Без рубрики

Ел сенімін ақтаған-Елбасымыз Назарбаев».

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы
Ақай ауылы 99 орта мектеп
Тарих және география пәнінің мұғалімі
Жолмаханова Гульзира Аралбайқызы

Тақырыбы: «Ел сенімін ақтаған-Елбасымыз Назарбаев».
Мақсаты: а) қазақ халқының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен,
оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
ә) Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке,
азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
б) шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілікке сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, суреттер
Сабақтың түрі: танымдық сайыс
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сайысқа 9 оқушы қатысады.
2 жүргізуші: 9 а сынып жетекшісі: М.Құлжан, 9 ә сынып жетекшісі: Г.Жолмаханова
ІІ. Негізгі бөлім
І кезең.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті туралы деректер мен таныстыру.
Отбасы және балалық шағы.
Қызмет жолы.
Ғылыми еңбектері.
Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар.
Басқа лауазымдары мен мансаптары
Мемлкеттік рәміздер.
Қазақстан «Ата Заңы»
Астана-бас қала
ІІІ бөлім. Танымдық сайыс
Сайыс 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Бәйге»
2 кезең «Дода»
3 кезең «Жорға»
ІV. Қорытынды
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті туралы мағлұмат берілді.
ІІ кезең бойынша 9 сынып оқушыларының білім деңгейлерін анықтау.

  1. Отбасы және балалық шағы
    Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.Балалқы шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрметтеді.
    Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды метталлургия комбинатының көлемді құрлысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемді басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.
    Метталлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.
    1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
    Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
    1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
  2. Қызмет жолы
    1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
    1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
    1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
    1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
    1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
    1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
    1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
    1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
    1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
    1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
    1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
    1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
    1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
    2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
    3.Ғылыми еңбектері
    Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
    «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
    «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
    «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
    «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
    «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
    «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
    «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
    «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
    «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
    «Тарих толқынында» (А., 1997),
    «О времени, о судьбах, о себе…» (Лондон, 1997),
    «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
    «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
    «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
    «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

  3. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
    Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
    Қазақстан менеджмент институты
    Экономика және болжау институты
    Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университеті
    Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
    Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
    Назарбаев Университетi
    Назарбаев Зияткерлік Мектебі
    бірқатар лицейлер мен колледждер
    Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
    Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
    5.Басқа лауазымдары мен мансаптары
    Экономика ғылымдарының докторы (1993)
    ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
    Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
    Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
    Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
    Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
    Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
    Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
    ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
    Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
    6.1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлкеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
    Елтаңба авторлары-Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
    Шаңырақ Отан отбасынан басталады,ортақ шаңырақ биік болсын деген мағынаны, ал уықтар үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел-жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
    Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.
    Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, көгілдір матаның сол жағында сары өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы- 2 метр, ені-1 метр.
    Жалаудың жобасын жасаған- суретші Шәкен Ниязбеков.
    2006 жылы 7-қаңтарда Әнұран қабылданды. Егемен елім Әнұраны жаңарды.
    1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикамыздың Ұлттық ақша Теңге айналымға енді.
    Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
    Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
    Бейнеленген хан,ақын,ғалымдарым,
    Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
    Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
    Құт-береке болшы елге деген,
  4. 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның «Ата Заңы» қабылданды.
    Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
    Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
    Ата Заңмен бекітен дербестігін елімі,
    Ата-баба мұра еткен тұтастығын жеріміз.
  5. Астана-Қазақстанның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі, Қазақстанның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жүйесі осы жерден жүзеге асырылды.
    1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан.
    Танымдық сайыс
    І кезең «Бәйге»
    15 сұрақ беріледі нұсқасымен, соның дұрыс жауабын табу керек.
    Қазақстанды алғашт тәуелсіз деп таныған ел-Түркия.
    Биыл Тәуелсіздікке неше жыл-21.
    Астана қаласының символы-Бәйтерек.
    Қазақстан Республикасының Рәміздері қай жылы бекітілді-1992 жылы.
    Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында-9.
    Ққазақтың соңғы ханы- Кенесары.
    Қазақстанның оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі-Қырғызстан, Өзбекстан,Түрікменстан.
    Елімізде Тәуелсіздік күні қашан тойланады-16 желтоқсан.
    Қазақстан Республикасының Туының авторы-Ш.Ниязбеков.
    Республика күні-25 қазан.
    «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім-Б.Соқпақбаев.
    Н.Назарбаев қай жылы дүниеге келген-1940 жылы.
    Ақмола қаласына Астана деген ат қай жылы берілді-1998 жылы.
    Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Мемлекттік биліктің көзі кім-халық.
    Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген-Үркер.

