Без рубрики

«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!».

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы

Ақай ауылы 99 орта мектеп

 Тарих және география пәнінің мұғалімі

   Жолмаханова Гульзира Аралбайқызы

 

Тақырыбы: «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!».

Мақсаты:а) ана жайлы ұлағатты сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға

сүйіспеншілікпен қарауға,ана мейірімін, махаббатын,жақсылығын

түсіндіру.

ә) ананы сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

б) оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдыққа, ананы

құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Кіріспе сөз.

Ана туралы түсінік беру.

 

ІІ. Негізгібөлім.

  1. Ғұламалардың сөздері
  2. Бейнетаспа. «Перзент сыры», «Ана сағынышы».
  3. Ана туралы тақпақ.
  4. Мақал-мәтел жарысы.
  5. Шығармашылық жұмыс.
  6. Ситуациялық жағдаят.
  7. Ән-шашулар.
  8. Құттықтаулар.

 

Ұлағатты сөздер:

  1. Ана-біздің гүліміз,

Ананың біз-гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

 

  1.  Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,

Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Ана деген-теңдесі жоқ жақсы адам.

 

  1. Ана! Ана десе толқымайтын жүрек,тасымайтын қан, тербелмейтін сезім болуы мүмкін емес!

 

 

 

 

Кіріспе сөз  (мұғалім).

Армысыздар, ана-аналар,ұстаздар!

Қазақ әйел затын ерекше қадірлеген. Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла білген,тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғының қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген.

Міне жыл аралатып, көктемнің аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін «8 наурыз мейрамы құтты болсын!» демекпін.Осы жерде отырған  барлық аналарға, ұстаздарға,қыздарға отбастарына береке,бірлік тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!.

Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

Ана-жүрек, жүректі құдіретте,

Ана-тірек,тіректі құрметте.

Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана-күнің,күніңе  табынып өт.

Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдімі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық  болса да бәрібір шексіз сүйеді.

Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. «Ат биден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Ғұламалардың айтқан сөздері:

1)    Дулат Бабатайұлы: «Ата-ананың ақылы-қарулы қара жолмен тең».

2)    О.Бальзак: «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».

3)    М.Горький: « Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».

4)    Б.Г.Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».

5)    В.А.Сухомлинский: «Ана затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа  бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін беретіндігіне  мен мың мәрте көз жеткіздім».

 

  1. Бейнетаспадан өлеңді тыңдап, оны талдау.

«Перзент сыры», «Ана сағынышы».

 

 

  1. Ана туралы тақпақтар.

1-оқушы.

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетіне өмір нәрін себуші.

Ана алдында борышты ғой бар адам.

 

2-оқушы.

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын.

Алыс кетсем-аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

 

3-оқушы.

Аяулы да алтыннұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың,сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

 

4-оқушы.

Ана деген-асыл жандар болаттай,

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар, қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Берсе  барлық адамға ана мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

 

5-оқушы.

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

 

 

 

 

 

 

  1. Мақал-мәтел  жарысы.

1)    Анасын сүйгеннің баласын сүй.

2)    Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

3)    Ананың сүті-бал,

Баланың тілі-бал.

4)    Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың.

5)    Атадан өсиет

Анадан қасиет.

6)Атасыз үй батасыз,

Анасыз үй панасыз.

6)    Ағайын алтау,

Ана біреу.

7)    Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім жақтамайды.

8)    Ата-асқар тау,

Ана-бауырындағы бұлақ.

Бала-жағасындағы құрақ.

 

 

  1. Оқушыларға арналған  ситуациялық жағдаят.

1)    Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?

2)    Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды.

Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп,                                                           өзі жинап,сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі.Сенің әрекетің.

3)    Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң қаладан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімгесікті ашпауға тапсырған. Сенің әрекетің.

4)    Бүгін анаң жақсы көретін тағамыңды жасап берді. Сен отыра калып іні-қарындастарыңмен қосыла жедің де, далаға ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың?

 

  1. Оқушы шығармашылығы.
  2. Ән-шашулар:

  3. Нағыметов А  «Ана туралы жыр».

  4. Оңғар А, Есен К  «Ұстазым».

  5. Мыса А «Асыл әжем».

  6. Серікова Б., Есен К «Анашым».

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

Әйел-Ана, Әйел-Өмір,Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігіндегі іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі- өсиет, тұғыры- биік.Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейрімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.

«Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, өмірдің ірге тасы солардың қолымен қаланады» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман есен бүгінгі күнге жеткізген әйел ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан да өз сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді.

 

Халқымызға билік айтар даналары,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін.

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізді пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

Осымен  тәрбие сағатымызды аяқтай келе,

Баласын сүйген ананың көзінің жасы тамбасын.

Біз аналар жүрегінің қалауы әлемде бейбіт күн болуын қалаймыз.

Хор:  «Әрқашан күн сөнбесін!».

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.