаш қазақ балаларына арнап “Әліппе” оқулығын жазған кім?Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
Би «Қара жорға» (Алиасқар,Нұрасыл,Аягөз)
Хор: «Әліппе»
Мұғалім:Балалар бүгінгі тәрьие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік.Кітап балаларға білім беруде,жан-жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығар-малармен таныстырады.Сондықтан «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
-Біз кітапты қалай ұстаймыз?
Бөбектерім оқы,ойна,
Оқу білім саған пайда.
Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма-дей келе тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!