ІІ кезең «Дода»
9 тақырып беріледі, әр тақырыпта 5 сұрақтан, ұпайы аз оқушы таңдайды.
Елбасы
Елбасының қызмет жолы
Қала
4. Тұлғалар
5. Сандар сыры 3 саны
6. Сандар сыры 4 саны
7. Сандар сыры 5 саны
8. Сандар сыры 7 саны
9. Жалпы сұрақ.

 

Елбасы (5 сұрақ-жауап)
Н.Ә. Назарбаевқа берілген атақ-Ғасыр адамы.
Елбасымыздың мамандығы-Инжернер-металлург.
Елбасымыз қай облысқа дүниеге келген-Алматы облысы.
Елбасымыз әскери шені-Қарулы күштердің жоғарғы Қолбасшысы.
Елбасымыздың ғылыми дәрежесі-экономика ғылымдарыеың докторы, академик.
Елбасының қызмет жолы
Қай жылдары Карметкомбинаттың партком хатшысы болды-1973-1977 жылдары.
1991 жылы 1-ші желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Републикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауында Елбасымыз қанша дауыспен жеңіске жетті-98,7 пайыз.
Қай жылы Қазақ КСР президенті болып тағайындалды-1990 жылдың сәуірінен.
1960 – 69 жылдар аралығында Елбасымыз қай зауытта жұмыс істеді-Қарағанды металлургияда.
4. 1960 – 69 жылдар аралығында Елбасымыз қай зауытта жұмыс істеді-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Тұлғалар
Күйші, сазгер, дирижер, домбырашы-Н.Тілендиев.
“Екінші ұстаз” атанған ғұлама-Әл-Фараби.
Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы-Шәмші Қалдаяқов.
“Көшпенділер” трилогиясының авторы-І.Есенберлин
1995 жылы “Әлемнің әйгілі әйелдері” деген энциклопедияға енген адам-Роза Бағланова.
Қала
Қазақстанның бұрынғы астанасы-Орынбор.
Қазақстанның бұрынғы астанасы- Целиноград.
Еліміздің оңтүстік астанасы-Алматы.
Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы-Өскемен.
Қара көмірдің орталығы-Қарағанды.
Сандар сыр 3 саны
Үш дананы атаңыз-Абай, Шоқан, Ыбырай.
Үш байлықты ата-Денсаулық, ақ жаулық, он саулық .
Үш тұл-қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым.
Үш алысты ата-көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы.
Үш қадірліні ата-бақ, ырыс, дәулет.
Сандар сыр 4 саны
Төрт тұлға-от,су,жер,жел.
Төрт маусым-қыс,көктем,жаз,күз.
Төрт періште-Жәбірейіл,Әзірейіл, Мекайіл,Исрафил.
Төрт мұрат-Дау мұраты-біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты –жету, қыз мұраты-кету.
Төрт кітап-Зәбүр, Тәурат, Інжіл,Құран.
Сандар сыр 5 саны
Бес парыз- Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық.
Бес қару-садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.
Бес намаз-Таң, бесін, екінді,ақшам, құпан.
Бес жаратылыс-Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн.
Бес өсиет-Топасқа сенбе. Жауға иілие. Әрқашан сақ жүр. Аш үйге қонба. Жарлыдан сый алма.
Сандар сыр 7 саны
Жеті күн-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Жеті ата-Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.
Жеті қазына-Ер жігіт,сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы
Жеті жұт-Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық.
Жеті жоқ-Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт
Жалпы сұрақ
Байланыс аппараты-Телефон
Тілдер мерекесі-22 қыркүйек
Төрт мүшеліге толған адам нешеде болады-49
Мұсылмандардың діни ғимараты-мешіт.
Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын-Абай Құнанбаев.

Соңғы кезеңді бағалау сарапшыларға беріледі.
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.